Іс-шаралар хабарламасы
«Еліміздің еркіндігі – тәуелсіздік» тақырыбында «Балалар бастауы – 2021» әлеуметтік бастамалары конкурсы
26 Қаң, 17:30
2021 жылдың ақпан айынан бастап «Еліміздің еркіндігі – тәуелсіздік» тақырыбындағы «Балалар бастауы – 2021» әлеуметтік бастамаларының конкурсы (бұдан әрі – Конкурс) басталады.
Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы «Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыру аясында 2021 жылдың 4 ақпанында 6-8 сынып оқушылары арасында «Оқы және жеңіске жет» облыстық конкурс-викторина өткізетінін хабарлайды.
ШҚО білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2021 жылғы 28-29 қаңтарда 8-11 сынып оқушылары арасында «Ұшқыр ой алаңы» республикалық пікірсайыс турнирінің облыстық кезеңін қашықтан өткізеді.
2021 жылғы 15 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы қысқы демалыс кезінде өткізілетін «Қысқы ертегі» облыстық қашықтан қар мүсіндері байқауының қорытындысын шығарады.
Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында Қазақстанда «Оқу мектебі» жобасы бастау алды.
«Оқу, немесе халықаралық сарапшылардың пікірінше, оқу сауаттылығы – табысты тұлғаны, бәсекеге қабілеттілікті және қазіргі қоғамда өзара іс-қимыл жасай білуді қалыптастырудың негізгі дағдыларының бірі» - деп атап өтті Білім және ғылым министрі А. Аймағамбетов.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін мерекелеу қарсаңында Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2020 жылдың 10 қарашасынан 10 желтоқсанына дейін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Гүлдене бер, менің Қазақстаным» көркем және сәндік-қолданбалы балалар шығармашылығының облыстық көрме-конкурсын өткізеді.
2020 жылдың 16 қарашасынан 9 желтоқсанына дейін Шығыс Қазақстан облысының «Жас Сарбаз» сынып оқушылары арасында онлайн-форматта «Алау» облыстық әскери-спорттық ойыны өткізіледі.
2020 жылдың 19 қарашасында онлайн режимінде облыстық интеллектуалдық «Асыл тас» конкурсы өткізіледі.
Тестілеуден өту үшін www.shygysdaryn.kz сайтында тіркелу қажет.
Бейбіт Ыстыбаевпен @istybayev_beibit онлайн режимінде тікелей эфир өтетіндігін хабарлайды
11 Қар, 14:57
Шығыс Қазақстан облысыбілім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы күзгі демалыс уақытында «Қазақстан балалары – күзгі интерактив!» концепциясы аясында Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақ күресінен әлем және Азия чемпионы, Қазақ күресіндегі «Түйе палуаны» санатындағы қазақ турнирлерінің бірнеше дүркін жеңімпазы, «Қазақстан барысы» турнирінің үш дүркін жеңімпазы, Дзюдодан Қазақстан чемпионаттарының жүлдегері Бейбіт
5-6 сынып оқушылары үшін республикалық олимпиаданың аудандық/қалалық кезеңіне тестілеуден өту туралы нұсқаулық
22 Қаз, 16:55
Олимпиада резервінің облыстық «Зияткер» сырттай мектебі
15 Қаз, 14:42
Облыстың дарынды балаларын анықтау және оларды облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі зияткерлік олимпиадаларға дайындау, облыстың Олимпиадалық резервін қалыптастыру мақсатында жаратылыстану-математика пәндері бойынша («Математика», «Информатика», «Химия», «Физика», «Биология», «География») олимпиада резервінің облыстық «Зияткер» сырттай мектебі (бұдан әрі - Мектеп) өткізілетінін хабарлайды.
Облыстық «Жас физик» конкурсынан өту жөніндегі нұсқаулық
12 Қаз, 11:55
2020 жылдың 15 қазанда онлайн режимінде облыстық «Жас физик» конкурсы өткізіледі.
Тестілеуден өту үшін www.shygysdaryn.kz сайтында тіркелу қажет.











