+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» ішкі бағдарламасын жүзеге асыру аясында жас тарихшылардың облыстық «Менің кіші Отаным» зияткерлік конкурсын өткізу туралы
15 Қыр, 12:13

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» ішкі бағдарламасын жүзеге асыру аясында жас тарихшылардың облыстық «Менің кіші Отаным» зияткерлік конкурсын өткізу туралы

 

Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы (бұдан әрі – Орталық) 2017 жылдың 5-7 қазаны аралығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» ішкі бағдарламасын жүзеге асыру аясында жас тарихшылардың облыстық «Менің кіші Отаным» зияткерлік конкурсы (бұдан әрі – Конкурс) өтетінін назарларыңызға салады.

Конкурстың мақсаты – оқушыларды тарих және өлкетанудан білімге баулу, өскелең ұрпақ бойында патриотизм сезімін тәрбиелеу, ұлттық өзін тануы мен кіші отаныны үшін мақтаныш сезімін анықтау.

Конкурсқа 5-10 сынып оқушылары қатыса алады.

        Конкурс үш кезеңде өтеді:

Бірінші кезең– мектепішілік іріктеу (2017 жылғы 19 қыркүйек);

Екінші кезең– аудандық/қалалық іріктеу (2017 жылғы 22 қыркүйек);

Үшінші кезең– облыстық (2017 жылғы 5-7 қазан).

Конкурс екі айналымда өтеді:

1) «Менің кіші отаным» тарихи калейдоскоп» зерттеу жұмыстары мен жобалар конкурсы – жеке және ұжымдық қатысу;

2) өлке тарихын, тарихи тұлғаларды, айрықша оқиғалар жөніндегі білімдерін анықтауға арналған олимпиада– жеке қатысу.

Аудандық/қалалық білім бөлімдері және дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептердің үйлестірушілері, үлгі бойынша (Қосымша 1) өтінімді 2017 жылдың 26 қыркүйегіне дейін  vk_daryn@mail.ruэлектронды поштасына жіберу қажет.

Сұранысқа қоса тіркеледі:

1)   Аудан/қалалар қатысушыларының, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің және Назарбаев Зияткерлік мектептерінің құрама командаларының тізімі: тегі, аты, әкесінің аты, сыныбы, оқу тілі, білім беру ұйымы, топ жетекшісінің тегі аты, әкесінің аты, лауазымы және ұялы телефонының нөмірі.
2)   мектепішілік іріктеу кезеңінің ұйымдастыру және өткізу туралы есебінің үлгісі:

«Менің отбасымның тарихы – туған өлкемнің тарихы»  көрмесінің қорытындысы, «Менің кіші отаным»  тарихи калейдоскоп» зерттеу жұмыстары мен жобалар конкурсы, өлке тарихын, тарихи тұлғаларды, айрықша оқиғалар жөніндегі білімдерін анықтауға арналған олимпиаданың өткізу қорытындысы

 

Білім беру ұйымының атауы

Қатысушылардың жалпы саны

Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің жалпы саны

Байланыс телефоны

1

2

3

4

5

1

   

 

 

2…

Аудан/қала бойынша қорытынды:

 

 

 

 
3)   аудандық/қалалықіріктеу кезеңінің ұйымдастыру және өткізу туралы есебінің үлгісі бойынша:

«Менің отбасымның тарихы – туған өлкемнің тарихы»  көрмесінің қорытындысы, «Менің кіші отаным»  тарихи калейдоскоп» зерттеу жұмыстары мен жобалар конкурсы, өлке тарихын, тарихи тұлғаларды, айрықша оқиғалар жөніндегі білімдерін анықтауға арналған олимпиаданың өткізу қорытындысы

Білім беру ұйымының атауы

Қатысушылардың жалпы саны

Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің жалпы саны

Байланыс телефоны

1

2

3

4

5

1

   

 

 

2…

   

 

 

Аудан/қала бойынша қорытынды:

 

 

 

Аудандық/қалалық конкурстың жеңімпаздарының ТАӘ аты және жобасының тақырыбы

 

 

 

 

            Әр аудан/қала командаларының, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептер командаларын сандық құрамы 6 адамға дейін:                      5 қатысушы және 1 топ жетекшісі.

          Конкурстың Ережесі (1 Қосымша) қоса берілді.