+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы балалар шығармашылығының облыстық көрме – байқауының қорытындысы
08 Қаз, 17:38

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру аясында 2020 жылғы 28-29 қыркүйекте Өскемен қаласында «Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының республикалық көрме-байқауын өткізді.

Байқаудың мақсаты: білім алушылардың көркем, шығармашылық қабілеттерін дамыту, тәрбие беру және тұлғаны әрі қарай үйлесімді дамыту бойынша жүйелі және мақсатты қызмет жүргізуге жағдай жасау, рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарға араластыру.

Байқауға жалпы білім беретін мектеп оқушыларының қалалық/аудандық турының жеңімпаздары  қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды. Жеңімпаздар тізімін www.shyqysdaryn.kz сайтынан көруге болады (1 қосымша).

Байқау қорытындысы бойынша жүлдегерлерге дипломдар, қатысушыларға сертификаттар беріледі.

https://drive.google.com/drive/folders/1pprogJupb3hZeNXW3obSbp4JLNPCwQHH?usp=sharing

Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз және келешекте жеңістер тілейміз!