+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek

НУРАХМЕТОВА ЖАНАР БӘРӘМҚЫЗЫ, Шәкәрім атындағы облыстық үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектептің бастауыш сынып мұғалімі, Семей қ.
НУРАХМЕТОВА ЖАНАР БӘРӘМҚЫЗЫ, Шәкәрім атындағы облыстық үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектептің бастауыш сынып мұғалімі, Семей қ.

Жанар Бәрәмқызы – жауапкершілігі мол, шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалім. Ол оқушылардың жеңісі – ұстаз еңбегінің бағаланғаны деп түсінеді. Дарынды оқушылармен жұмыс істеуге көп көңіл бөледі. Оқушылардың қызығушылығын арттырып, қабілеттерін дамыту үшін сабақтарында жаңа интерактивті, инновациялы әдіс-тәсілдерді қолданады. «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсының жеңімпазы (3 дәрежелі диплом). Республикалық ұстаздар Слетының қатысушысы. Жанар Бәрәмқызының оқушылары – әр түрлі дәрежедегі олимпиадалар мен сайыстардың жеңімпаздары. Ол – оқушылар үшін нағыз тәлімгер. Оның біліктілігі, интелегенттілігі, шыншылдығы – көпшілік үшін үлгі тұтарлық іс.

ӨТЕУЛИНОВА ФАРИДА ЗАКАРИЯҚЫЗЫ, Шәкәрім атындағы облыстық  үш тілде оқытатын мамандандырылған  дарынды балаларға арналған мектептің физика пәні мұғалімі,  Семей қ.
ӨТЕУЛИНОВА ФАРИДА ЗАКАРИЯҚЫЗЫ, Шәкәрім атындағы облыстық үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектептің физика пәні мұғалімі, Семей қ.

Фарида Закарияқызы – жоғары санатты физика мұғалімі. Оның  мақсаты – заманауи білімі бар, жан-жақты дамыған, мәдениетті, бәсекеге қабілетті 21 ғасыр оқушыларын тәрбиелеу. Сондықтан, ол мақсатты түрде оқушыларын түрлі деңгейлердегі олимпиадалар мен жарыстарға дайындаумен шұғылданады. Әдістемелік мақалалар қатарын, «Физикадан олимпиадалық есептер шығару жолдары (8-9 сыныптарға арналған оқу-әдістемелік құрал); «Физика-10-11 сыныптарға арналған оқу-әдістемелік құрал»; «Физика - 8 сыныпқа арналған оқу-әдістемелік құрал» оқу-әдістемелік құралдарын жасады. «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсының жүлдегері (3 орын). Облыстық педагогикалық континиумсертификатының иегері. Фариды Закарияқызының оқушылары – физикадан республикалық және халықаралық олимпиадалардың бірнеше дүркін жүлдегері. 

ПОТАПОВА НАТАЛЬЯ АНАТОЛЬЕВНА, №2 Жаңа-Бұқтырма орта мектебі, «Сказка» бала бақшасының педагог-психологы, Зырян ауданы
ПОТАПОВА НАТАЛЬЯ АНАТОЛЬЕВНА, №2 Жаңа-Бұқтырма орта мектебі, «Сказка» бала бақшасының педагог-психологы, Зырян ауданы

Наталья Анатольевна – шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалім. 17 жыл қатарынан «Гармония» өнертапқыш өнер студиясының жетекшісі болып табылады. Оның оқушылары облыстық, республикалық, халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың жеңімпаздары. 6 жылдан астам уақыт бастауыш сынып пен бала бақшаның психологы болып қызмет етті. Баланың ашылмаған ресурстарын, эмоциясын, сезімін ашу үшін өзінің арт-терапея тәжірибесін қолданады. Наталья Анатольевнаүнемі жаңа нәтижеге жетуге ұмтылады. Оның ұраны: «Өз-өзіңді жетілдір». Ол 2013 жылы аудандық, облыстық «Үздік жыл психологы» конкурсынан 1 орын, конкурстың республикалық кезеңінен 2 орын алды.

ТҰРЫМБЕКОВА ШҰҒЫЛА ӘБІЛОВНА, №41орта мектептің  педагог-психологы, Семей қ.
ТҰРЫМБЕКОВА ШҰҒЫЛА ӘБІЛОВНА, №41орта мектептің педагог-психологы, Семей қ.

Шұғыла Әбіловна өзінің білім беру деңгейін жетілдіру үшін үнемі ізденісте болатын адам. Оның өмірлік ұстанымы: «Ақырын жүріп анық бас, еңбегің кетпес далаға». Мектепте жұмыс істей отыра, ол дарынды балалармен психологиялық жұмыс жүргізуге аса көңіл бөледі. Бірнеше ғылыми құсқаулықтар жазды. Ғылыми-практикалық конференциялардың белсенді қатысушысы. Облыстық «Үздік жыл психологы» конкурсында 1 дәрежелі, ал республикада 3 дәрежелі дипломды иеленді. «Жыл мұғалімі» конкурсында жақсы нәтиже көрсетіп, «Шығармашыл мұғалім» номинациясын жеңіп алды. Білім саласына қосқан үлесі үшін білім беру бөлімінің грамотасымен, СМПИ және т.б марапатталды.

БУКЕНЕВА ЖАНАР МИЗАМИЕВНА, Спорттағы дарынды балаларға арналған  мектеп-интернаттың қазақ тілі мен әдебиеті  пәнінің мұғалімі, Өскемен қ.
БУКЕНЕВА ЖАНАР МИЗАМИЕВНА, Спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Өскемен қ.

Жанар Мизамиевна шығармашылықпен жұмыс жүргізетін мұғалім, зерттеу жұмысымен айналысады. Екі электрондық оқулықтың, 20-дан астам ғылыми-әдістемелік мақалалардың авторы. Спорт бағыты бойынша лексикалық материалдарды оқытуға бағытталған «Спорт әлемінде» авторлық бағдарламасын дайындады. Оны республикалық авторлық бағдарламалар конкурсына ұсынып, екінші орын алды. Жанар Мизамиевна қазіргі заманғы мектептерде мультимедиалық технологиялар қазақ тілін оқытудың ажырамас бөлігі болып табылады деп санайды.Ол «Қазақ тілін мультимедиалық технологиялар арқылы оқытудың әдістері мен тәсілдері» тақырыбын зерттеп, жыл сайынғы әртүрлі деңгейдегі ғылыми – практикалық конференциялар мен семинарларда нәтижесін көрсетеді. Өмірлік ұстанымы: «Кім алға қарай жылжымаса, ол сол орнында қалып қояды». Осыған байланысты Жанар үнемі өздігінен білім алуға және өзінің кәсіптік шеберлігінің деңгейін көтеруге ұмтылады. 

БЕКТЕМБАЕВА АЙЯ ФАЗЫЛОВНА, «Арман» бала-бақшасының педагог-психологы,  Семей қ.
БЕКТЕМБАЕВА АЙЯ ФАЗЫЛОВНА, «Арман» бала-бақшасының педагог-психологы, Семей қ.

Айя Фазыловна – шығармашылықпен жұмыс жасайтын педагог-психолог. Оның өмірлік ұраны: «Үйрен! Ізден! Қолдан! Үйрет!» Оның ойынша білім беру орындарында психолог маманының маңызы зор деп есептейді, себебі оқушылардың әр түрлі мәселелерді шешуге, өзін түсініп және өз орнын табуға көмектессе, ұстаздар қауымына оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруда ғылыми тұжырымдамаларды дайындауға қамтамасыз етеді. Бірнеше ұсынымдар жазып, әр түрлі басылымдарда жариялаған. «Үздік жыл психологы» республикалық сайысының жеңімпазы. Білім саласындағы жетістіктері үшін көптеген мадақтамалармен марапатталған. Айя Фазыловна, оқушылар мен ата-аналар үшін жаңа психологиялық тренингтер ойлап тауып, «Дарындылық психология» ғылымның дамуына өз үлесін қосқысы келеді.

ХОЛЯВИНА ТАТЬЯНА ГЕОРГИЕВНА, дарынды балаларға арналған  облыстық мамандандырылған  № 34 мектеп-лицейдің орыс тілі пәні мұғалімі,  Өскемен қаласы
ХОЛЯВИНА ТАТЬЯНА ГЕОРГИЕВНА, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған № 34 мектеп-лицейдің орыс тілі пәні мұғалімі, Өскемен қаласы

Татьяна Георгиевна ұстаз болу – мамандық қана емес, жүрек қалауы деп санайды. Әр оқушысының табысы ұстаздың баланың қабілетіне деген сеніміне, оның табандылығына, төзімділігіне, уақтылы көмек қолын созуына байланысты. Оның оқушылары интеллектуалдық конкурстар мен олимпиадаларда жылда жүлделі орындарды иеленеді. Татьяна Георгиевнаоқушылардың зерттеу қызметін ұйымдастыруға ерекше көңіл бөледі.Оның жетекшілігімен оқушылардың жазған ғылыми жобаларын қазылар алқасы жоғары бағалады: оқушылардың республикалық ғылыми жарыстарында «Механизмы создания экспрессивности в мужских и женских детективах» деген жоба 1–орынға; «Лингвостилистические особенности молодежного политического дискурса» («Нұр Отан» партиясы жастар қанатының көшбасшыларының сөйлеген сөздерінің негізінде), «Виртуальная реальность в романе «Ночной дозор» С.Лукьяненко как прием создания художественного мира произведения» және т.б. жобалары 2-орынға ие болды. «Егер он қадам жасау қажет болса, тоғызы жүріп қойса – тек жолдың жартысы өтті», - деп санайды Татьяна Георгиевна. 

НҰРГҮЛ КУЛЖАГАЗИНОВНА МҰҚАНОВА,  Шәкәрім атындағы дарынды балаларға арналған үш тілде білім беретін облыстық мамандандырылған мектеп мұғалімі, Семей қаласы
НҰРГҮЛ КУЛЖАГАЗИНОВНА МҰҚАНОВА, Шәкәрім атындағы дарынды балаларға арналған үш тілде білім беретін облыстық мамандандырылған мектеп мұғалімі, Семей қаласы

Нұргүл Кулжагазиновна – жұмысында қазіргі заманғы психологиялық -педагогикалық көзқарасты  пайдаланатын креативті ұстаз. Еңбексүйгіштігі мен біліктілігінің, үнемі ізденіс үстінде жүруінің арқасында қызметінде жақсы нәтижелерге қол жеткізді. «Ұстаз - адам жанының бағбаны» деген сөздер ұстаздың өмірлік ұстанымы. Осы халық даналығын басшылыққа алып шәкірттеріне білім беріп қана қоймай, жақсы қасиеттердің дәнін себуге, бойларындағы интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеттерін ашуға ұмтылады. Нургуль Кулжагазиновна – бастауыш сынып мұғалімдері арасындағы қалалық, облыстық олимпиадалардың, 2009 жылғы «Бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің үздік жетекшісі» облыстық конкурсының бас жүлдегері. 2010 жылы «Дарын» ғылыми-практикалық орталығы өткізген VII республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» конкурсында ІІІ орынды иеленді. Нұргүл Кулжагазиновнаның оқушылары - түрлі деңгейлердегі олимпиадалардың бірнеше мәрте жүлдегерлері. 2011 жылғы балалардың зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының республикалық «Зерде» конкурсында оқушысы Русланов Мәди ІІІ орынды жеңіп алды. Нұргүл Кулжагазиновна математикадан республикалық «Бастау» турнирінде 2010 жылы ІІІ орынға ие болған «Индиго» командасының жетекшісі болып табылады. 

ВАСИЛИЙ ВАСИЛЬЕВИЧ ЖУКОВ, Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің физика пәні мұғалімі, Өскемен қаласы
ВАСИЛИЙ ВАСИЛЬЕВИЧ ЖУКОВ, Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің физика пәні мұғалімі, Өскемен қаласы

Василий Васильевич – жоғары санатты физика пәнінің мұғалімі. «Физикалық құбылыстар мен процестермен танысу (5-6 сынып)» курсы арқылы дарынды оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту» деген тақырып бойынша 5жыл бойыжұмыс істей жүріп, ол өз сабақтарында ізденісті, шығармашылық ортаны қалыптастыруға, табиғат туралы ең қызықты ғылымға оқушыларды қызықтыруға тырысады.«Білімді үйрету процесі қызықты әрі сәтті болуы үшін, мұғалім анда – санда болсын күнделікті өмірден арылып, физиканың терең сұлулығын сезінуі қажет», – деп санайды. Василий Васильевич үнемі өз біліктілік деңгейін арттыру үшін жұмыс істейді. Ол – түрлі деңгейлердегі семинарлар мен ғылыми–практикалық конференциялардың, педагогикалық шеберлік конкурстарының белсенді қатысушысы. «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсының жүлдегері. Василий Васильевичтің оқушылары – түрлі олимпиадалардың жүлдегерлері. Оның түлектері Қазақстан мен шетелдердегі жетекші жоғарғы оқу орындарында табысты білім алып жатыр. Олардың көпшілігі физикаға байланысты мамандықтарды таңдаған. Василий Васильевич бос уақытында белсенді демалыспен, балық аулаумен, аспаздықпен айналысады. 

БАЛАУСА ЕРМЕНОВА, химия-биология бағытындағы  Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімі,  Өскемен қаласы
БАЛАУСА ЕРМЕНОВА, химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімі, Өскемен қаласы

Балауса работает учителем в Назарбаев Интеллектуальной Школе и преподает биологию. Онасчитает: «Diligence is the mother of good fortune» («Ынтажігер- сәттіліктіңанасы»). В своей педагогической деятельности большое внимание уделяет   выявлению и развитию одаренности школьников. В республиканской педагогической олимпиаде «Талантливый учитель – одаренным детям», заняла 3 место. В будущем, учитывая современные требования к компетентному специалисту (в частности, педагогу), Балауса планирует в совершенстве освоить английский язык и информационные технологии и применить новые знания в процессе преподавания учебного предмета. Балауса Назарбаев Зияткерлік мектебінде биология пәнінен сабақ береді. Ол: «Diligence is the mother of good fortune» («Ынта, жігер - сәттіліктің анасы») депсанайды. Өзінің ұстаздық қызметінде оқушылардың дарындылығын анықтап, дамытуға көп мән береді. Еңбек өтілі 3 жылға дейінгі ұстаздар арасында өткізілген «Талантты ұстаз – дарынды балаларға» деген республикалық педагогикалық олимпиадада  3-орынға ие болды. Болашақта білікті маманға (жеке алғанда, ұстазға) қойылатын заманауи талаптарды ескере отырып, Балауса ағылшын тілі мен ақпараттық технологияларды жетік меңгеріп, жаңа білімін пәнді оқыту процесі кезінде қолдануды  жоспарлайды.   

НАТАЛЬЯ ИВАНОВНА ДМИТРИЕВА, дарынды балаларға арналған  облыстық мамандандырылған  № 34 мектеп-лицейдің орыс тілі пәні мұғалімі, Өскемен қаласы
НАТАЛЬЯ ИВАНОВНА ДМИТРИЕВА, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған № 34 мектеп-лицейдің орыс тілі пәні мұғалімі, Өскемен қаласы

Наталья Ивановна – көп жылдық еңбек өтілі бар, шығармашылықпен жұмыс істейтін ұстаз. Ол дарынды балалармен жұмысқа көп көңіл бөледі. Оның оқушылары жылда түрлі деңгейлердегі интеллектуалдық олимпиадалар мен жарыстарда жүлдегер болады. Наталья Ивановна: «Ізденген жетер мұратқа!» деп санайды. Ол – түрлі семинарларға, ғылыми-практикалық конференцияларға, педагогикалық шеберлік конкурстарына белсене қатысып отырады. Дарынды балалармен жұмыс бойынша инновациялық–педагогикалық идеялардың республикалық фестивалінің жүлдегері. Наталья Ивановнабос уақытындакітап оқуға әуес. Оның хоббиі - интерьерлерге дизайн жасау, киім үлгісін жасау, саяхат, классикалық музыка. Болашақ жоспары – лицей оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту бойынша жұмысты жалғастыру. 

Шалтаева Майра Нурбековна, дарынды балаларға арналған «Восток» ғылыми-зерттеу дамыта оқытудың арнайы орталық-мектеп-кешені» орта мектебінің психологы, Өскемен қ.
Шалтаева Майра Нурбековна, дарынды балаларға арналған «Восток» ғылыми-зерттеу дамыта оқытудың арнайы орталық-мектеп-кешені» орта мектебінің психологы, Өскемен қ.

Майра Нурбековна – тәжірибелі психолог. Оны айыра танытатын, кәсіби құзырылығы, жауапкершілігі, еңбекке қабылеттілігі, шығармашылығы, балалармен және ата-аналармен қарым-қатынас кезінде кішіпейілділік көрсету. Жұмыс барысында басшылықка алатын өмірлік кредосы: «Жолды жүрген жеңеді». Майра Нурбековна – жан-жақты адам, оның ой-өрісінің ішіндегі қызығушылақтары - өзінің жақсы қасиеттерін, қабілеттерін саналы түрде тәрбиелеп жетілдіру, адамдарды тану, кәсіптік және заманауи әдебиеттерді оқу. Шалтаева М.Н. 2006 ж. облыстың білім жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін ШҚО  білім департаментінің құрмет грамотасымен марапатталды, 2010 ж. инновациялық педагогикалық бастамалардың облыстық фестивалінің жеңімпазы. Облыстық психологтар арасында өткен «2012 жылдың ең үздік психологы» атының иегері, республикалық «2012 жылдың ең үздік психологы» сайысында 2 орын алды. Майра Нурбековнаның оқушылары - облыстық «Зерде» балалардың зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалары  сайыстарының жүлдегерлері (2010, 2011 жылдары), С. Аманжолов атындағы ШҚМУ психология кафедрасы ұйымдастырған психологиядан облыстық қашықтық олимпиадасының жеңімпаздары.