+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Білім жолы - табысқа бастар жол
25 Нау, 17:06

2016 жылдың 25 наурызында Өскемен қаласында жас зияткерлер және болашақ ғылым есігін тұңғыш ашушыларға арналған I Республикалық «Білімге жол» Ұлттық зияткерлік марафонның облыстық кезеңі өтті.

Марафон Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы және «UCMAS Қазақстан» ментальды арифметика халықаралық орталығымен бірлесіп ұйымдастырылды.

Шараның мақсаты - білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, білім беру процесінің барлық қатысушыларының білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету, өзіндік жан-жақты жетілуіне қолдау көрсетіп, шығармашылығын жүзеге асыруға ықпал ету.

Республика бойынша марафон2016 жылдың 27 ақпаны күні Алматыдан бастау алып, Шымкент, Қызылорда қалаларында жалғасын тауып, наурыз айында Өскемен қаласына да келіп жетті.Сонымен қатар, марафон Қазақстанның барлық қалаларын аралап, қорытынды іс-шара еліміздің бас қаласы Астанада өз мәресіне жетеді.     

Іс-шараның серіктестері мен демеушілеріболып: «UCMAS Қазақстан» ментальды арифметика халықаралық орталығының Өскемен қаласындағы филиалы, «Асыл бала» қауымдастығы, «Дарын» түлектерінің қауымдастығы, Cambridge-schoolтілдік желілері, 16 news.kz тәуелсіз ақпараттық сайты, Плеханов атындағы Ресей экономика университетінің Өскемен қаласындағы филиалы, ынтымақтастықты жалғастыруға ниет білдірді.

Шара Өскемен қаласындағы «НұрОрда» мектеп-лицейінде өтті.

Марафонның ашылу салтанатына Шығыс Қазақстан облысы білім беру басқармасы бастығының орынбасары Алла Александровна Нурсеитовақатысушыларға құттықтаусөзін арнады.

200 баланы қамтыған марафон үш жас ерекшелігі бойынша төмендегідей тәртіпте өтіп: мектепке дейінгі даярлық тобы, 1-2 және 3-4-сыныптар, инклюзивті сынып (денсаулығында мүмкіндігі шектеулі балалар) оқушылары үшін келесі бағыттарды қамтыды: математика, жаратылыстану, әдебиет, тарих және Қазақстанның этно-мәдени құндылықтары, өзін-өзі тану, полиглот, логикалық есептер, «Quest» спорттық викторинасы.

Жас қатысушылармен бірге марафонды ұйымдастырушылар да іс-шара барысындағы ықпалдасудан  терең эмоциялық серпіліс алып, құлшынысқа бөленді.

Жас зияткерлердің жұмыстарын бағалаған білікті қазылар алқасы әр баланың жұмысына зеректігі, тапқырлығы мен қиялы үшін ерекше баға берді.

Жас дарындарға сыйлыққа білім орталықтарында оқуға сертификаттар, жұмсақ ойыншықтар, танымдық кітаптар, дамытатын және зияткерлік, үстел үсті ойындары берілді.

Келесі эстафетаны қабыл алған Тараз қаласына Республикалық марафонның символы – үкі Мүсіні берілді.

Салтанатты жабылуда қатысушыларға арнап республикалық, халықаралық шығармашылық конкурстардың лауреаттары музыкалық құттықтауларын жолдады.

Мерекелік көңіл-күйге шабыттанған жас дарындылар өз армандарын ойлап, аспанға шарлар ұшырды. Барлық үміттер мен тілектердің орындалуын шын жүректен тілейміз.

Алғаш рет өткізілген зияткерлік марафонның қатысушылары мен жетекшілерін құттықтаймыз!