2016 жылдың 13 мамырында дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешенінде мектепке дейінгі білім беретін тірек мекемелердің меңгерушілері мен әдіскерлеріне арналған «Мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі «VALEO» интеллектуалдық-дамытушылық жиынтығы» облыстық семинары өтті.
Семинар мақсаты - білім беру үдерісін жақсарту және мектеп жасына дейінгі балалардың жеке қабілеттерін дамыту үшін «VALEO» интелектуалды-дамыту жиынтығын енгізу мен қолдану саласындағы алдыңғы қатарлы тәжірибені тарату мен жалпыландыру.
Семинардың міндеттері: семинарға қатысушыларды мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде балаларды даярлаудың ерекшеліктерімен таныстыру, мектепке дейінгі тәрбие мәселесі бойынша тәрбиешілердің кәсіби білімдік және тәжірибелік біліктіліктерін көтеру, аталған мәселе төңірегінде білім, іскерліктерді жүйелеу, мектепке дейінгі тәрбие бойынша жинақталған педагогикалық тәжірибені тарату.
Семинарға қатысушылар үшін білім басқармасының басшысы А.Е. Садықова сөз сөйлеп, облыстың мектепке дейінгі білім беруші мекемелерінде заманауи ойын технолгияларын енгізу бойынша жаңа жобамен таныстырды.
Семинар аясында қатысушылар назарына дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешенінің директоры Н.В. Ахаева 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың жеке және шығармашылық қабілеттерін білімдік ортада денсаулық сақтау технологиясы негізінде ұйымдастыруға бағылтталған «VALEO» интеллектуалдық-дамытушылық жиынтығымен таныстырып, ҚР МББС сәйкес мектепке дейінгі білім беру жүйесінде «VALEO» дидактикалық интеллектуалдық-дамытушылық жиынтығын пайдалану тақырыбындағы шеберлік сыныбы өткізілді және мектепке дейінгі жастағы балалардың жетістіктерінің мониторингісі үшін жеке даму картасы презентацияланды.
Семинар нәтижесі бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырылып, онда қатысушылар семинар қорытындысын талдап, «VALEO» жиынтығы жайлы өз ойларымен бөлісіп, жалғасатын ынтымақтастыққа тілектестік білдірді.
Семинар соңында жоба аясында дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешенінің облыстың мектепке дейінгі білім беретін мекемелерімен болашақтағы бірлескен қызметі белгіленді.