1. Жалпы ереже
Осы Ережеде әскерге шақырылғанға дейінгі жастар арасында суда – құтқару көпсайысы бойынша V облыстық турнирді (бұдан әрі-Турнир) өткізу тәртібі мен шарттары қамтылған.
Турнир 2023 жылғы 16 наурызда Өскемен қаласы, Шәкәрім даңғылы, 1/2, дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің базасында өткізіледі.
Турнирдің дайындау және өткізу бойынша жалпы басшылығын Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті, ҚР ІІМ ТЖК Шығыс өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағы, Шығыс Қазақстан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті,Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, ШҚО білім басқармасының Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығымен жүзеге асырылады.Турнир Өскемен қаласы әкімдігінің «№ 29 қосымша білім беру мектеп–орталығы» КММ қолдауымен өткізіледі.
Жарыс турнир бағдарламасына (№1 қосымша) және турнирді өткізу шарттарына (№2 қосымша) сәйкес өткізіледі.
2. Облыстық турнирдің мақсаттары мен міндеттері
Облыстық турнирдің негізгі мақсаттары жас ұрпақтың арасында өмір қауіпсіздігінің мәдениетін қалыптастыру болып табылады.
Жарыс келесі тапсырмаларды шешуге бағытталған:
- қиын қыстау жағдайларда әскерге шақырылатын, әскерге шақырылған және жастар әскерінің дайындығын қалыптастыру;
- өмір қауіпсіздігінің мәдениетін қалыптастыру мәселелеріне мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарды назарын аудартуға;
- жас ұрпақтың өмір қауіпсіздігі саласындағы тәжірибелік даярлау деңгейін жетілдіруге;
- салауатты өмір салтын насихаттауға;
- жас ұрпақтың қоғамдық және жеке бас қауіпсіздігі мәселелеріне саналы көқарасын және жауапкершілікты қалыптастыруға;
- экстремалды жағдайларда тәжірибелік дағдыларын алуға;
- жас ұрпақтың дене бітімін жетілдіруге.
3. Турнирді ұйымдастыру комитеті және сот алқасы
Турнирді дайындау және өткізу турнирді ұйымдастыру комитетіне жүктеледі.
Жарыстарды тікелей өткізу, жарыстардың түрлері, жарыстарды бағалау сот алқасына жүктеледі.
Сот алқасының құрамына турнир бас төрешісі, қауіпсіздік бойынша турнир бас төрешісінің орынбасары, турнир хатшысы, кезең төрешілері, дәрігер кіреді.
4. Турнирге қатысушылар
Ұйымдастыру комитеті турнир қатысушыларына облыстық турнир туралы ережені, турнир бағдарламасын (№1 қосымша), және турнирдің өткізілу шарттарын (№2 қосымша) жібереді.
Турнирге қатысу үшін ұйымдастыру комитетіне турнирге қатысу туралы өтінім ұсынылады (№4 қосымша).
Өтінімде жіберуші ұйымның атауы және оның заңды мекен-жайы; байланысушы тұлға мен оның деректері; команда мүшелерінің толық аты-жөні, айы және туған жылы, жынысы, жеке куәлік нөмірі, берілген уақыты. Өтінім жіберуші тараптың қолымен және мөрімен расталады. Өтінім 2023 жылдың 3 наурыздан кешіктірмей or-vpv@mail.ru электрондық мекенжайына жіберіледі. Анықтама телефондары: 8-777-496-59-35, 8-7232-70-26-74.
Турнирге 15-18 жас аралығындағы жасөспірімдер (әскери-патриоттық спорт клубтарының курсанттары, Жас құтқарушылар мектептерінің курсанттары, сондай-ақ жасөспірімдердің басқа да санаттары) қатыса алады.
Команда 1 жаттықтырушы – жетекші және 6 қатысушыдан тұруы қажет.
Команданың әр мүшесінде жеке басын куәландыратын құжаты, жүзу бассейніне баруға рұқсат етілген медициналық анықтамасы, медициналық сақтандыру міндетті түрде болуы қажет. Жасөспірімдердің туу туралы куәлігімен бірге, қосымша оқитын жерінен фотосы бар елтаңбалы мөрмен рассталған анықтама ұсынылады. Көрсетілген құжаттардын кез-келгенін ұсынбаған жағдайда, команда жарысқа қатыстырылмайды.
Қатысушыларда біркелкі киімде болуы қажет (парадтық немесе спорттық киім). Әрбір командада өзінің эмблемасы және ұран болуы тиіс.
Турнирге қатысу үшін команданың барлық мүшелерінде бассейнге арналған киім болуы керек(суға түсуге арналған іш киім, резеңкелі бас киім, аяқ-киім, сабын (шампунь) жөке, орамал, жұзу көзілдірігі).
Жаттықтырушы жетекші өз команда мүшелерінің өміріне, денсаулығына, қауіпсіздігіне және турнир өту барысында команданың техника қауіпсіздік ережесін сақтауына дербес жауапты болады.
5. Турнирді медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету
Турнир өткізу кезінде барлық қатысушыларға білікті медициналық қамтамасыз ету ұсынылады, жарақаттанудың алдын-алу мақсатында, денсаулығына тұрақты бақылау жүзеге асырылады, қажетті жағдайда зардап шеккендерді емдеу мекемелеріне жеткізу ұйымдастырылады.
6. Жарыстарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету
Жарыстарды өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жауапкершілік жарыстарды ұйымдастырушыларға жүктеледі. Барлық кезеңдерде, қажет болған жағдайда, жарысқа қатысушыларды төрешілер мен кәсіби құтқарушылардың күшімен сақтандыру ұйымдастырылады.
Жаттықтырушы мен команда басшысы жол бойында және жарыс өткізу кезеңінде қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуына, өз командасы мүшелерінің өмірі, денсаулығы мен қауіпсіздігі, тәртіп пен тәртіптің сақталуына дербес жауапты болады.
Қатысушыларды даярлаудың қашықтық талаптарына сәйкестігі командалардың басшыларына жүктеледі (жіберуші ұйымның бұйрығына сәйкес).
7. Нәтижелерді анықтау тәртібі
Команданың (қатысушылардың) өткізу кезеңдерінің нәтижесі төмендегідей анықталады:
- жарыстарды өткізу кезеңдерінің уақыты;
- алынған айыппұл балымен;
- айыппұл балының және уақыттың қосындысымен.
Қорытынды нәтиже әр екі кезеңдегі техникалық нәтиже (таза уақыт пен айыппұл балының қосындысы) бойынша анықталады. Ең аз уақытты команда жеңіске жетеді. Бір неме одан да көп орындалмаған жаттығулары бар команда, барлық кезеңнен өткен барлық командалардан кейін орын алады.
8. Марапаттау
Турнирдің барлық командаларына сертификаттар беріледі.
Жалпы командалық есепте жүлделі орындарға ие болған командалар кубокпен, дипломдармен марапатталады. «Жүзу» жеке біріншілігіндегі жүлделі орынға ие болған команда қатысушылары дипломдармен марапатталады. Турнирде ерекше көзге түскен қатысушылар мақтау қағазымен марапатталады.
9. Турнирді қаржыландыру
Іс-шараны қаржыландыруды бекітілген сметаға сәйкес ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы жүзеге асырады.
Командалардың іссапарына байланысты шығындарды (тұру, тамақтану, екі жаққа жол жүру, жолдағы тәуліктік) іссапар ұйымдары төлейді.
Қатысушыларды қажетті арнайы жабдықтармен қамтамасыз етуді Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№29 қосымша білім беретін мектеп-орталығы» КММ жүзеге асырады.