+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
ОБРАЗОВАТЕЛЬНО-ОЗДОРОВИТЕЛЬНАЯ ПРОГРАММА «DARYN ACTIVE – 2026» организации летнего отдыха, оздоровления и занятости детей в лагере «Дарын» для детей и подростков в возрасте 9-16 лет
Новости
Шығыс Қазақстан облысы командасының жалпы білім беретін пәндерден республикалық ғылыми жобалар сайысына қатысу қорытындысы
2016 жылдың 16-19 ақпанында Алматы қаласында Шығыс Қазақстан облысының командасы жалпы білім беретін пәндерден республикалық ғылыми жобалар сайысына қатысты.
 Жалпы білім беретін «Алтын белгі» аттестатын алуға үміткер оқушыларды «On- line» режимінде екінші тестілеудің қорытындысы
2016 жылдың 18 ақпанында Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасының жоспарына сәйкес өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетімен бірлесе отырып, «Алтын белгі» аттестатын алуға үміткер облыс мектептерінің оқушыларына он-лайн режимінде тестілеу өткізді.
Қазақстандық арманға жету жолы
2016 жылдың 4-5 ақпан күндері Астана қаласында Ұлт көшбасшысы кітапханасында өскелең ұрпақ бойында қазақстандық патриотизмдік құндылықтарды қалыптастыру мақсатында «Әлемді өзгертетін идея» атты оқу семинары өтті.
Экономикадан облыстық олимпиаданың қорытындысы
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 2015 жылдың 26 ақпанында экономика пәнінен олимпиаданың облыстық кезеңін өткізді. Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың шығармашылық зейінін дамыту, теориялық білімін тереңдетіп және практикалық біліктілігін арттыру, экономика пәніне ғылым ретінде танымдық қызығушылықтарын дамыту, дарынды балаларды айқындау үшін қажетті жағдайлар жасау.
Жалпы білім беретін «Алтын белгі» аттестатын алуға үміткер оқушыларды «On- line» режимінде тестілеудің қорытындысы
2016 жылдың 18 қаңтарында Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасының жоспарына сәйкес өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетімен бірлесе отырып, «Алтын белгі» аттестатын алуға үміткер облыс мектептерінің оқушыларына он-лайн режимінде тестілеу өткізді.
Шығыс Қазақстан облысының мақтанышы
2016 жылдың 13-19 қаңтары аралығында Алматы қаласында дарынды балаларға арналған О. Жәутіков атындағы республикалық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатының базасында математика, физика, информатикадан XII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтті. Олимпиадаға Болгария, Румыния, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Қазақстанның командалары қатысты.
Мектепке дейінгі білім беру сыныптарында «Дарынды бала» бағдарламасын іске асыру» атты облыстық семинар қорытындысы.
2016 жылдың 15 қаңтарында «Мектепке дейінгі білім беру сыныптарында «Дарынды бала» бағдарламасын іске асыру» атты облыстық семинар облыстың жалпы білім беретін мектептерінде дарынды балалармен жұмыс жүргізуді ұйымдастыруға әдістемелік көмек көрсетіп, мұғалімдерді даярлайтын тірек мектептер қатарындағы облыстық математика,
Оқушылардың республикалық  олимпиадасының облыстық кезеңі аяқталды
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 2016 жылдың 5-6 қаңтарында Өскемен қаласында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңін өткізді.
«Зимняя сказка»
Шығыс Қазақстан Обылысының аймақтық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығында Шығыс Қазақстан обылысы білім басқармасы 2015 жылдың желтоқсан айының 20-30 аралығында Шүлбі кентінде 5-10 сыныптар аралығында «Қысқы ертегі » атты мәдени-танымдық ауысым өтті. Ауысымның мақсаты - Дарынды балалардың шығармашылық қаблетін , білімдерін дамытып,қалыптастыруына жағдай жасау.
Халықтар достығы – ұлт бірлігі
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 2015 жылдың 11-18 желтоқсаны аралығында Шүлбі кентінде «Қазақстанның күші бірлікте» атты ұлттық мәдени фестивалін өткізді. Фестивальдің мақсаты өскелең ұрпақты интернационалдыққа және ынтымақтылыққа, елімізде тұрып жатқан әртүрлі ұлттардың салт-дәстүрін, мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу болып табылады.
Қазақстан тәуелсіздігіне жас ақындар арнауы
Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым» атты облыстық авторлық өлеңдер байқауын өткізді. Байқаудың басты мақсаты: өскелең ұрпақты патриотизмге және Қазақстанның дәстүрі мен тарихын құрметтеуге тәрбиелеу, ұлттық құндылықтар мен өмірлік адамгершілік-эстетикалық қағидаларын қалыптастыру.
Қазақстанның зияткер мақтанышы – Шығыс - Қазақстан облысының оқушысы
2015 жылдың 2-9 желтоқсаны аралығында Тэгу (Корея) қаласында физика пәнінен ХІІ халықаралық жасөспірімдер олимпиадасы өтті. Әлемнің әр елінен жасөспірімдер командасы қатысатын халықаралық жарысқа Қазақстан Республикасының оқушыларының құрама командасы да қатысты.

бiрiншiсi 1 85 86 87 88 89 126 соңғысы