Іс-шаралар хабарламасы
Тіл – жолдардың лабиринті
22 Қар, 11:26
Оқушыларды тілдерді зерттейтін ғылымға тарту мақсатында 2019 жылдың 20 қарашасында лингвистикадан республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті.
ХІІ Президенттік олимпиаданың қорытындысы
19 Қар, 18:02
Президенттік олимпиада – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың жеке тапсырмасымен 2008 жылдан бері өткізілетін маңызды зияткерлік шара болып саналады.
Балалар мен жасөспірімдер командалары арасында шайбалы хоккейден «Жұлдызша» республикалық турнирі
19 Қар, 16:32
ҚР БҒМ Ұлттық ғылыми-тәжірибелік дене шынықтыру орталығы, «Қазақстан шайбалы хоккей Федерациясы» РҚБ және ШҚО білім басқармасымен бірлесе отырып 2019 жылғы 19 қараша күні сағат 11.00 –де Өскемен қаласындағы №24 орта мектептің хоккей модулінде оқушылар командалары арасында шайбалы хоккейден «Жұлдызша» республикалық жарысының ашылу салтанаты болды.
Жарыс аймақта спорттық туризм мен туристік көпсайысты дамыту бойынша кешенді бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде өткізілді
Өзіңе жол – өзін-өзі тануға жол!
14 Қар, 18:57
Шығыс Қазақстан облысының дарынды оқушыларының командасы «Өзін-өзі тану» пәні бойынша Республикалық олимпиадада жалпы командалық 1 орынға ие болды.
Өту уақыты: 2019 жылғы 23 қараша.
Өтетін орыны: №47 жалпы білім беретін мектеп.
Ұйымдастырушылар: Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы.
«Ясауитану» республикалық байқауының қорытындысы
12 Қар, 14:58
Рухани және тарихи мұраны насихаттау мақсатында 2019 жылдың 3-10 қараша аралығында облыс оқушылары республикалық «Ясауитану» байқауына қатысты.
2019 жылдың 30 қазаны мен 3 қарашасы аралығында Алматы қаласында әскер жасына дейінгі жастар арасында әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының Кубогы өтті. Шығыс Қазақстан облысының командасы 14-15 және 16-17 жас шамасындағы 12 қатысушыдан құралды. Сапалы дайындық мақсатында 2019 жылғы 14 қазан мен 24 қазан аралығында Семей қаласының № 44793 әскери бөлімінде оқу-жаттығу жиындары өткізілді.
2019 жылы 02 қарашада Шымкент қаласында «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Шеберлер қаласы: ата-бабалар мұрасын сақтаймыз және дамытамыз» атты өлкетану сәндік-қолданбалы шығармашылығының республикалық көрме-байқауы өткізілді.
Халықаралық білім Олимпиадасы
05 Қар, 17:35
Оқушыларға арналған халықаралық Олимпиада - 29 қазан мен 5 қараша аралығында Анталиядағы туризм академиясы Анталия қаласының әкімдігімен (Түркия Республикасы) бірлесіп және Түркия, Ресей, Қазақстан Республикасы, Түркия қонақүйлері федерациясының демеушілері мен жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының қолдауымен ұйымдастырған ашық және танымдық шара.
Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» республикалық инновациялық идеялар конкурсының қорытындысы
05 Қар, 14:43
2019 жылғы 28 қазан мен 02 қараша аралығында Шығыс Қазақстан облысының командасы Талдықорған қаласында «Ұлы өнертапқышққа алғашқы қадам» республикалық инновациялық идеялар конкурсына қатысты.
Шығыс Қазақстан облысы оқушыларының «Менің кіші Отаным» республикалық конкурсына қатысу қорытындысы
04 Қар, 11:37
Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру барысында Шығыс Қазақстан облысының командасы 2019 жылдың 31 қазаны мен 3 қарашасы аралығында Алматы қаласында өткізілген Республикалық интеллектуалды «Менің кіші Отаным» жас тарихшылар конкурсына қатысты.










