Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 2016 жылдың 25-28 наурызы аралығында «Балалар бастауы-2016» балалар әлеуметтік жобалаы байқауының облыстық кезеңін өткізді.
Байқауға қатысуға білім беру ұйымдарының оқушылары, соның ішінде 11-18 жас аралығындағы мүмкіндігі шектеулі балалар шақырылды.
Байқаудың мақсаты - балалардың белсенді азаматтық ұстанымын тәрбиелеу, өзінің тұрып жатқан қаласының, ауылының өміріне қатысуға құқығын қамтамасыз ету, дұрыс өмірлік бағдарын таңдау дағдыларына баулу, балалар бастамасын жүзеге асыратын алаң құру.
Байқау Шүлбі кентіндегі дарындылықты дамыту және оқытудың қосымша формалары зертханасында өтті.
Байқау қорытындысы бойынша 13 оқушы жеңімпаз атанды.
Жүлдегерлерді жетістіктерімен құттықтаймыз!