Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы, жаратылыстану-математика және қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пәндер бойынша 7-8 сынып оқушылары арасында жасөспірімдер олимпиадасы (бұдан әрі - Олимпиада) өткізілетіндігін хабарлайды.
Олимпиаданың мақсаты - оқушылардың жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пәндерді тереңдетіп оқытуға қызығушылығын арттыру, жоғары деңгейдегі олимпиадаларға жасөспірімдерді даярлау жүйесін жетілдіру және резерв құру.
Олимпиада жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер («Математика», «Физика», «Химия», «Биология», «География», «Информатика» пәндері) және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы («Қазақстан тарихы», «Орыс мектептеріндегі қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Қазақ тілінде оқытатын мектептеріндегі орыс тілі», «Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі», «Ағылшын тілі») пәндерінен І және ІІ кезең бойынша өткізіледі.
Олимпиада 3 кезеңде өткізіледі:
I кезең - аудандық (қалалық) - 20 қаңтар 2023 жыл;
II кезең - облыстық - ақпан, наурыз;
III кезең - республикалық (қорытынды) - мамыр.
Облыстық кезеңге қатысу үшін квота оқыту тіліне қарамастан әрбір пән бойынша 1 қатысушыны құрайды.
Осыған орай, Олимпиаданың аудандық (қалалық) кезеңін бүкіл облыс көлемінде 2023 жылдың 20 қаңтарында бір уақытта өткізу жоспарланып отыр.
Сонымен қатар Олимпиаданың өтуі үшін жауапты үйлестірушіні тағайындап, 2023 жылдың 16 қаңтары сағ. 15.00-ге дейін олимпиада тапсырмаларын жіберу үшін үйлестірушінің электронды поштасын ШҚДпҚББДҒӘ «Дарын» орталығының priemnaya@shygysdaryn.kz эл. поштасына жіберуді сұраймыз.
|
аудан/қала |
аты-жөні |
жұмыс орны |
қызметі |
телефон нөмірі |
электронды адресі |
|
|
|
|
|
|
|
Олимпиада тапсырмалары Олимпиада басталғанға дейін бір сағат бұрын көрсетілген электронды мекенжайға жіберіледі.
Ағымдағы жылдың 2 ақпанына дейін «Дарын» ШҚ ДпҚББДҒӘО олимпиаданың мектепішілік, аудандық/қалалық кезеңдерінің өту қорытындысы бойынша есепті аудандық/қалалық білім беру бөлімдерінің басшыларының, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп директорларының қолымен бекітіп өткізу қажет.
Олимпиада бойынша есепті бірыңғай формада (1,2,3 қосымшалар) қағаз және электронды нұсқада (Exсel бағдарламасында): Өскемен қаласы, Абай даңғ., 21 электронды пошта: priemnaya@shygysdaryn.kz мекенжайына жіберу қажет.
Қосымша ақпарат: 8/7232/700244.