Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы (бұдан әрі – Орталық) 2019 жылдың 25 ақпаны - 2 наурыз аралығында жалпы білім беретін мектептердің 10-11 сынып оқушылары арасында оқу-жаттығу жиынын (бұдан әрі – ОЖЖ) өткізеді.
Негізгі мақсаты– жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық кезеңнің жеңімпаздарының Республикалық қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндерден өтетін олимпиадаға сапалы дайындығын қамтамасыз ету және оларға қолдау көрсету.
ОЖЖ негізгі міндеттері:
- оқушыларды өзіндік жұмыс әдістеріне, тәуелсіз ойлауды дамытуға қажетті интеллектуалдық пәнге, дербес және шығармашылық ойлау қабілетіне үйрету;
- оқушыларға республикалық олимпиадаға дайындық сұрақтары бойынша ғылыми кеңес;
- олимпиаданың тапсырмаларын талдау және республикалық деңгейдегі практикалық жұмыстарды орындау;
ОЖЖ өткізудің жұмыс жасау тілдері қазақ және орыс тілдері болып табылады.
Бейіндік ауысым таулы Үлбі өзенінің жағалауындағы Орталық базасында өткізіледі.
ОЖЖ мұғалімдерінің құрамына облыстың жоғары оқу орындарының ғалымдары кіреді.
Қосымша ақпарат алу үшін: Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 21, «Дарын» ШҚ ӨҒП орталығына 8 (7232) 700-244 телефоны бойынша хабарласуға болады.