+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Облыстық Абай, Махамбет оқуларын өткізу туралы
29 Апр, 04:45

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің жұмыс жоспарына сәйкес жалпы білім беретін оқу орындарының 5-10 сынып оқушыларының арасында 2013 жылғы 16 мамырда облыстық Абай оқулары, 23 мамырда облыстық Махамбет оқулары өткізілетінін хабарлаймыз.

Жас ұрпақты ұлы тұлғалардың асыл құндылықтары рухында тәрбиелеуге бағытталған игі шараларға барлық мемлекеттік және мемлекеттік емес жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің, гимназиялардың, дарынды балаларға арналған облыстық білім білім мекемелерінің осы шараларға оқу тіліне қарамастан бірде-бір мектептің тыс қалмауын қамтамасыз етулеріңізді сұраймыз.

Орыс тілінде білім алатын мектептерден қатысатын оқушы қазақтан басқа өзге ұлт өкілі болуы керек.

Облыстық Абай оқулары үш бөлім бойынша өткізіледі:

- «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» - Абай мен Шәкәрім шығармаларын жатқа оқу конкурсы. Қатысушы өзі жатқа білетін шығармалардың тізімін конкурс басталғанға дейін өткізу қажет (ұлылардың шығармаларын көбірек жатқа білетін оқушыға жоғары баға қойылады);

- «Көңілім әнді ұғады» - Абай мен Шәкәрімнің әндері мен күйлерін орындау конкурсы;

- «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» - жас дарындар конкурсы (өз шығармаларын орындау: өлеңдер, әндер, музыкалық шығармалар).

Махамбет оқулары үш бөлім бойынша өткізіледі:

- «Ел құтқарар ер едім» - Махамбет, Мұрат Мөңкеұлы, Шернияз Жарылғасұлы, Фариза Оңғарсынова шығармаларын жатқа оқу конкурсы (ақын шығармаларын көбірек жатқа білетін, мәнерлеп оқитын оқушыға жоғары баға қойылады);

- «Ұлы арман» - Махамбеттің күйлерін, Фариза Оңғарсынованың өлеңдеріне шығарылған әндерді орындаушылар конкурсы;

- «Тартынбай сөйлер асылмын...» - жас дарындар конкурсы (өз туындыларын орындау: өлеңдер, әндер, музыкалық шығармалар).

Алдыңғы жылдардағы республикалық конкурстардың жүлдегерлері (1,2,3 орын алғандар) 2014 жылғы өтетін облыстық оқуларға қатыса алмайды.

Абай және Махамбет оқуларының өткен жылғы Ережелерін негізге ала отырып аудандық (қалалық) кезеңдерін өткізіп, 2014 жылдың 6 мамырына дейін облыстық кезеңге қатысу үшін өтінімді ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығына жіберу қажет.

Өтінім үлгісі:

Оқушының 

 аты-жөні

Аудан/қала

Мектебі

Сыныбы

 Номинация атауы

Жетекшінің

аты-жөні,                  ұялы телефоны

Барлық сұрақтар бойынша 8/7232/700 244, 8/7232/552 012 телефондары арқылы хабарласуға болады.