+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Алтын Орданың 750 жылдығына, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған «ЖАС САРБАЗ» сынып оқушылары арасында «Алау» облыстық әскери-спорттық ойынының баспасөз хабарламасы
17 Қар, 17:15

2020 жылдың 16 қарашасынан 9 желтоқсанына дейін Шығыс Қазақстан облысының «Жас Сарбаз» сынып оқушылары арасында онлайн-форматта «Алау» облыстық әскери-спорттық ойыны өткізіледі.

Жарысқа облыстың қалалары мен аудандарының әскери-спорттық ойындарының іріктеу кезеңдерінің 21 жеңімпаз командасы қатысады. Қатысушылар саны – «Жас Сарбаз» 5-9 сыныптарының денсаулық жағдайы бойынша жарамды 147 оқушы.

Әскери-спорттық ойын бағдарламасы:

· 2020 жылғы 16-17 қараша – «Алтын Орданың 750 жылдығы» эссе байқауы;

· 2020 жылғы 18-23 қараша – «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 75 жыл» челлендждер конкурсы;

· 2020 жылғы 24-25 қараша – белтемірге тартылу;

· 2020 жылғы 26-27 қараша – арқада жатып денені көтеру;

· 2020 жылғы 28 қараша-1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Сарбаздар әуені» патриоттық әндер фестивалі;

· 2020 жылғы 2-6 желтоқсан – толық емес бөлшектегеннен кейін АК-74 толық емес бөлшектеу және құрастыру;

· 2020 жылғы 7-9 желтоқсан – газтұтқыш кию.

Жиналысты өткізу үшін «alau2020js» Instagram аккаутында онлайн –платформасы құрылды. Жарыс барысын кез келген интернет-пайдаланушы нақты уақыт режимінде тікелей эфирде бақылай алады.