Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылдың 21–29 қаңтар аралығында Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысы мектеп оқушылары арасында ХІ қысқы Гимназиадасы өтеді.
Жалпы мақсаты - дене шынықтыру мен спортты дамыту, мектеп оқушылары арасында патриоттық тәрбиені күшейту, ауқымды халықаралық және республикалық жарыстарға, турнирлар мен чемпионаттарға қатысу үшін команда құрамына талантты спортшыларды іріктеу және дайындау бойынша мақсатты жұмыс жүргізу.
Жарыс 2005 жылы туған және одан кіші ұлдар және қыздар арасында келесі спорт түрлері бойынша өткізіледі:
|
№ |
Спорт түрі |
Командалардың сандық құрамы |
Өтетін орны мен уақыты |
|
1 |
Қысқы Президенттік көпсайыс (ұлдар) |
6+1 |
21-23.01.2023 ж. Өскемен қ. |
|
2 |
Қысқы Президенттік көпсайыс (қыздар) |
6+1 |
21-23.01.2023 ж. Өскемен қ. |
|
3 |
Шаңғы жарысы (ұлдар) |
10+1 |
24-27.01.2023 ж. Өскемен қ. |
|
4 |
Шаңғы жарысы (қыздар) |
10+1 |
24-27.01.2023 ж. Өскемен қ. |
|
5 |
Қысқы спорттық бағдарлау (ұлдар) |
8+1 |
27-29.01.2023 ж. Өскемен қ. |
|
6 |
Қысқы спорттық бағдарлау (қыздар) |
8+1 |
27-29.01.2023 ж. Өскемен қ. |
Жарысқа облыстың қалалары мен аудандарының құрама командалары қатыса алады.
Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептер ШҚО қалалары мен аудандарының ББ мектеп командаларынан бөлек қатысады.
Аудандар мен қалалар оқу-жаттығу жиындарын өткізу, спортшыларды облыстық жарыстар өтетін жерге және кері қарай іссапарға жіберу бойынша шығыстарды көтеретін жағдайда спорт интернаттары оқушылары оларды оқуға жіберген аудандар мен қалалар атынан қатысады.
Жарыс екі кезеңде өткізіледі:
1- ші кезең – мектепішілік іріктеу, аудандық және қалалық (қаңтар);
2- ші кезең – облыстық (Өскемен қ., 21 мен 29 қаңтар).
Әр кезеңге және әр спорт түріне өтінім жеке беріледі.
Облыстық кезеңге қатысуға өтінімнің сканерленген нұсқасы 2023 жылғы 16 қаңтарға дейін Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 21, 1-қабат, 106 каб, e-mail: sporturizm@shygysdaryn.kz мекен-жайы бойынша ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығына жіберіледі.
Мандаттық комиссияға келесі құжаттар тапсырылады:
- стандартты үлгідегі өтінім (№2 қосымша);
- қатысушының жеке куәлігі және оның көшірмесі (туу туралы куәлік) (түпнұсқа) немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі;
- спортшының жеке карточкасы (№3 қосымша);
- білім беру ұйымының оқушыларының өмірі мен қауіпсіздігі үшін жауапкершілік туралы хаты (бұйрығы);
- сақтандыру полисі.
Өкіл-жаттықтырушы жарыстарды өткізу кезінде, өткізу орнына дейін және қайтар жолда оқушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне жауапты болады.
Жаттықтырушы-өкілдер мен команда қатысушылары жарыс өтетін жерге дейін және қайтар жолда күндізгі уақытта ғана, жергілікті полиция қызметімен ілесіп шығуы керек.