Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми- практикалық «Дарын» орталығы Дарынды балаларға арналған валеологиялық арнайы мектеп- кешенімен бірлесе отырып 2016 жылдың 19 мамырында мектепке дейінгі балалар арасында «Шығыс жұлдызшалары» атты конкурс өткізді.
Конкурстың мақсаты - мектепке дейінгі жастағы балалардың зияткерлік - шығармашылық әлеуетін және танымдық қызығушылықтарын ынталандыру.
Мектепке дейінгі жастағы балалар өз жобаларын төрт секция бойынша қорғады:
1) Валеология.
2) Экология.
3) Қоршаған ортамен таныстыру.
4) Техникалық құрастыру.
Конкурсқа 26 бала қатысып, оның 17- сі жеңімпаз атанды. Дарынды балаларға арналған валеологиялық арнайы мектеп - кешенінің мұғалімдері оқу- танымдық бағдарламалық ойындар ұйымдастырып, оның нәтижесінде балалар жағымды көңіл - күйге бөленді.
Балаларды табысты жеңістерімен құттықтаймыз!