2026 жылдың 6 ақпанында №40 жалпы білім беретін мектебінің базасында Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың облыстық кезеңін өткізді.
Олимпиаданың мақсаты - оқушылардың зияткерлік қызмет пен ғылыми білімге деген қызығушылығын дамыту, білім алушылардың қабілеттерін, бейімділігін іске асыру үшін жағдай жасау.
Олимпиадаға аудандық (қалалық) кезеңнің жеңімпаздары - Шығыс Қазақстан облысының білім беру ұйымдарының 7-8 сыныптарының 370-ке жуық оқушысы қатысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша 178 қатысушы жүлделі орындарды иеленіп, І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен, қатысушылар сертификаттармен марапатталады.
Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!
Табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!