Толеуғайша Авалкановна – тәжірибелі, шығармашылықпен жұмыс атқаратын ұстаз. Ол өз пәнін оқытудың әдістемесін жетік меңгерген. Оқу бағдарламасын оқушылардың барлығының меңгергендігін қамтамасыз етеді, оларда оқуға деген жауапкершілік қатынасты тәрбиелейді. Сабақ құрлымының дәлдігі, соңғы нәтижеге бағыттылығы, оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде жағымды әлеуметтік-психологиялық жағдай жасау оны басқалардан ерекшелейді. Оқушыларды шығармашылық қызметке тартып, ой қызметін белсендіру бойынша үлкен жұмыстар атқарады.Толеугайша Авалкановна дарынды балалармен жұмысқа елеулі көңіл аударады. Ол бағдарламалау бойынша факультатив сабақтарын жүргізеді, оқушыларды әр түрлі деңгейдегі зияткерлік конкурстарға қатысуға даярлайды. Соңғы 5 жыл ішінде оның оқушылары ғылыми жобалардың бірнеше марте жүлдегерлері атанды. Педагог жұмыс барысында түрлі білімдік, соның ішінде, интербелсенді технологияларды қолданады. Әр түрлі деңгейдегі конференция, фестиваль, педагогикалық шеберлік конкурстарына қатысып, жинақталған педагогикалық іс-тәжірибесімен ой бөліседі. 2014-2015 оқу жылы Алматы қаласында өткен республикалық инновациялық-педагогикалық идеялар фестивалінде «Оқытументәрбиелеуде, оқушылардың логикалық ойлауын дамытуда қазақтың қара есептерінің рөлі» тақырыбындағы жобасын қорғап, 2 орынды иеленді.
Виктория Игоревна жұмыс атқарған жылдарында өзін шығармашыл, өзіне және айналадағыларға талап қойғыш педагог ретінде көрсетті. Оқытуда және оқушыларды бағалауда ол өзіндік тәсілді қолданады. Сабақтарында табысқа жетудің жағдаяттарын құрып, оқушылардың шығармашылық белсенділіктерінің негізінде оқуға және пәндерге деген қызығушылықтарын қалыптастырады, олардың өзіндік оқу және ғылыми-зерттеу қызметіне ынталандырады. Математикалық логика (5-7 сыныптарға арналған) авторлық бағдарламаның және математикалық логика сабақтарында логикалық ширату мақсатындағы тапсырмалар жинағының авторы. Виктория Игоревна ұдайы өз білімін көтеріп отырады, педагогика, психология, әдістеме саласындағы жаңа жетістіктерге қызығушылық танытады. Әртүрлі ғылыми-практикалық конференциялар, педагогикалық шеберлік конкурстарының қатысушысы. 2014 жылдың қазан айында Өскемен қаласында өткен аймақаралық жас педагогтардың педагогикалық идеялар фестиваль-конкурсының жеңімпазы. 2015 жылдың мамыр айында Петропавл қаласында өткен «Талантты ұстазға – дарынды оқушы» X халықаралық педагогикалық олимпиадаға қатысып, 2 дәрежелі диплом иегері атанды. Оның өмірлік ұстанымы: «Балаларға және өз кәсібіңе сүйіспеншілік – мұғалім жетістігінің кепілі».
Минира Ерғазықызы балалады оқыту әдістемесін шебер меңгерген, үнемі шығармашылық ізденісте болады, педагогика ғылымының алдыңғы қатарлы озық тәжірибесін оқып, танысады. Инновациялық технологияларды қолданып, жұмыстың ең оңтайлы әдістері мен тәсілдерін енгізеді. Оқыту, тәрбиелеу және дамытудың міндеттерін кешенді түрде шешеді. Қызықты ойындық жаттығулар, әртүрлі өмірлік жағдаяттарды қолданады. Минира Ерғазықызының оқушылары қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен облыстық зияткерлік олимпиадалар және конкурстардың жүлдегерлері. Минира Ерғазықызы өзіндік жетілу деңгейін көтеруге үнемі талпынып отырады. Ол жыл сайын әртүрлі деңгейдегі семинар, ғылыми-практикалық конференциялар, олимпиадаларға қатысады. «Құрмет» иегері, ҚР еңбегі сіңген мұғалімі,ЮНЕСКО мүшесі, Академик Қ.О. Бітібаеваның еңбек өтілінің 45 жылдығына арналып өткізілген ғылыми-практикалық конференцияның қатысушысы. «Талантты ұстазға – дарынды оқушы» халықаралық педагогикалық олимпиадасының 3 дәрежелі дипломымен марапатталған. Өмірлік ұстанымы: «Қыран түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз шәкіртіне талмас талап сыйлайды».
Жазира Амантаевна – жас, бірақ келешегінен зор үміт күттіретін педагог. Оны белсенділік, жауапкершілік, үздік нәтижелерге жетуге талпынысы және әрбір істегі шекті тиімділік ерекшелейді. Мектепте оқушылардың өзіндік басқаруын ұйымдастыру сұрақтарымен айналыса келе, оқушылардың бойында ұйымдастырушылық, сүйіспеншілік, оқу сабақтарына жағымда қатынас тәріздес сапалық қасиеттерді қалыптастырады. «Элита» дебат клубын басқарады. Пікірталас, диалог, тренингтер арқылы Жазира Амантаевна балаларды логикалық ойлауға, өз көзқарасын дәлелдеуге, мәселенің шешімін табуға, команда құрамында жұмыс істеуге және қойылған міндеттерге қол жеткізуге үйретеді. Асқан сыйластық және сенім, балаларға шынайы махаббат, олардың сезіміне ыждағаттылықпен қарау оған ынтымақтастық жағдаят туғызуға көмектеседі. Жазира Амантаевна – әртүрлі деңгейдегі конференциялардың, педагогикалық шеберлік конкурстарының қатысушысы. 2014 жылы «Талантты ұстазға - дарынды оқушы» республикалық педагогикалық олимпиадада 2 дәрежелі дипломмен марапатталды. Жазира Амантаевнаның өмірлік ұстанымы: «Шындық – ең ұтымды стратегия».
Карлығаш Мұратқызы – шығармашылықпен жұмыс атқаратын ұстаз. Оның ойынша, әр мұғалімнің педагогикалық қызметінің негізінде келесі тұжырымдар болуы керек: «баламен бірге қобалжи біліп, оған мәселені шешуге көмектесу», «бала бойына шыдамдылық, табандылық қасиеттерін дарыту, шынайы болуға үйрету». Нақ осы тұжырымдар Қарлығаш Мұратқызы қызметінің негізі. Үздік педагогикалық тәжірибені оқып, танысу мақсатындаәртүрлі деңгейдегі ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарларға белсене қатысады. Жұмыс барысында әртүрлі білімдік, соның ішінде ақпараттық коммуникациялық технологияларды жемісті қолданады. 2013 жылы сыни тұрғыдан ойлау және электрондық оқыту бойынша курстан өтті. 2014 жылы «Талантты ұстазға – дарынды оқушы» педагогикалық олимпиадасының республикалық кезеңінде 3 дәрежелі дипломмен, сонымен бірге, ұстаздар арсында өткен «Тіл шебері» олимпиадасында 1 дәрежелі дипломмен марапатталды. Қарлығаш Мұратқызының оқушылары жыл сайын әртүрлі деңгейдегі зияткерлік конкурстар мен олимпиадалардың жүлдегерлері болады.
Даметкен Мустафовна – пәнді оқытудың заманауи әдістемесін меңгерген ағылшын тілі пәнінің мұғалімі. Педагог кадрлардың біліктілігін көтерудің Қазақстандық бағдарламасының аясында 2 деңгей бойынша мұғалімдерді даярлаудың деңгейлік курсын аяқтаған. Сабақтарын жоғары оқу-әдістемелік деңгейде өткізіп, деңгейлік бағдарламаның шеңберінде коучинг пен менторингті іске асырып, өз тәжірибесімен мектеп мұғалімдерімен аянбай бөліседі. 2014 жылы оның пәнді оқытудағы жаңа бағыттар және жеті модульдің негізгі тұжырымдамаларына сәйкес сараланған «English Literature and Critical Thinking» тақырыбындағы жұмысы «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсында 1 орын алды. Даметкен Мустафавна интернент-олимпиадалардың белсенді қатысушысы, «Үздік нәтиже» КИО, British Bulldog сертификатының иегері (2014 ж), 819 қатысушыдан 65 орын, 2015 жылы – 825 қатысушыдан 6 орын алған. 2014 жылы Даметкен Мустафавнаның оқушылары«Computer Animation and Solving of Geometric Problems» тақырыбындағы жұмысы «Infomatrix» халықаралық ғылыми жобалар конкурсында халықаралық үлгідегі сертификат иегерлері болды. Даметкен Мустафавнаның кәсіби ұстанымы: «A good teacher is like a candle it consumes it self to light the way to others» (Мустафа Кемаль Ататюрк) ұстанады, және бұл тұжырым оның өмірлік айқындамасы және кәсіби борышына сай келеді.
Татьяна Сергеевна – облыстық кәсіби конкурстардың жүлдегері: «География мұғалімінің үздік портфолиосы», «География мұғалімінің үздік видео сабағы». 2014-2015 оқу жылы 11 сынып оқушыларына арналып жазылған «Қазіргі әлемдегі Қазақстан» тақырыбындағы арнайы курс бағдарламасы Алматыда өткен «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсына қатысып, 3 орын диплом иегері атанды. Ұстаз «Орталық Азияға сара жол» халықаралық білімдік экологиялық қорының сертификатталған бапкері болып саналады. 2010 жылдан Татьяна Сергеевна лицейдің «34 карат» командасының басшысы, Қостанай қаласында өткен «Жас геолог» республикалық олимпиадасында осы команда жүлдегер атанды, Қазан қаласында өткен Халықаралық геологиялық олимпиадада бірінші рет жалпы біріншілікте қатысты, Алматыда өткен республикалық геологиялық олимпиаданың лауреаты, Семей қаласында өткен «Жас геолог» бірінші қысқы олимпиадада 3 орын алды. Ұстаз облыстық пәндік олимпиада, география пәні бойынша республикалық олимпиада және геология бойынша Новосибир мемлекеттік университетінің 41-ші Сібір олимпиадасы жүлдегерлерінің тәлімгері.
Гульназ Муратовна гимназияда 20 жылдан аса уақыт жұмыс істейді. Үнемі шығармашылық ізденісте бола отырып, ұстаз өз алдына «Зерттеуші - ұстаз» деңгейіне жетуге мақсат қояды. Педагогикалық тәжірибесін тарату мақсатында жүйелі түрде біліктілігін көтеріп, кәсіби конкурстар мен ғылыми-практикалық конференцияларға қатысады. Озық алдыңғы қатарлы іс-тәжірибеге сүйене келе, авторлық бағдарламалар, оқу-әдістемелік материалдар, нұсқаулықтар жасауға көп көңіл бөледі. Профильдік сынып оқушылары үшін «Семей қаласының қысқаша тарихы» қолданбалы курсын жасақтады. 2014-2015 оқу жылы осы авторлық бағдарламаны республикалық инновациялық-педагогикалық идеялар фестивальі конкурсына ұсынып, 1 дәрежелі дипломды жеңіп алды.
Гульназ Муратовна дарынды, жетілген тұлғаны тәрбиелеу ісінде үлкен үлес қосады. Оның оқушылары пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурсының қалалық, облыстық деңгейлерінің жеңімпаздары. Қазіргі уақытта ұстаздың еңбегі Республикаға танымал: «Ұстаз – бұл бейімділік» энциклопедия материалдарына орай Гульназ Муратовнаға «Жаңашыл ұстаз» атағы берілді. Жемісті еңбегі үшін Гульназ Муратовна мақтау грамоталары және алғыс хаттармен марапатталған.
Лариса Александровна – көп жылдық өтілі бар, кәсіби білікті педагог-психолог. Қазіргі педагогика-психология білімін жетік білетін, заманауи білім беру технологиясын, интерактивті оқыту және интер белсенді инновациялық әдістерді меңгерген. Білім беру ортасында денсаулық сақтау жағдайында оқушылардың ата-аналары және дарынды балалармен жұмысты кәсіби ұйымдастырады. Педагог шығармашыл, ізденгіш, өзінің психологиялық-педагогикалық шеберлігін жетілдіріп отырады. Оның өмірлік ұстанымы: «Оқу және тағы да оқу, әрқашан, барлық жерде және өмір бойы». Туған өлкесін аралап саяхатқа шыққанды, балық аулап, алау қасында әңгіме құрып отырғанды жақсы көреді. Оптимизм және жаңа ізденіс, беймәлімділікті тану - оның мінезіндегі негізі ерекшелік. Республикалық инновациялық-педагогикалық идеялар фестивалінің жүлдегері, облыстық «Үздік жыл психологы» конкурсының номинанты. Балаларға деген шексіз махаббат, мейірбандылық пен шынайылық Лариса Александровнаның басты ерекшелігі.
Светлана Павловна – ол өз ісіне берілген педагог. Ол үшін жұмыстағы ең бастысы – шығармашылық ізденіс, еңбексүйгіштік, жинақылық, жауапкершілік. Светлана Павловна – өз қызметінде әр баланың қабілеттерін анықтаужәне дамыту үшін жағдайлар жасауға акцент істейді. Педагогикалық шеберлік байқауларына, әр түрлі деңгейдегі конференция мен семинарларға белсенді қатысады және де «Өрлеу» БАҰО АҚ ұдайы лекторы болып табылады. Қойылған мақсатқа жетудегі жігерлілігі, батылдығы, педагогикалық қызметін жетілдірудегі талпынысы өз нәтижесін беріп, инновациялық-педагогикалық идеялар фестивалінің облыстық кезеңінде Светлана Павловна 1 орын, республикалықта 3 орынды иеленді. 5-6 сыныптарға арналған «Атамұра» баспасынан басылып шыққан, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің білім беру мекемелерінде пайдалануға ұсынылған «Информатика» оқулығының авторлық ұжымынның құрамына енген.
Мұғалім – бұл бейімділік. Бұған информатика пәнінің мұғалiмi Наталья Анатольевна Беляеванытолық мәнде жатқызуға болады. Оның сабақтарында түсiнушiлiк, тiлектестiк және ынтымақтастық атмосфера басымдық танытады. Наталья Анатольевна – белсенді өмірлік айқындаманы ұстанады, мектептің және қоғамдық мәселелерден тысқары қалмайды. Жоғарғы білімдар, кең пейілді, әрқашан өз ісімен де, сөзімен де көмектесуге дайын. Педагогикалық-инновациялық ойлар фестивалінің, облыстық және республикалық авторлық бағдарламалар конкурстарының жеңімпазы. Оқушылардың облыстық және республикалық ғылыми жобалар конкурстарының жүлдегерлерінің жетекшісі болып табылады. 5-6 сыныптарға арналған «Атамұра» баспасынан басылып шыққан, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің білім беру мекемелерінде пайдалануға ұсынылған «Информатика» оқулығының авторлық ұжымынның құрамына енген.
Гулнара Габдрауфовна – жоғары білікті музыкалық жетекші. Еңбек өтілі – 30 жыл. Халықаралық және республикалық педагогикалық шеберлік конкурстарының ұдайы қатысушысы. «Білім ұясы»: педагог – 2011» облыстық конкурсының бас жүлдесінің иегері, «Тәрбиеші болу бақыт» республикалық конкурсының 1 дәрежелі диплом, республикалық инновациялық-педагогикалық идеялар фестивальінің жүлдегері. Гульнара Габдрауфовна «Біз мектепке барамыз» атты мектепке дейіні ересек балаларды оқыту мен тәрбиелеу бағдараламсының авторы, Астана қаласындағы «Арман-ПВ» баспасынан бірнеше әдістемелік нұсқаулықтарын басып шығарды, Ресей баспаларынан жарық көрген еңбектері бар. «Сәулетай» авторлық бағдарламасы бойынша дарынды балалармен табысты еңбек етеді, қалалық әдістемелік бірлестіктің музыкалық жетекшілерінің басшысы. 2013 жылы «Білімдегі сапалық ізденіс», «Әдістемелік диалог» экспедициясының қатысушысы. 2013 жылы білімнің дамуына қосқан үлесі үшін «ШҚО ұстаздарының даңқ» кітабына енгізілді.