+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
пошта
Іс-шаралар хабарламасы
Жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық цикл бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасының  облыстық кезеңін өткізу туралы
Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы, жаратылыстану-математика және қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пәндер бойынша 7-8 сынып оқушылары арасында жасөспірімдер олимпиадасы (бұдан әрі - Олимпиада) өткізілетіндігін хабарлайды.
Шығыс Қазақстан облысы мектеп оқушылары арасында  ХІ қысқы Гимназиадасын өткізу туралы
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылдың 21–29 қаңтар аралығында Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысы мектеп оқушылары арасында ХІ қысқы Гимназиадасы өтеді.
Шаңғы жарысы бойынша Қазақстандық арнайы олимпиаданың облыстық турнирін өткізу туралы
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылдың 24 қаңтар күні Өскемен қаласында шаңғы жарысы бойынша Қазақстандық арнайы олимпиаданың облыстық турнирі өткізіледі (бұдан әрі - Турнир).
«Шығыс дарыны» ақпараттық-әдістемелік журналына жазылу туралы
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының 2023 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, педагогикалық озық тәжірибені тарату, облыстың дарынды оқушыларын зияткерлік олимпиадалар мен жарыстарға даярлау мақсатында шығатын «Шығыс дарыны» ақпараттық-әдістемелік журналына жазылу жүріп жатқанын хабарлаймыз.
Республикалық ұлттық дебаттық турнирінің облыстық кезеңін өткізу туралы
Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы Республикалық ұлттық дебаттық турнирінің облыстық кезеңі (бұдан әрі – Турнир) 2023 жылдың 04 ақпанына ауыстырылғандығын хабарлайды.
Тәуелсіз Қазақстанның бірінші Конституциясының қабылдануының 30 жылдығына арналған «Өлкетану сағаты: кіші Отанымыздың үлкен ашылуы» атты қашықтықтан өткізілетін облыстық интернет-байқауын өткізу туралы
ШҚО білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы» жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылғы 24-25 қаңтарда тәуелсіз Қазақстанның бірінші Конституциясының қабылдануының 30 жылдығына арналған «Өлкетану сағаты: кіші Отанымыздың үлкен ашылуы» атты қашықтықтан өткізілетін облыстық интернет-байқауын (бұдан әрі – Байқау) өткізу жоспарлануда.
Облыстық «Смарт Сарбаз – 2023» компьютерлік таланттардың чемпионатын қашықтықтан өткізу туралы
ШҚО білім басқармасының Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес облыстық «Смарт Сарбаз – 2023» компьютерлік таланттардың чемпионатын қашықтықтан (бұдан әрі – Чемпионат) өткізіледі.
«Жыр алыбы - Жамбыл»  облыстық жас ақындар айтысын өткізу туралы
Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы ШҚО жалпы білім беретін ұйымдардың 8 - 11 сынып оқушылары арасында 2023 жылдың 31 қаңтарында «Жыр алыбы - Жамбыл» облыстық жас ақындар айтысын (бұдан әрі - Айтыс) өткізеді.
«Рухани жаңғыру» ұлттық идеясын жүзеге асыру аясында  Ұлттық Мектеп лигасы жарыстарының облыстық кезеңіне АНОНС
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес «Рухани жаңғыру» ұлттық идеясын жүзеге асыру аясында 2022 жылдың 2-6 желтоқсан аралығында Өскемен қаласында 9-11 сынып оқушылары арасында Ұлттық Мектеп лигасы жарыстарының облыстық кезеңі өтеді.
АНОНС «Сиқырлы би әлемі» облыстық хореографиялық өнер бойынша фестиваль-байқауы
ШҚО білім басқармасы «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2022 жылдың 25 қарашасында «Сиқырлы би әлемі» облыстық хореографиялық өнер бойынша фестиваль-байқауын өткізеді.
«Рухани жаңғыру» ұлттық идеясын жүзеге асыру аясында  Ұлттық Мектеп лигасы жарыстарының облыстық кезеңінің  салтанатты ашылу салтанатының  БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес «Рухани жаңғыру» ұлттық идеясын жүзеге асыру аясында 2022 жылдың қарашасы мен 2023 жылдың желтоқсаны аралығында Өскемен қаласында Ұлттық Мектеп лигасы жарыстарының облыстық кезеңі өтеді.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық зерттеу жобалар конкурсының облыстық кезеңінің БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылдың 26 қарашасында дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық зерттеу жобалар конкурсын өткізеді (бұдан әрі - Конкурс).

бiрiншiсi 1 … 8 9 10 11 12 … 45 соңғысы