1. Жалпы ережелер
1.1. «Рухани жаңғыру» ұлттық идеясын іске асыру шеңберінде Шығыс Қазақстан облысының Ұлттық Мектеп Спорт лигасын (бұдан әрі – Мектеп лигасы) өткізу туралы ереже 2020-2021 оқу жылында мектеп лигасы жарыстарының түрлері бойынша Республикалық регламентке сәйкес әзірленді.
1.2. Осы Ереже Мектеп лигасының мәртебесін, мақсаттары мен міндеттерін, оны өткізу және қаржыландыру тәртібін анықтайды.
1.3. Мектеп лигасының мақсаттары мен міндеттері:
- Қазақстан Республикасының 2020-2025 жылдарға арналған Білім және ғылым мемлекеттік бағдарламасын іске асыру;
- Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңын жүзеге асыру;
- ҚР балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту және насихаттау;
- оқушыларды дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту;
- салауатты өмір салтын насихаттау;
- спорт арқылы балаларды жаман әдеттерден аулақ ұстау;
- рухани энергияны, адамгершілікті, патриотизмді тәрбиелеу;
- мамандандырылған спорт мектептерін толықтыру үшін талантты және жас спортшыларды анықтау;
- мектеп оқушылары арасында әртүрлі спорт түрлерін танымал ету.
Жарысқа қатысушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу үшін COVID–19 пандемия кезінде барлық қатысушыларға бас аймақтық дәрігерлердің санитарлық-эпидемиологиялық талаптарын сақтау қажет. Жарыстарды өткізу барысында БМСДҚ № 68 қаулысының барлық талаптары сақталуы тиіс.
2. Мектеп лигасын өткізу басшылығы
2.1. Турнирді ұйымдастыру және тікелей өткізу туралы жалпы басшылықты Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы жүзеге асырады.Жарысты тікелей өткізу ШҚО білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы КМҚК бекіткен төрешілер алқасына жүктеледі.
2.2. Мектеп лигасының мектепішілік және аудандық/қалалық іріктеу кезеңдерін өткізуге жауапкершілік аудандық және қалалық әкімдіктерге (білім беру бөлімдеріне, спорт бөлімдеріне, мектеп директорларына) жүктеледі.
2.3. Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы жарыстарды өткізу үшін базаларды (спорт залдарын, стадиондарды, спорт алаңдарын және т.б.) беруді жүзеге асырады.
2.4. Әрбір кезеңді өткізу үшін Ұйымдастыру комитеті құрылады.
Мектеп лигасының Ұйымдастыру комитеті:
- жарыстарға қатысуға алдын ала өтінімдер қабылдайды;
- кестеге сәйкес жарыстардың өткізілетін күндерін анықтайды;
- жарыс өтетін күнді кестеде көрсетілген мерзімнен бір ай бұрын өзгертуге құқығы бар;
- командалар мен қатысушыларды жарыстарға жіберу рәсімдерін жүзеге асыру бойынша комиссия құрады;
- Мектеп лигасының бас төрешілер алқасының, спорт түрлері бойынша төрешілер алқасының құрамын бекітеді;
- жарысқа қатысушылардың құқықтарын сақтауды қамтамасыз етеді;
- Мектеп лигасы жарыстарының кезеңдерін өткізу туралы есеп жасайды.
3. Мектеп лигасын өткізу орны мен мерзімі
3.1. Мектеп лигасы үш кезеңде өткізіледі:
1-кезең: мектепішілік іріктеу – сыныптар арасындағы жарыстар.
Мақсаты - мектеп құрама командасын құру, мектеп деңгейінде жеңімпаздарды анықтау (мектеп біріншілігі).
2021 жылдың ақпан-наурыз айларында өткізіледі (мектепішілік жарыстарды өткізу кестесі көрнекті жерде орналастырылуы тиіс). Іріктеу кезеңінде мектеп директоры сынып-командалар арасында спорттық жарыстарды ұйымдастыру мен өткізуді үйлестіреді.
2-кезең: аудандық / қалалық- қалалық, аудандық мектептер арасындағы жарыстар.
2021 жылдың ақпан-наурыз айлары аралығында өткізіледі.
Мақсаты – аудан, қала деңгейінде жеңімпаздарды анықтау.
Жарыстарға қатысуға өтінім берген командалар мәлімделген командалардың санына байланысты кіші топтарға бөлінеді. 1 орын алған командалар жарыстың 3-ші кезеңіне жіберіледі.
2-кезеңнің қорытынды есебі (ойын хаттамалары, командалардың өтінімдері, турнирлік жағдай және басқа да тиісті құжаттар) «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы КМҚК-ға ұсынады.
3-кезең: облыстық-жарыс екінші кезеңнің жеңімпаздары арасында өткізіледі.
Мақсаты-облыс деңгейінде жеңімпаздарды анықтау (облыс біріншілігі).
2021 жылғы наурыз-сәуір айлары аралығында Өскемен қаласында өткізіледі.
Облыстық кезеңде аудандық және қалалық командалар арасында спорттық жарыстарды ұйымдастыру мен өткізуді ұйымдастыруды білім басқармасы үйлестіреді.
3.2. Мектеп лигасының спорт түрлері:
|
Спорт түрі |
Команда құрамы |
Өткізу мерзімі |
Өтінімдерді беру мерзімі облыстық 3 кезеңге |
Өткізу орны облыстық 3 кезеңнің |
|||
|
Жас топтары |
Ұлдар |
Қыздар |
Өкілдері |
||||
|
Тоғызқұмалақ (онлайн) |
5-6 сынып |
2 |
2 |
2 |
1 кезең – ақпан; 2 кезең – ақпан; 3 кезең – наурыз. |
1 наурызға дейін |
Онлайн, Дп ҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы |
|
7-8 сынып |
2 |
2 |
2 |
||||
|
9-11 сынып |
2 |
2 |
2 |
||||
|
Асық ату (онлайн) |
5-6 сынып |
3 |
- |
1 |
1 кезең – ақпан; 2 кезең – ақпан; 3 кезең – наурыз. |
1 наурызға дейін |
Онлайн, Дп ҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы |
|
7-8 сынып |
3 |
- |
1 |
||||
|
9-11 сынып |
3 |
- |
1 |
||||
|
Бес асық (онлайн) |
5-6 сынып |
- |
3 |
1 |
1 кезең – ақпан; 2 кезең – ақпан; 3 кезең – наурыз. |
1 наурызға дейін |
Онлайн, Дп ҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы |
|
7-8 сынып |
- |
3 |
1 |
||||
|
9-11 сынып |
- |
3 |
1 |
||||
|
Баскетбол |
7-8 сынып 2004-2005 ж.т. |
12 |
12 |
2 |
1 кезең – ақпан; 2 кезең – наурыз; 3 кезең – наурыз-сәуір. |
10 наурызға дейін |
ДШСК «Алтайэнерго», Стахановская к-сі, 3а |
|
Волейбол |
5-6 сынып 2006-2007 ж.т. |
12 |
- |
1 |
1 кезең – ақпан; 2 кезең – наурыз; 3 кезең – наурыз-сәуір. |
10 наурызға дейін |
Жазғы спорт түрлері бойынша жоғары шеберлік мектебі, Шәкәрім д-ғы, 1а |
|
7-8 сынып 2004-2005 ж.т. |
12 |
- |
2 |
||||
|
9-11 сынып 2001-2003 ж.т. |
12 |
12 |
2 |
||||
|
Президенттік сынақтан |
11-13 жас |
3 |
2 |
1 |
1 кезең – наурыз; 2 кезең – наурыз; 3 кезең – наурыз-сәуір. |
15 наурызға дейін |
ШҚО ОРМБЖМ су спорты түрлері бойынша,. Сатпаева д-ғы, 82/3;Спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернат-колледжі Сатпаева д-ғы, 82/4; Шығыс Қазақстан облыстық ОРМБЖМ , Серикбаева к-сі, 37/2. |
|
14-15 жас |
3 |
2 |
1 |
||||
|
16-17 жас |
3 |
2 |
1 |
||||
|
Үстел теннисі |
5-6 сынып 2006-2007 ж.т. |
2 (+1 қоса-лқы) |
1 |
1 |
1 кезең – ақпан-наурыз; 2 кезең – ақпан-наурыз; 3 этап – сәуір. |
1сәуірге дейін |
Спорттың ойын түрлері бойынша Шығыс Қазақстан облыстық ОРМБЖМ, Гоголя к-сі, 28. |
|
7-8 сынып 2004-2005 ж.т. |
2 (+1 қоса-лқы) |
1 |
1 |
||||
|
Футбол |
5-6 сынып 2006-2007 ж.т. |
15 |
- |
2 |
1 кезең – ақпан-наурыз; 2 кезең – наурыз; 3 кезең – сәуір. |
1 сәуірге дейін |
Алтай стадионы, Комсомол аралы |
Лига бағдарламасында көрсетілген спорт түрлері бойынша жарыстар қолданыстағы ережелерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес өткізіледі.
4. Мектеп лигасының қатысушылары мен шарттары
4.1. Жарысқа көрсетілген жас топтары бойынша жалпы білім беретін мектептердің оқушылары ғана қатыса алады.
4.2. Командалар құрамына ҚР Чемпионаттарына, жоғары лига құрама командаларына қатысуға мәлімделген спортшылар жіберілмейді, сондай-ақ бір спортшының жарыс бағдарламалары бойынша спорттың екі түріне қатысуына жол берілмейді.
4.3. Балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің оқушылары осы Ереженің барлық талаптарын сақтай отырып, өздері оқитын жалпы білім беретін мектептерді Мектеп лигасында ұсынуға құқылы. Мектеп лигасына қатысуға БЖСМ, ОРМБЖМ, мамандандырылған сыныптар, спорт интернаттары мен академиялардың командалары жіберілмейді.
4.4. Мектеп лигасына қатысатын барлық ойыншылар («Тоғызқұмалақ», «Асық ату» және «Бес асық» қатысушыларын қоспағанда) ҚР «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңының, № 31 бабының негізінде Мектеп лигасына дайындық және қатысу кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандырылуға жатады. Міндетті сақтандыруға жауапты-білім беру бөлімдерінің басшылары, жаттықтырушы-оқытушылар, дене шынықтыру мұғалімдері. Жолда және жарыс кезінде спортшылардың қауіпсіздігі мен денсаулығына команда өкілдері мен жаттықтырушылар жауапты болады.
4.5. Кез келген команда тек бір жас тобында өнер көрсете алады.
4.6. Жарысқа қатысатын мектеп командасының өз логотипі, елтаңбасы және атауы, бірыңғай спорттық формасы болуы тиіс.
4.7. Жарыстың кезеңдерін ұйымдастыруға және өткізуге жауаптылар мыналарды қамтамасыз етуі керек:
- жарыстарды өткізу тәртібі мен қауіпсіздігі;
- қызмет көрсетуші персонал (медицина қызметкерлері, судьялар);
- кесте және түгендеу.
4.8. Әр кезеңнің қорытындысы бойынша Ұйымдастыру комитеті жарыстарды жоғары тұрған құрылымдық бөлімшелерге өткізу туралы есеп жібереді(фотосуреттер, бейнематериалдар).
5. Қатысуға өтінім
5.1. Спорт түрлері бойынша Мектеп лигасының барлық кезеңдеріне қатысуға алдын ала өтінімдер жарыс басталғанға дейін 10 күннен кешіктірілмей беріледі. Өтінім әрбір кезеңге жеке беріледі.
5.2. Мектеп лигасының (облыстық) 3-ші кезеңіне қатысуға өтінім құжаттары Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы КМҚК-ға мына мекен-жай бойынша беріледі: Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 21, 3-қабат, e-mail: vk_ocfk@mail.ru.
5.3. Мандаттық комиссияға мынадай құжаттар беріледі:
- стандартты үлгідегі өтінім;
- қатысушының жеке куәлігі (туу туралы куәлік) (түпнұсқа) немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі;
- оқу орнынан анықтама;
- спортшының жеке карточкасы;
- ХҚКО-нан әрбір ойыншыға мекенжай анықтамасы;
- оқушылардың өмірі мен қауіпсіздігі үшін жауапкершілік туралы білім беру ұйымының хаты (бұйрығы).
Анықтама телефоны бойынша: 8(72332)75-15-53, 8(777)984-26-46.
6. Наразылық білдіру
6.1. Наразылықты бас төрешілер алқасына (МТК) команда өкілі, мұғалім және жаттықтырушы жарыс аяқталғаннан кейін 1 сағат ішінде жазбаша түрде береді.
6.2. Нәтижелермен келіспеген жағдайда команда капитаны хаттамаға қол қоймайды, наразылықты (МТК)-ға қарауға береді.
6.3. Сот алқасы наразылықты ол берілгеннен кейін 1 сағат ішінде қарайды және тексеру нәтижелерін өтініш берушіге жазбаша түрде хабарлайды.
6.4. Командаларды жасақтау ережелерінің бұзылғаны, өтінімнің немесе ойын карточкаларының дұрыс ресімделмегені расталған жағдайда, аталған команда жарыстан шығарылады, жаттықтырушының, дене шынықтыру мұғалімінің немесе құрама команданың іс-әрекеті туралы бас төреші білім басқармасына хабарлайды.
7. Марапаттау
7.1. Үшінші облыстық кезеңде І, ІІ және ІІІ орын алған командалар естелік кубоктармен және дипломдармен, ойыншылар тиісті дәрежедегі медальдармен марапатталады.
7.2. Мектеп лигасының жаттықтырушы-өкілдері облыстық ұйымдастыру комитетінің алғыс хаттарымен марапатталады.
8. Қаржыландыру
8.1. Іс-шараны қаржыландыруды бекітілген сметаға сәйкес ШҚО білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы КМҚК жүзеге асырады.
8.2. Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы осы жарыстарды өткізу үшін базаларды (спорт залдарын, стадиондарды, спорт алаңдарын және т.б.) беруді жүзеге асырады.
Командаларды іссапарға жіберуге (тұру, тамақтану, екі жаққа жол жүру, жолдағы тәуліктік), ойын нысанын және допты сатып алуға байланысты шығыстарды іссапарға жіберуші ұйым төлейді.