+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
ОБРАЗОВАТЕЛЬНО-ОЗДОРОВИТЕЛЬНАЯ ПРОГРАММА «DARYN ACTIVE – 2026» организации летнего отдыха, оздоровления и занятости детей в лагере «Дарын» для детей и подростков в возрасте 9-16 лет
Іс-шаралар хабарламасы
Қ.О. Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен мектеп оқушыларының халықаралық олимпиадасының қорытындысы
2014 жылдың 4-7 мамыр аралығында ШҚО білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы академик, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының Лауреаты, Республикалық ғылыми-әдістемелік зертхананың жетекшісі Қ.О. Бітібаева атына қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен халықаралық олимпиадасын өткізді.
Шығыс Қазақстанның жас зерттеушілері - Мәскеуде
2014 жылғы 30 сәуір мен 07 мамыр аралығында Шығыс Қазақстан облысының оқушылары Мәскеу қаласында өткен «Математика және жобалау» халықаралық конкурсына қатысты.
Күн шұғылалы Грузия елінен жауған алтын  медальдар
2014 жылы 02-07 мамырда Грузия астанасы Тбилиси қаласында жас ғалымдар мен зерттеушілердің халықаралық олимпиадасы (IYIPO) өткізілді. Грузия оқушыларымен бірге оған Әзірбайжан, Қазақстан, Түркия, Украина, Индонезия елдерінен жас дарындар қатысты.
Бастауыш сынып оқушыларының облыстық олимпиадасының қорытындысы
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес 2014 жылдың 26 сәуірінде Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы бастауыш сынып оқушыларының облыстық олимпиадасын өткізді.
"Адам-Жер-Ғарыш" жалпыресейлік олимпиадасының дебютанттары  жүлдегер атанды
2014 жылдың 19-28 сәуірі аралығында Ресей Федерациясындағы Мәскеу обласының Звёздный қалашығында «Адам-Жер-Ғарыш» атты қоршаған ортаны қорғау проблемалары бойынша ғылыми-зерттеу жобаларының жалпыресейлік олимпиадасы өтті.
Облыстық Абай, Махамбет оқуларын өткізу туралы
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің жұмыс жоспарына сәйкес жалпы білім беретін оқу орындарының 5-10 сынып оқушыларының арасында 2013 жылғы 16 мамырда облыстық Абай оқулары, 23 мамырда облыстық Махамбет оқулары өткізілетінін хабарлаймыз.
 «Ақберен» дарындыларды анықтайды
2014 жылдың 18 сәуірі күні Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 5-10 сынып оқушылары арасында І республикалық «Ақберен» байқауының облыстық кезеңін өткізді.
«Жас математик» және «Жас физик» олимпиадаларын өткізу туралы
Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы Өскемен қаласындағы облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейімен бірлесе отырып 2014 жылдың 14 мамырында «Жас математик», «Жас физик» облыстық олимпиадасын өткізеді.
Жас математиктер жетістігі
Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын орталығы Халықаралық «Нұрорда» мектебімен бірлесіп оқушылардың қабілеттері мен бейімділіктерін анықтау, білімге қызықтыру, емтиханның логикалық тестік жүйесіне оқушыларды бейімдеу және үйрету мақсатында аудан мектептерінің 5, 6, 7 сынып оқушылары арасында «Сәйгүлік» математика-логикалық олимпиадасын өткізді.
Д. Серікбаев атындағы аймақтық олимпиаданың бас жүлдегерлері – ректор грантының иегер оқушылары анықталды
2014 жылы 12 сәуірде Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің даярлық және қабылдау бөлімімен бірлесіп 11-сынып оқушылары арасында химия, математика, физика, география және сурет пәндері бойынша Д. Серікбаев атындағы аймақтық олимпиада..өткізді.
«Тарих – ата» білгірлері анықталды
2014 жылдың 11-13 сәуір аралығында Шығыс Қазақстан облысының дарынды оқушылары Щучье қаласының «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында өткен «Тарих ата» республикалық қашықтық олимпиадасының қорытынды кезеңіне қатысты.
Дарынды оқушылардың Мәскеудегі абсолютті жеңісі
2014 жылы 7-11 сәуір аралығында ШҚО білім басқармасының бұйрығына сәйкес Бүкілресейлік В.И. Вернадский атындағы жасөспірімдер арасындағы зерттеу жұмыстарының конкурсында облысымыздың намысын дарынды оқушыларымыз қорғап қайтты.

бiрiншiсi 1 175 176 177 178 179 213 соңғысы