+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Мамандандырылған білім беру ұйымдары педагогтарының «Үш тілде білім беру - оқыту сапасын арттырудың негізі» атты тамыз кеңесінің қорытындысы
17 Там, 03:36

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2016 жылдың 10-11 тамызында Сүлейман Демирель университетінде (Алматы облысы, Қаскелен қ.) мамандандырылған білім беру ұйымдары педагогтарының «Үш тілде білім беру – оқыту сапасын арттырудың негізі» атты тамыз педагогикалық кеңесін (бұдан әрі – Тамыз педкеңесі) өткізді.

Шараның мақсаты – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауында және білім беруді дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында айқындалған міндеттерді іске асыру, дарынды балаларға білім берудің мазмұнын жаңарту үшін жағдай жасау.

Тамыз педкеңесінің жұмысына қатысуға мамандандырылған білім беру ұйымдарының директорлары және орынбасарлары, пән мұғалімдері, республиканың педагогикалық ЖОО-ның ғалымдары, облыстық, Астана және Алматы қалалық білім басқармаларының, дарынды балалармен жұмыс бойынша аймақтық ғылыми-практикалық орталықтардың өкілдері шақырылды.

Бағдарламада келесілер қарастырылды: пленарлық отырыс өткізу, педагогикалық студиялар жұмысы (директорлар қауымдастығы, пән мұғалімдері), инновациялық идеялар панорамасы (республика өңірлерінің қабырға материалдарын презентациялауы, үлестірмелі-әдістемелік және иллюстративтік-дидактикалық материалдармен алмасуы), коучинг сессия жұмыстары, Тамыз педкеңесінің материалдар жинағын шығару қарастырылды.

Тамыз кеңесінің педагогикалық студия жұмыстарының негізгі бағыттары:

- жаңа білім беру үлгісіндегі педагог: критерийлер, уәждеме және құзыреттілік;

- Мемлекеттік құрылыстың нақты қадамы ретінде білім беру жүйесінде ағылшын тілін оқытуға сатылай өту;

- сабақтарда функционалдық сауаттылықты дамыту үшін мектептегі оқыту тәсілдерін жаңарту;

- тұлғаны әлеуметтендіру: мектепте жанұялық тәрбиені кіріктіру;

- білім беру саласында дарындылықты дамыту бойынша психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастырудағы жаңа көзқарас.

Тамыз педкеңесіне ШҚО-дан 17 білім қызметкері қатысты. Педагогикалық студиялар жұмыстарында Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы облыстық дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын мамандандырылған мектеп-гимназияның, дарынды балаларға арналған валеологиялық арнайы мектеп-кешенінің, дарынды балаларға арналған «Восток» дамыта оқыту ғылыми-зерттеу арнайы мектеп-кешен-орталығының, Семей қаласындағы қазақ-түрік лицейінің, облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінің мұғалімдері баяндама жасады.

Тамыз кеңесінің қорытындысы бойынша дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеуде, оларды дамыту мен қолдауда қосқан үлестері үшін: Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы облыстық дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын мамандандырылған мектеп-гимназиясының директоры А.М. Аубакирова; директордың орынбасарлары Б.О. Келдібаева, Т.С. Шайхынова; дарынды балаларға арналған Ш. Уәлиханов атындағы «Жас ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернаты директорының орынбасары А.А. Смаилов; дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты директорының орынбасары Б.О. Ауғанбаева марапатталды.