1. Жалпы ережелер
1.1. Осы ереже «Театрдың ғажайып әлемі» театр өнерінің республикалық фестиваль-байқауының облыстық кезеңін (бұдан әрі фестиваль-байқау) қашықтықтан өткізу ережелерін, оның мақсатын, ұйымдастыру форматын, өткізу және қорытынды шығару тәртібін анықтайды.
1.2. Ұйымдастырушылар Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы (бұдан әрі - ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын») болып табылады.
1.3. Фестиваль-байқаудың мақсаты: өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік, эстетикалық тәрбиелеу, тұлғаның үйлесімді дамуы, өз ойын білдіру, әлемді эстетикалық және бейнелі тану факторы ретінде балалар мен жастардың театр шығармашылығын қолдау және дамыту, тұлғаны үйлесімді дамыту, өзін-өзі танытуға, әлемді эстетикалық және бейнелі тануына ерекше қабілеттерін қалыптастыру және дамыту.
2. Фестиваль-байқаудың Ұйымдастыру комитеті
2.1. Фестиваль-байқауды ұйымдастыру және өткізу үшін ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі - Ұйымдастыру комитеті) құрылады.
2.2. Ұйымдастыру комитеті:
- Фестиваль-байқауды өткізудің жалпы тәртібін анықтайды;
- тікелей басшылықты жүзеге асырады;
- Фестиваль-байқауға қатысу үшін өтінімдер мен қажетті материалдарды қабылдайды;
- конкурстың қазылар алқасының құрамын қалыптастырады және бекітеді;
- Фестиваль -байқау жұмыстарын бағалау критерийлерін анықтайды;
- нәтижелерді талдайды және қорытындылайды.
2.3. Фестиваль-байқаудың қазылар алқасы қатысушылардың жұмыстарын бағалайды, қорытынды шығарады, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайды.
3. Фестиваль-байқауды өткізу мерзімі және тәртібі
3.1. Фестиваль-байқау 2022 жылдың 13 қыркүйегінде қашықтықтан өткізіледі.
3.2. Фестиваль-байқауға қатысу үшін http://www.youtube.com каналына МР 4 форматты бейнематериалдарды орналастыру және сілтеме арқылы сұраныс тапсыру қажет.
3.3. Қалалардың (аудандардың) білім беру бөлімдерінің басшылары қол қойған фестиваль-байқауға қатысу үшін өтінімдерді (1-қосымша) 2022 жылдың 06 қыркүйегіне дейін tvorchestvo@shygysdaryn.kz электронды поштасына жіберу керек.
3.4. Өтінімде келесі ақпараттар көрсетіледі: (ұжым атауы, спектакль атауы, жанр бағыты, шығарма авторы, спектакльдің ұзақтығы, қатысушының Т.А.Ә., туған күні, оқу орны, сыныбы, қатысушының үй мекенжайы, қатысушының телефоны, жетекшінің аты-жөні, жұмыс орны, лауазымы, ұялы телефоны).
3.5. Фестиваль-байқауға ұсынылған жұмыстар қайтарылмайды. Фестиваль-байқаудың ұйымдастырушылары фестиваль-байқау материалдарын БАҚ-та авторын көрсете отырып жариялауға құқылы.
4. Фестиваль-байқауға қатысушылар
4.1.Облыстық Фестиваль-байқауға жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының 8 -17 жас аралығындағы аудандық/қалалық кезеңінің жеңімпаздары қатысады.
4.2. Театр ұжымы қатысушыларының жалпы саны - 8 адам болу керек.
4.3. Фестиваль-байқаудың карантин кезінде аймақтық кезеңдері облыстың бас санитарлық дәрігерінің санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормаларын, дезинфекция, кварцтау, желдету режимін, адамдардың көп жиналуын болдырмауды сақтай отырып жүргізіледі.
5. Фестиваль-байқауды өткізу тәртібі және шарты
5.1. Фестиваль-байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
1) «Драмалық спектакль»;
2) «Музыкалық спектакль» (опера, оперетта, мюзкл, данс-спектакль және басқалары);
3) «Әдеби-музыкалық композиция»;
4)«Қуыршақ театры».
5.2. Ұжым мағынасы жағынан аяқталған спектакльдің үзіндісін немесе әдеби шығарманың сахнаға ыңғайланған көрінісін қазақ немесе орыс тілдерінде байқау жұмыстарын ұсынады (ұзақтығы 15-20 минуттан аспауы тиіс).
5.3. Бейне сапалы, бірыңғай роликпен тоқтаусыз жазылуы керек. Әр түрлі қойылымдардың «кесінділері» қарастырылмайды. Спектакльді ұсыну кезінде кейіпкерлерді дыбыстау үшін мәтіннің бұрын жазылған, ескі фонограммаларын пайданалуға жол берілмейді.
5.4. Теарлық қойылымдарды бағалау өлшем шарттары:
режиссерлік шешімнің ерекшелігі;
қойылымның ұжымның жас ерекшеліктеріне және шығармашылық мүмкіндіктеріне сәйкестігі;
спектакльді, қойылымды көркемдеп сәндеуі;
спектакльді, қойылымды музыкалық әрлендіруі;
орындаушылардың актерлік шеберліктері;
орындау шеберліктері (дикциясы, екпіндеу тазалығы, әртістігі);
жасалған сахналық бейненің шынайылығы.
5.5. Кәсіби қазылар алқасы фестиваль-байқау жұмыстарын байқаудың бағалау өлшемдеріне сәйкес бағалайды. Қазылар алқасының шешімі түпкілікті және хаттамамен ресімделеді.
6. Фестиваль-байқаудың қорытындысы және жеңімпаздарды марапаттау
6.1. Фестиваль-байқаудың қорытындысы бойынша қазылар алқасының мүшелері жеңімпаздарды анықтайды. Жеңімпаздар I, II, III дәрежедегі дипломдармен марапатталады. Барлық қатысушыларға фестиваль-байқауға қатысқаны туралы сертификаттар беріледі.
6.2 Сертификаттардың электронды нұсқалары автоматты түрде жүктеп алу мүмкіндігімен shygysdaryn.kz сайтында орналастырылады.
Жеңімпаздарға дипломдарды Өскемен қаласы, Абай көшесі 21, 1-қабат, №101 кабинет мекенжайы бойынша алу қажет.
Анықтама телефоны: 8 (7232) 75-26-91, 8 708 177 42 92.
1-қосымша
«Театрдың ғажайып әлемі» театр өнерінің
облыстық фестиваль-байқауына қатысу туралы өтінім
|
1 |
Білім беру ұйымы |
|
|
2 |
Театр ұжымның аталуы |
|
|
3 |
Театр ұымы жетекшінің ТАӘ |
|
|
4 |
Жетекшінің байланыс телефоны |
|
|
5 |
Қатысушылар саны |
8 қатысушы |
|
6 |
Спектакльдің, көрсетілімнің аталуы |
|
|
7 |
Жанрлық бағыт: драма, музыка, қуыршақ, балет, пантомима; көркем сөз (керегін сызу) |
|
|
8 |
Шығарма авторы |
|
|
9 |
Спектакльдің ұзақтығы |
|
Байқауға қатысушылар туралы мәлімет
|
№ |
Қатысушының ТАЖ |
Туған күні |
Оқу орны, сыныбы |
Тұрғылықты мекенжайы |
Байланыс телефондары |
Театр ұжымы ж жетекшісінің ТАЖ |
Жұмыс орны, лауазымы, ұялы тел. |
|
1 |
|
|
|
|
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
|
|
|
|
3 |
|
|
|
|
|
|
|
|
4 |
|
|
|
|
|
|
|
|
5 |
|
|
|
|
|
|
|
|
6 |
|
|
|
|
|
|
|
|
7 |
|
|
|
|
|
|
|
|
8 |
|
|
|
|
|
|
|