+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Областной интеллектуальный конкурс «Leader»
«Сәйгүлік» математика-логикалық олимпиадасы
11 Фев, 04:16


1.Жалпы ережелері

Шығыс Қазақстан облысының аудан мектептерінің 5, 6, 7 сынып оқушылары арасында өткізілетін «Сәйгүлік» математика-логикалық олимпиаданың (ары қарай Олимпиада) мақсаты:

- оқушылардың олимпиадалық резервін дайындау;

- оқушылардың қабілеттері мен бейімділіктерін анықтау, білімге қызықтыру;

- емтиханның логикалық тестік жүйесіне оқушыларды бейімдеу және үйрету;

- облыс мектептері мен аудандық мектептер арасындағы қарым-қатынасты нығайту, дамыту;

- ауылдық мектептерге қолдау көрсету.

2.Олимпиадаға қатысушылар

Олимпиада екі кезеңнен тұрады: І кезең - аудандық, ІІ кезең - облыстық.

Олимпиадаға оқушылар оқыту тіліне қарамастан (қазақ, орыс) қатыстырылады.

Әрбір аудан мектептерінің ең үздік деген 5, 6, 7 сынып оқушылары арасында өткізіледі. Әр ауданнан  9 оқушы (өтінім бойынша) қатысады.

Олимпиаданың аудандық кезеңі 2013 жылдың 16 ақпаныкүні сағат 10:00-де өткізіледі. Өткізілу орны: аудан орталықтары.

Облыстық кезеңі 2013 жылдың 02 наурызыкүні сағат 10:00-де өткізіледі. Өткізілу орны: Өскемен қаласы.

3.Ұйымдастыру

Олимпиада Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы, Өскемен, Семей қалаларындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік лицейлерімен бірлесе ұйымдастырылады. Олимпиаданың тапсырмаларын ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы әзірлейді. Әр кітапшада 50 сұрақтан болады. Жауап дайындау үшін барлығы 120 минут (2 сағат ) уақыт беріледі.

Олимпиадаға ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығының қызметкерлері мен қазақ-түрік лицейінің мұғалімдері үйлестіруші және бақылаушы ретінде қатысады.

4.Олимпиаданы қорытындылау және үміткерлерді марапаттау

Олимпиадаға қатысушы балалардың жұмыстары конкурстық комиссия қатысуымен бақылаудан өткізіледі.

Олимпиадада үздік балл жинаған оқушылар, жүлделі орындарды көп алған мектептер және оқушыларды дайындаған мұғалімдер алғыс хаттармен марапатталады.

Олимпиада қорытындысы «Педагогикалық жаршысы» атты облыс ұстаздарының газетіне жарияланады.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша марапаттау рәсімі салтанатты түрде өткізіледі.

Олимпиада жүлдегерлері келесі жылы ғылыми мектепте дайындыққа қатыса алады.