I. Жалпы ережелер
1.1. Осы Ереже облыстық «Мәңгілік ел – болашаққа ұмтылған ел» конкурсының мақсаттары мен міндеттерін, ұйымдастырушылық қолдау және қаржыландыру, қатысуды және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау тәртібін белгілейді (бұдан әрі – Конкурс).
1.2. Конкурс ұйымдастырушылары Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы (бұдан әрі – «Дарын» ДпҚББД ШҚҒӘО) болып табылады.
1.3. Конкурстың мақсаты:
- Қазақ халқының рухани мұрасын, салт-дәстүрлерін танымал ету, оқушылардың мәдениетін, эстетикалық талғамын, шығармашылық қабілеттерін дамытуды қолдау және жалпыадамзаттық және адал, саналы, жасампаз азаматтар тәрбиелеу.
1.4. Конкурстың негізгі міндеттері:
- қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері, әдет –ғұрыптары мен өнерін қастерлеуге, татулық, келісім, ынтымақ және еңбекқор ел бірлігін сақтауға, отаншылдық пен мемлекетшілдікке тәрбиелеу;
- оқушыларды адамгершілік-рухани сезімге, Отанға деген сүйіспеншілік пен құрметке баулу, қазақстандық патриотизмді дәріптеу;
- оқушылардың шығармашылық әлеуетін және қоғамдық белсенділігін дамыту;
- оқушыларды сахналық өнерге баулу;
- оқушылардың өз бетінше әдеби шығармашылық процесіне тарту арқылы олардың әдеби және шығармашылық қабілеттерін дамыту;
- шығармашылық дарынды балаларды анықтау және қолдау.
II. Конкурсты ұйымдастыру комитеті
2.1. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу үшін ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) құрылады.
Ұйымдастыру комитеті:
- Конкурстың дайындығына және өткізілуіне тікелей басшылықты жүзеге асырады;
- Конкурсқа қатысу үшін қажетті материалдар мен өтінімдерді қабылдайды;
- Конкурстың қазылар алқасының құрамын жасайды және бекітеді;
- іс-шаралар түрлерін, оларды өткізу нысанын айқындайды;
- Конкурстың қорытындысын талдайды және жалпылайды.
Конкурстың дайындығын, өткізілуін және қорытындысын БАҚ-та жариялауды қамтамасыз етеді.
III. Конкурсқа қатысушылар
3.1. Конкурсқа ШҚО жалпы білім беру мекемелерінің 8-10 сынып оқушылары қатысады.
3.2. Конкурстың жұмыс тілдері қазақ және орыс тілдері болып табылады.
IV. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу тәртібі
4.1. Конкурс екі кезеңде өтеді:
Бірінші кезең – аудандық/қалалық іріктеу (2023 жыл қараша);
Екінші кезең – облыстық (2023 жыл желтоқсан).
4.3. Конкурсқа қатысу (1-қосымша) туралы білім беру ұйымдарының басшылары, мамандандырылған мектеп директорларының қолымен бекітілген сұраныс 2023 жылғы 15 қарашаға дейін келесі мекен-жайға жіберіледі: Өскемен қ. Абай даңғылы 21, «Дарын» ШҚ ДпҚББДҒӘО, тел. 8 (7232) 70-02-44, е-mail: priеmnaya@shygysdaryn.kz.
4.4. Сұранысқа аудан/қала, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерден қатысатын оқушылардың тізімі: тегі, аты, сыныбы, білім беру ұйымы, топ жетекшісінің тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, ұялы телефонының нөмірі қоса тіркеледі.
4.5. Әр аудан/қала, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерден қатысатын командалардың сандық құрамы 11 адам: 10 қатысушы және 1 жетекші.
4.6. Қонкурсқа қатысу арқылы қатысушы фото/бейне түсірілім мен жеке деректерді өңдеуге рұқсат береді.
4.7. Команданың жеке құрамы бүкіл Конкурс бойы өзгермейді.
V. Конкурсты өткізу шарттары
5.1. Конкурс екі тур бойынша өтеді.
1 тур:
1. Капитандар конкурсы – «Қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптар мен өнері» атты жалпы тақырып аясында эссе жазу;
2. Команданың қалған мүшелері үшін - тестілеу. Команданың әр қатысушысы 30 сұрақ шешеді (жазбаша). Тапсырмалар Қазақстан тарихы пәні бойынша сұрақтарды қамтиды.
2 тур: «Қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптар мен өнері» атты театрландырылған сахналық қойылым – командалық қатысу. Орындау ұзақтығы әр команда үшін - 10 минутқа дейін. Әр командаға театрландырылған-сахналық қойылым тақырыбы ұсынылады.
5.2. Театрландырылған-сахналық бейне қойылымды қазылар алқасы келесі критерийлерді ескере отырып, 50 ұпайлық жүйе бойынша бағалайды:
орындаудың уақыт шеңберін сақтау;
тақырыпқа сай және мазмұнының терең ашылуы;
креативтілігі (сюжеттің түпнұсқалылығы, ойлаудың оралымдылығы);
бейнелілігі, әртістілігі. Көрерменге эмоциялық және тәрбиелік әсер ету дәрежесі;
тіл сауаттылығы, тілдің нақтылығы және мазмұндау стилі;
сахналық костюмдер, деректемелер және декорациялар.
VI. Қорытынды шығару және жеңімпаздарды марапаттау
6.1. Жеңімпаздарды қазылар алқасы анықтайды. Қазылар алқасының құрамына: ШҚО атқарушы билік органдарының өкілдері, қоғам қайраткерлері, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері кіреді.
6.2. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер екі турдың қорытындысы бойынша анықталады.
6.3. Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлері I, II, III, дәрежелі дипломдармен және сыйлықтармен марапатталады.
6.4. Барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.
VII. Қаржыландыру
7.1. Іс-шараны қаржыландыруды бекітілген сметаға сәйкес «Дарын» ШҚ ДпҚББДҒӘ орталығы жүзеге асырады.
7.2. Конкурсқа қатысушылардың іссапар шығындары (екі жаққа жол шығыны, тамақтану, тұру) және жетекшілердің іссапар шығыны жіберуші тарап есебінен өтеледі.