2016 жылдың 18 сәуірінде Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасының жоспарына сәйкес өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетімен бірлесе отырып, «Алтын белгі» аттестатын алуға үміткер облыс мектептерінің оқушыларына он-лайн режимінде тестілеу өткізді.
«Алтын белгі» аттестатын алуға үміткер оқушылардың жалпы саны 424.
Қазіргі уақытта 4 сынақ онлайн тестілеу өткізілді.
Төртінші онлайн тестілеуде 186 оқушы қатысты. Бесқарағай, Ұлан аудандарының, дарынды балаларға арналған мамандандырылған №34 мектеп-лицейінің, дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының және дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының оқушылары онлайн тестілеуге қатыспады.
Төртінші онлайн тестілеудің қорытындысы бойынша ең жоғарғы балды (125 балл) Семей қаласының экономикалық лицейінің оқушысы Нургалиева Малика алды.
ҰБТ-ға сапалы даярлық болу үшін қалалық (аудандық) білім бөлімдері басшылары, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп директорлары ерекше үлгідегі «Алтын белгі» аттестатын алуға үміткер оқушылардың 100 пайыз тестілеуге қатысуы үшін қажетті жұмыстар жүргізу ұсынылады.
Ерекше үлгідегі «Алтын белгі» аттестатын алуға үміткер оқушылардың төрт онлайн тестілеуге қатысуына салыстырмалы сараптама ұсынылады.