+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Іс-шаралар хабарламасы
 «Балалар бастауы-2018» әлеуметтік жобалар байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы
2018 жылдың 19 сәуірінде «Балалардың заманауи бастамалары – Рухани жаңғыру негізі» тақырыбында «Балалар бастауы-2018» әлеуметтік зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының байқауы болып өтті.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық юниорлық олимпиаданың қорытындысы
Алғаш рет Астана қаласында 2018 жылдың 16-19 сәуірі аралығында жаратылыстану-математикалық ғылым саласындағы дарынды оқушыларды анықтау және қолдау, жаратылыстану-математикалық пәндер мазмұнын дамытуға және жетілдіруге жәрдемдесу мақсатында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша Республикалық юниорлық олимпиадасы өткізілді. Олимпиадаға Қазақстанның барлық аймағынан 170-тен аса оқушы қатысты. Облыстың жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептерінің 10 юниоры ШҚО командасын ұс
Қ. Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен мектеп оқушыларының республикалық олимпиадасының   БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Шығыс Қазақстан облысы әкімінің қолдауымен, Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасымен бірлесіп, 2018 жылдың 25-28 сәуірі аралығында Өскемен қаласында дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатта КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, СССР, Қазақ ССР Халық ағарту
1. Осы Ереже «Әдеби Шығыс» (бұдан әрі – Конкурс) конкурсының мақсаты мен міндеттерін, ұйымдастырушылық қамтамасыз ету, өткізу мен қаржыландыру, қатысу және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау тәртібін белгілейді.
1.1 Осы ереже 5-8 сынып оқушыларына арналған «Жас математик», «Жас физик» облыстық олимпиадасының (бұдан әрі - Олимпиада) мақсаты мен міндеттерін, ұйымдастыру мен өткізілу тәртібін, ұйымдастырушылық-әдістемелік қамтамасыз етуді, қатысу тәртібі мен жеңімпаздарды іріктеуді анықтайды.
«Жас математик», «Жас физик» облыстықолимпиадасының БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
2018 жылы 21 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы «Жас математик», «Жас физик» облыстық олимпиадасын (бұдан әрі –Олимпиада) өткізуді жоспарлауда.
V Республикалық «Сардар» кешенді олимпиадасының қорытындысы
2018 жылдың 12-16 сәуірі аралығында Шығыс Қазақстан облысының оқушылары Астана қаласында генерал С.К. Нұрмағанбетов атындағы «Жас ұлан» мектебінің базасында өткен V республикалық «Сардар» кешенді олимпиадасына қатысты.
«Сабақта және сабақтан тыс қызмет құралы инженерлік ойлауды дамыту және білім берудегі жаңа тәсілдері: тәжірибе, мәселелер, перспективалар» ІІ облыстық ғылыми-практикалық конференциясының қорытындысы
«Дарынды мектеп» кешенді жоспарының іске асырылуы аясында 2018 жылдың 14 сәуірі күні «Зияткер» желілік кешендік мектептерінің тірек мектебі «Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі» базасында «Сабақта және сабақтан тыс қызмет құралдары арқылы инженерлік ойлауды оқыту мен дамытудың жаңа тәсілдері: тәжірибе, мәселелер, перспективалар» тақырыбында облыстық ғылыми-практикалық конференция өтті.
«VALEO» интеллектуалды дамыту жиынтығын мектеп жасына дейінгі балалармен оқу үдерісінде қолдануды интеграциялау» облыстық  семинар-практикумының өту қорытындысы
2016-2019 жылдарға арналған «Дарыны мектеп» кешенді жоспарын орындау мақсатында, ШҚО білім басқармасының «Дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешені» КММ мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында өзара әрекеттестік бойынша жұмыс жүргізілуде.
«Зияткер» мектепалды дайындық сыныптарының балаларына арналған «Тілашар» облыстық олимпиадасының қорытындысы
Балалардың инженерлік-техникалық шығармашылығын дамыту, техникалық әлеуетін, құрастырушылық және өнертапқыштық қабілеттерін анықтау мен дамыту мақсатында 2018 жылдың 14 сәуірінде облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі базасында «Тілашар» облыстық олимпиадасы өткізілді.
Жәкула Күшікұлы атындағы химия және биология пәндерінен облыстық олимпиаданың қорытындысы
Оқушылардың химия мен биологияны оқуға қызығушылықтарын арттыру, талантты және дарынды оқушыларды анықтау, оқушылардың зияткерлік дамуын және кәсіби бағыт-бағдарын қолдау мақсатында 2018 жылдың 11-12 сәуір аралығында 9-11 сынып оқушылар арасында химия және биология пәндерінен Жәкула Күшікұлы атындағы бірінші облыстық олимиадасы өтті.
1. Осы Ереже «Туған жер. Туған ел. Туған глобал» оқушыларға арналған облыстық пән олимпиадасының (бұдан әрі – Олимпиада) мақсаты мен міндеттерін, ұйымдастырушылық қамтамасыз ету, өткізу мен қаржылындыру, қатысу және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау тәртібін белгілейді.

бiрiншiсi 1 116 117 118 119 120 206 соңғысы