Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы ШҚО жалпы білім беретін ұйымдардың 8 - 11 сынып оқушылары арасында 2023 жылдың 31 қаңтарында «Жыр алыбы - Жамбыл» облыстық жас ақындар айтысын (бұдан әрі - Айтыс) өткізеді.
Айтыстың мақсаты - мектеп оқушылары арасында Ж. Жабаевтың шығармаларын насихаттау, суырыпсалмалық қабілеттерін, тума талант, табиғи дарындарын анықтау, олардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, ауыз әдебиетінің рөлін, өлең сөзінің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету.
Айтысқа қатысуға өтінімді Ереже талаптарына сәйкес 2023 жылғы 23 қаңтарға дейін ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығының texno_otdel@mail.ru электронды мекенжайына жіберу қажет.