+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
пошта
Іс-шаралар хабарламасы
Оқушылардың республикалық астрономиялық турнирінің облыстық кезеңін өткізу туралы
Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы оқушылардың республикалық астрономиялық турниріне (бұдан әрі- Астротурнир) іріктеу жүргізеді
Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша юниорлық олимпиаданы өткізу туралы
Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы (бұдан әрі - Орталық) 2017 жылдың 1-3 қарашасы аралығында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша юниорлық олимпиада (бұдан әрі – Олимпиада) өтетінін назарларыңызға салады.
Лингвистикадан республикалық олимпиаданың облыстық кезеңін өткізу туралы
Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы қолданбалы лингвистика бойынша дарынды оқушыларды анықтау, дамыту және қолдау үшін лингвистикадан республикалық олимпиада (әрі қарай – Олимпиада) өткізілетіндігін назарларыңызға салады.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» ішкі бағдарламасын жүзеге асыру аясында жас тарихшылардың облыстық «Менің кіші Отаным» зияткерлік конкурсын өткізу туралы
Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы (бұдан әрі – Орталық) 2017 жылдың 5-7 қазаны аралығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» ішкі бағдарламасын жүзеге асыру аясында жас тарихшылардың облыстық «Менің кіші Отаным» зияткерлік конкурсы (бұдан әрі – Конкурс) өтетінін назарларыңызға салады.
Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңін өткізу туралы
Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы жыл сайын 11 сынып оқушылары үшін Президенттік олимпиада (бұдан әрі - Олимпиада) өткізілетінін хабарлайды.
«Рухани жаңғыру» Бағдарламасының «Тәрбие және білім» Ішкі бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Менің Отаным - Қазақстан» жас өлкетанушылар мен туристердің облыстық слетін өткізу туралы
Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы (бұдан әрі – Орталық) 2017 жылдың 18-28 қыркүйегі аралығында Таулы Үлбіде «Рухани жаңғыру» Бағдарламасының «Тәрбие және білім» Ішкі бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Менің Отаным - Қазақстан» жас өлкетанушылар мен туристердің облыстық слеті (бұдан әрі – Слет) өтетінін назарларыңызға салады.
Облыстық интеллектуалдық «Айналайын» сайысын өткізу туралы
Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 2017 жылдың 25 қыркүйегінде оқушылардың оқу қызметін ынталандыру, қазақ тілі пәні бойынша талантты оқушыларды анықтау және оларды қолдау мақсатында 2-11 сынып оқушылары үшін «Қазақ тілі» пәнінен облыстық интеллектуалдық «Айналайын» сайысын өткізетінін назарларыңызға салады.
Дарынды балаларға арналған «Жас полиглот» бейіндік ауысымы өткізу туралы
Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы (бұдан әрі – Орталық) 2017 жылдың 8-12 қыркүйегі аралығында Орталықтың Таулы Үлбідегі базасында дарынды балаларға арналған «Жас полиглот» бейіндік ауысымы (бұдан әрі – Ауысым) өткізілетінін назарларыңызға салады.
«Менің Отаным – Қазақстан» жас өлкетанушы-экологтар мен натуралистердің облыстық Форумын өткізу туралы
Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы (бұдан әрі – Орталық) 2017 жылдың 13-15 қыркүйек аралығында Таулы Үлбіде орналасқан Орталық базасында «Рухани жаңғыру» Бағдарламасының «Тәрбие және білім» Ішкі бағдарламасы аясында «Менің Отаным – Қазақстан» жас өлкетанушы-экологтар мен натуралистердің облыстық форумын (бұдан әрі – Форум) өтетінін назарларыңызға салады.
«Оқушылар арасындағы инновациялық жобалардың ұлттық олимпиадасы» жобасын іске асыратындығын хабарлайды
Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігінің республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы «Қазақстан-2050 ұлттық қозғалысы» Қоғамдық бірлестігімен ынтымақтастық келісім аясында 4 тақырыптық бағыт бойынша (жасыл энергетика, IT, модельдеу және робототехника өнертабыс өмірге пайдалы) «Оқушылар арасындағы инновациялық жобалардың ұлттық олимпиадасы» жобасын іске асыратындығын хабарлайды.
1-7 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен  ғылыми жобаларының республикалық «Зерде»  конкурсының аудандық/қалалық кезеңдерін өткізу туралы
Оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру, талантты және дарынды жас зерттеушілерді іріктеу мен оларға қолдау көрсету мақсатында 1-7 сынып оқушылары арасында зерттеу жұмыстары мен ғылыми жобалардың республикалық «Зерде» конкурсы (бұдан әрі-Конкурс) өткізіледі. Жобаларды қорғау ереже бойынша келесі секцияларда жүргізіледі:
«Кенгуру - математика барлығы үшін» және «Кенгуру-лингвист» атты халықаралық ойын конкурстарын өткізу туралы
Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 2017 жылы 16 наурызда Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы математика пәнінен 3-10 сынып оқушылары үшін «Кенгуру - математика барлығы үшін» және 3-12 сыныптар үшін ағылшын, неміс тілдерінен «Кенгуру-лингвист» атты халықаралық ойын конкурстарын өткізетіндігін назарларыңызға салады.

бiрiншiсi 1 … 26 27 28 29 30 … 45 соңғысы