1. Жалпы ережелер
1.1. «Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының облыстық қашықтықтан көрме-байқауын өткізу ережелері (бұдан әрі – Көрме-байқау) оның мақсатын, ұйымдастыру форматын, өткізу және қорытынды шығару тәртібін анықтайды.
1.2. Ұйымдастырушылар Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы (бұдан әрі - ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын») болып табылады.
1.3. Мақсаты: білім алушылардың көркем, шығармашылық қабілеттерін дамыту, тәрбие беру және тұлғаны әрі қарай үйлесімді дамыту бойынша жүйелі және мақсатты қызмет жүргізуге жағдай жасау, рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарға араластыру.
2. Көрме-байқаудың Ұйымдастыру комитеті
2.1. Көрме-байқау ұйымдастыру және өткізу үшін ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі - Ұйымдастыру комитеті) құрылады.
2.2. Ұйымдастыру комитеті:
- Көрме-байқауды өткізудің жалпы тәртібін анықтайды;
- тікелей басшылықты жүзеге асырады;
- Көрме-байқауға қатысу үшін өтінімдер мен қажетті материалдарды қабылдайды-конкурстың қазылар алқасының құрамын қалыптастырады және бекітеді;
- Көрме-байқау жұмыстарын бағалау критерийлерін анықтайды;
- нәтижелерді талдайды және қорытындылайды.
2.3. Көрме-байқаудың қазылар алқасы қатысушылардың жұмыстарын бағалайды, қорытынды шығарады, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайды.
3. Көрме-байқауды өткізу мерзімі және тәртібі
3.1. Көрме-байқау 2022 жылдың 9 қыркүйек қашықтықтан өткізіледі.
3.2. Қалалардың (аудандардың) білім беру бөлімдерінің басшылары қол қойған көрме-байқауға қатысу үшін өтінемдерді (1-қосымша) 2022 жылдың 6 қыркүйегіне дейін tvorchestvo@shygysdaryn.kz электронды поштасына жіберу керек.
3.3. Өтінімге қоса беріледі:
1) Конкурстық жұмыстар электрондық түрде қабылданады;
2) Қатысушылар туралы ақпарат (номинация, жұмыстың атауы, орындаушының Т.А.Ж., туған жылы, сыныбы, қатысушының әлемеуттік жағдайы, үй мекенжайы, қатысушының телефоны, білім беру ұйымы, жетекшінің аты-жөні, мекенжайы, ұялы телефоны);
3.4. Көрме-байқауға ұсынылған жұмыстар қайтарылмайды. Көрме-байқаудың ұйымдастырушылары көрме-байқау материалдарын БАҚ-та авторын көрсете отырып жариялауға құқылы.
4. Көрме-байқауға қатысушылар
4.1.Облыстық Көрме-байқауға жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының 11-17 жас аралығындағы аудандық/қалалық кезеңінің жеңімпаздары қатысады.
5. Көрме-байқауды өткізу тәртібі және шарты
5.1. Көрме-байқауға авторлық (жеке) туындылардың әр түрлі жанрдағы, техникадағы және материалдағы фотосуреттері қабылданады: әр қатысушыдан 5 жұмыстан қабылданады (бір бала бір номинацияға қатысады):
1) тоқыма бұйымдарын дайындау: гобелен, кестелеу, батик, киіз басу, құрақ пластикасы;
2) ағашты, сүйекті, теріні көркемдеп өңдеу: көлемді және тегіс кесу, ағашқа сәндеп жазу, қайың қабығынан жасалған бұйымдар, инкрустация (сүйек, металл,ағаш);
3) шыныны көркемдеп өңдеу: витраж;
4) металлды көркемдеп өңдеу: зергерлік бұйымдар, шағын формалардың мүсіні, бедер салу, соғу;
5) ағаштан, тастан, саздан (қыш саз), сабан, тоқымадан шағын формадағы мүсіндерді жасау;
6) ұлттық ою-өрнегі бар халықтық киімдерінің үлгісін жасау;
7) қағаздан бұйымдар жасау: оригами, аппликация, квиллинг,папье-маше;
8) ұлттық нақыштағы интерьердің ерекше дизайн-жобасы: үйлер, бөлмелер, саяжайлар, ланшафт және т.б.
Барлық номинациялар бойынша жұмыстар түпнұсқаны сканерлеу немесе фотоға түсіру жолымен немесе компьютерлік графикалық редактордың көмегімен орындалған электрондық көшірмелер (графикалық файлдар) түрінде қабылданады. Файл параметрлері: jpg немесе png форматы.
Қосымша материал ретінде жұмыс жасау процесін көрсететін фотосуреттер ұсынылады. Міндетті түрде: жұмыстың атауы, орындау техникасы, қажет болған жағдайда – мазмұнын түсіндіру.
5.2. Бағалау өлшемдері:
- жұмыстың Көрме-байқау номинациясына сәйкестігі;
- ұлттық дәстүрлерді сақтау және қолдану;
- жұмыстың орындалу сапасы және көркемдік деңгейі;
- түпнұсқалығы;
- бұйымның стильдік, көркемдік және образдың шешімінің тұтастығы;
- фотоның сапасы және анықтығы.
5.3. Жұмыстардың ілеспе заттаңбасы (этикеткасы) болуы тиіс: жұмыстың аталуы, автордың тегі, аты, жасы, орындау техникасы, білім беру ұйымының аталуы. Ілеспе заттаңбасының анық фотосын қоса тіркеу қажет.
6. Көрме-байқаудың қорытындысы және жеңімпаздарды марапаттау
6.1. Кәсіби қазылар алқасы Көрме-байқау жұмыстарын байқаудың бағалау өлшемдеріне сәйкес бағалайды. Қазылар алқасының шешімі түпкілікті және хаттамамен ресімделеді.
6.2. Көрме-байқаудың қорытындысы бойынша қазылар алқасының мүшелері жеңімпаздарды анықтайды. Жеңімпаздар I, II, III дәрежедегі дипломдармен марапатталады. Барлық қатысушыларға Көрме-байқауға қатысқаны туралы сертификаттар беріледі.
6.3.Сертификаттардың электронды нұсқалары автоматты түрде жүктеп алу мүмкіндігімен shygysdaryn.kz сайтында орналастырылады.
Жеңімпаздарға дипломдарды Өскемен қаласы, Абай көшесі 21, 1-қабат, №101 кабинет мекенжайы бойынша алу қажет.
Анықтама телефоны: 8 (7232) 75-26-91, 8 708 177 42 92.
1-қосымша
«Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойыншабалалар шығармашылығының облыстық көрме-байқауына қатысуға өтінім
|
Номинация |
Жұмыстың аталуы |
Орындаушының Т.А.Ж. |
Туған жылы, сыныбы |
Телефон номері, мекенжайының адресі, эл. поштасы |
Білім беру ұйымы, жоба жетекшісі |
Жетекшінің тұрғылықты мекенжайы, байланыс телефоны, эл. поштасы |
|
Тоқыма бұйымдарын дайындау: гобелен, кестелеу, батик, киіз басу, құрақ пластикасы |
|
|
|
|
|
|
|
Ағашты, сүйекті, теріні көркемдеп өңдеу: көлемді және тегіс кесу, ағашқа сәндеп жазу, қайың қабығынан жасалған бұйымдар, инкрустация (сүйек, металл,ағаш) |
|
|
|
|
|
|
|
Шыныны көркемдеп өңдеу: витраж |
|
|
|
|
|
|
|
Металлды көркемдеп өңдеу: зергерлік бұйымдар, шағын формалардың мүсіні, бедер салу, соғу; ағаштан, тастан, саздан (қыш саз), сабан, тоқымадан шағын формадағы мүсіндерді жасау |
|
|
|
|
|
|
|
Ұлттық ою-өрнегі бар халықтық киімдерінің үлгісін жасау |
|
|
|
|
|
|
|
Қағаздан бұйымдар жасау: оригами, аппликация, квиллинг,папье-маше |
|
|
|
|
|
|
|
Ұлттық нақыштағы интерьердің ерекше дизайн-жобасы: үйлер, бөлмелер, саяжайлар, ланшафт және т.б.
|
|
|
|
|
|
|