+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
ОБРАЗОВАТЕЛЬНО-ОЗДОРОВИТЕЛЬНАЯ ПРОГРАММА «DARYN ACTIVE – 2026» организации летнего отдыха, оздоровления и занятости детей в лагере «Дарын» для детей и подростков в возрасте 9-16 лет
Іс-шаралар хабарламасы
«Рухани жаңғыру» ұлттық идеясын және «Өз жеріңді танып біл» жобасын іске асыру шеңберінде Шығыс Қазақстан облысының туристік көпсайыс бойынша табиғи бедерде «Туған жердің кереметі» қашықтық  чемпионатының қорытындысы
2020 жылдың 4-5 қарашасы аралығында «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтарын насихаттауға ықпал ететін спорттық балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту және ілгерілету мақсатында «Рухани жаңғыру» ұлттық идеясын және «Өз жеріңді танып біл» жобасын іске асыру шеңберінде Шығыс Қазақстан облысы туристік көпсайыс бойынша табиғи бедерде «Туған жердің кереметі» қашықтық чемпионаты өтті.
Химия пәнінен Қ. Сәтбаев атындағы IV республикалық олимпиадасына қатысу қорытындысы
2020 жылы 3 қарашада бір күнде онлайн режимде 9 сынып оқушылары арасында химия пәнінен Қаныш Сәтбаев атындағы IV республикалық олимпиада өткізілді.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы жасөспірімдер олимпиадасының республикалық кезеңіне қатысу қорытындысы
Республиканың барлық аймағында 2020 жылғы 28 қазанда онлайн режимде жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасы өткізілді. Оған облыстық кезеңнің жеңімпаздары атанған 26 оқушы қатысты.
«Шексіз өмір» ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар балаларға арналған республикалық фестивальдың қорытындысы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми практикалық орталығы ағымдағы жылдың 20-27 қазан аралығында «Шексіз өмір» ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар балаларға арналған республикалық фестивалін өткізді.
www.playok.com ойын платформасында 7-8, 9-10 сынып оқушылары арасында тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының Ұлттық мектеп лигасына қатысу туралы ақпарат
25 қазан 2020 www.playok.com ойын платформасында 7-8, 9-10 сынып оқушылары арасында тоғызқұмалақтан Республикалық Ұлттық Мектеп лигасы өткізілді. Жарыс қорытындысы бойынша Үржар ауданы Жарбұлақ орта мектебінің құрама командасы 9-10 сынып оқушылары арасында ІІ орын алды.
Шығыс Қазақстан облысы командасының  «Фортепиано» бөлімдерінің және балалар музыка мектептері  мен өнер мектептерінің хор ұжымдарының  жас музыкант-білім алушыларының 53-ші республикалық конкурсына қатысуы бойынша қорытындысы
Шығыс Қазақстан облысының командасы 2020 жылғы 6-8 қазан аралығында Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің Қосымша білім беру республикалық оқу-әдістемелік орталығының бастамасымен «Фортепиано» бөлімдерінің жас музыкант білім алушылары мен балалар музыка мектептері мен өнер мектептерінің хор ұжымдарының 53 – ші республикалық конкурсына қатысты.
«Ғылыми жобалар сайысына оқушыларды дайындау бойынша ұсыныстар» атты онлайн ғылыми мектептің қорытындысы
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы YouTube платформасының Shygysdaryn арнасында жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың ғылыми жобалар сайысына қатысушыларға әдістемелік көмек көрсету мақсатында, онлайн режимде «Ғылыми жобалар сайысына оқушыларды дайындау бойынша ұсыныстар» атты онлайн ғылыми мектеп өткізді.
Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған гір спортынан 2004 жылы туған және одан кіші мектеп оқушылар арасындағы облыстық қашықтық жарысы бойынша ақпарат
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының жұмыс жоспарына сәйкес 2020 жылдың 22-24 қыркуйекте ұлдар мен қыздар арасында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған гір спортынан 2004 жылы туған және одан кіші мектеп оқушылар арасындағы облыстық қашықтық жарысы өткізілді.
Онлайн форматтағы «Айбын» VI республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының «Айбын жұлдызы» шығармашылық байқауында Шығыс Қазақстан мектеп оқушыларының жеңісі
2020 жылдың 12-16 қазан аралығында «Айбын» VI Республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны аясында «Айбын жұлдызы» шығармашылық байқауы өтті.
Шахмат бойынша «Ақбозат» Ұлттық мектеп лигасының облыстық кезеңінің 2-7, 8-9, 10-11 сынып оқушылары (ұлдар, қыздар) арасында  шахмат ойын платформасында өткізу туралы ақпарат
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының жұмыс жоспарына сәйкес 2020 жылдың 14 қазанында ойын шахмат платформасында 2-7, 8-9, 9-11 сынып оқушылары (ұлдар, қыздар) арасында «Ақбозат» ұлттық мектеп лигасының облыстық кезеңі өткізілді.

бiрiншiсi 1 91 92 93 94 95 212 соңғысы