1. Жалпы ережелері
1. Осы Ереже Мектеп алды даярлық тобындағы балалар үшін облыстық «Шығыс жұлдызшалары» зерттеу жұмыстары мен ғылыми жобаларының конкурсын(бұдан әрі - Байқау) өткізу тәртібін, мақсаты мен міндеттерін, ұйымдастырушылық қолдау және қаржыландыру, қатысуды және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау тәртібін белгілейді.
2. Ұйымдастырушылар Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы, Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы (әрі қарай–«Дарын» ШҚ ӨҒПО), КММ«Дарынды балаларға арналған валеологиялық арнайы мектеп-кешені».
3. Байқаудың басты мақсаты - мектепке дейінгі жастағы балалардың зияткерлік, шығармашылық қызығушылығын және танымдық мүдделерін ынталандыру.
4. Байқаудың негізгі міндеттері:
- балалардағы интеллектуалды шығармашылықты дамыту, оларды ғылымдағы зерттеу жұмыстарына ынталандыру;
- интеллектуалдық, ғылыми-техникалық шығармашылық саласындағы қабілетті және дарынды балаларды анықтау, оларға қолдау көрсету;
- балалардың үздік жетістіктерін оқу және ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудағы білім беру мекемелерінің тәжірибелерін көрсету және насихаттау.
2. Байқаудың қатысушылары
5. Байқауға жас зерттеушілер – мектеп алды даярлық тобындағы балалар (шағын орталық және 0 сыныптар) қатысады.
3. Байқаудың ұйымдастыру мен өткізу тәртібі
6. Байқау екі кезеңде өткізіледі:
- бірінші кезең – қалалық /аудандық (наурыз – сәуір);
- екінші кезең – облыстық.
7. Жобаларды қорғау келесі секциялар бойынша жүзеге асады:
- «Тілашар»;
- «Ойын-сауық математикасы және логикасы»;
- «Мен әлемді танимын»;
- «Валеология және экология»;
- «Құрылыс және техника».
8. Жұмысты қорғау барысында авторға 10 минут беріледі (баяндама үшін – 7 мин., сұрақтар үшін – 3 мин.).
9. Байқауға қатысу үшін қалалық (аудандық) білім бөлімі басшысының немесе дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп директорының қолымен расталған өтінішті жіберу керек.
10. Облыстық кезеңге әр қаладан (облыстан) әр секция бойынша 1 үздік жұмыс ұсынылады.
11. Байқауға ұсынылған жұмыстар рецензияланбайды және қайтарылмайды.
12. Жеңімпаздарды әділқазы алқасы анықтайды.
4. Байқауға ұсынылатын зерттеу жұмысын толтыру талаптары
13. Әр бағыт бойынша зерттеу жұмыстары теориялық, эксперименттік, жаңадан ойлап табылған түрінде болуы мүмкін. Жұмыстың өзі қазақ немесе орыс тілдерінде ұсынылады (қағаз және электронды нұсқада). Жұмыс көлемі 10 беттен артық болмауы тиіс. Нөмірлеу мен беттердің шеттері міндетті түрде болуы керек.
14. Әрбір жұмыстың артықшылықтары мен кемшеліктері көрсетілген, таңдалған тақырыптың орындылығын, автордың өзіндік еңбегін көрсететін жетекшінің пікірі болуы тиіс.
15. Жұмысты толтыру талаптары:
1) жұмыс мәтіні компьютермен басылып (WORD, 14 қаріп, 1,5 интервал, сол жағы – 2 см) төмендегілер болуы тиіс:
- басты бет;
- мазмұны;
- түйіндеме (аннотация) – қазақ немесе орыс тілдеріндегі (жұмыс жазылған тілге байланысты) жұмыстың негізгі ойының қысқаша мазмұны;
- кіріспе – жұмыстың өзектілігін көрсетеді және жұмыстың тақырыбын, мақсаты мен міндеттерін, өткізу орнын таңдау себебін айқындайды;
- негізгі бөлім: зерттеу деректері мен әдістері; тәжірибелік бөлім; жұмыс қорытындысы мен оны талдау;
- қорытынды;
- қолданылған әдебиеттер тізімі.
2) басты бетте көрсетіледі:
- жұмыс жүргізілген білім беру мекемесінің толық атауы;
- жұмыс тақырыбы;
- бөлімі;
- орындаушы (аты-жөні, мектепке дейінгі білім беру мекемесі, қала/аудан)
- жұмыстың жетекшісі (аты-жөні, ғылыми дәрежесі, лауазымы, жұмыс орны);
- жұмыс орындалған жыл;
- жұмыстың электронды нұсқасын дискке жазып, жұмысқа қосымша тіркеу қажет.
16. Зерттеу жұмысын немесе жобаны қорғау үшін қатысушыларға көрнекі құралдарды, схемаларды, суреттерді, макеттерді, презентацияларды (12 слайдқа дейін) әзірлеу керек.
17. Байқау жұмысы келесі критерийлер бойынша бағаланады:
- шығармашылық;
- жобаны ұсыну қабілеті;
- талаптарға сай жұмысты әзірлеу.
5. Қорытындылау және жеңімпаздарды марапаттау
18. Жеңімпаздар дипломдармен марапатталады.
19. Барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.
6. Қаржыландыру
20. Іс-шараны қаржыландыру бекітілген смета бойынша жүзеге асады.
21. Қатысушылар мен жетекшінің іссапар шығындары (бару және қайту) жіберуші жақ есебінен өтеледі.