+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
6-8 сынып оқушылары арасында «Оқы және жеңіске жет» облыстық конкурсын өткізу ЕРЕЖЕСІ
06 Қаң, 11:14

І. Жалпы ережелер

1.1. Осы Ереже республикалық «Оқу мектебі» жобасын жүзеге асыру аясында әзірленді және 6-8 сынып оқушылары арасында «Оқы және жеңіске жет» облыстық конкурсының (бұдан әрі – Конкурс) мақсаты мен міндеттерін анықтайды, ұйымдастыру мен өткізу тәртібін және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау тәртібін белгілейді.

1.2. Конкурс Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы (бұдан әрі – «Дарын» ДпҚББД ШҚҒӘО) А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасымен бірлесіп ұйымдастырылады.

1.3. Конкурстың мақсаты – оқу және оқу белсенділігінің мәртебесін арттыру және оқу сапасын арттыру, балалар мен жастардың мәдени және оқу құзыреттілігін дамыту, сондай-ақ жас ұрпақ бойында жоғары азаматтық және рухани-адамгершілік бағдарларды қалыптастыру болып табылады.

Конкурстың міндеттері:

- қысқы каникул кезінде балалардың бос уақытын көңілді, мәнді ұйымдастыру; 

- жеке жұмысты жандандыру арқылы балалардың оқу белсенділігін ынталандыру;

- балалардың өз бетінше әдеби шығармашылық процесіне тарту арқылы олардың әдеби және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

ІІ. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу тәртібі

2.1. Қатысушыларға заманауи балалар және классикалық әдебиеттер тізімі ұсынылады (Қосымша). Әдебиеттерді оқу аяқталғаннан кейін шығарманың мазмұны бойынша викториналық - сауалнама жүргізіледі. Қатысушылар Exam.net платформасында викторинаны өтеді. Викторинаның қорытындысы бойынша Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды.

ІІІ. Конкурсты ұйымдастыру комитеті

3.1. Конкурс ұйымдастыру және өткізу үшін ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) құрылады.

Ұйымдастыру комитеті:

- Конкурстың дайындығына және өткізілуіне тікелей басшылықты жүзеге асырады;

-Конкурстың нәтижелерін талдайды және қорытындылайды.

IV. Конкурс қатысушылары

4.1. Конкурсқа  ШҚО білім беру мекемелерінің 6-8 сынып оқушылары қатыса алады.

4.2. Конкурстың жұмыс тілдері қазақ және орыс тілдері болып табылады.

V. Конкурсты өткізу шарттары мен уақыты

5.1 Конкурс 2020 жылдың 31 желтоқсанынан  2021 жылдың 31 қаңтарына дейін өтеді.

5.2. Викториналық сұрақтар мен оны орындау бойынша нұсқаулар www.shygysdaryn.kz сайтында орналастырылады. Викторинаның өту уақыты         2021 жылдың ақпанның бірінші онкүндігі Exam.net платформасында.

VI. Қорытынды шығару және жеңімпаздарды марапаттау

6.1., Жеңімпаздар 1, 2 және 3 дәрежелі дипломдармен марапатталады. Конкурс қорытындысы www.shygysdaryn.kz сайтында  жарияланады.

Қосымша

Әдебиеттер тізімі:

1. Бердібек Соқпақбаев «Жекпе-жек».

2. Марат Қабанбаев «Жиһангез Тити».

3. Толымбек Әбдірайым  «Алабұға аулаған күн».

4.Зира Наурызбаева, Лиля Калаус «Алтын тостағанды іздеу».

5.Мәди Айымбетов «Бар болғаны он төрт жас».