+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Жалпы білім беретін «Алтын белгі» аттестатын алуға үміткер оқушыларды «On- line» режимінде екінші тестілеудің қорытындысы
22 Ақп, 13:11

2016 жылдың 18 ақпанында Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасының жоспарына сәйкес өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетімен бірлесе отырып, «Алтын белгі» аттестатын алуға үміткер облыс мектептерінің оқушыларынаон-лайн режимінде тестілеу өткізді.

Аталған шара оқушылардың пән бойынша өз білімдерін тексеруге, ҰБТ-ға психологиялық дайындалуға мүмкіншілік жасайды.

«Алтын белгі» аттестатын алуға үміткер оқушылардың жалпы саны 424. Екінші тестілеуге жалпы 332 оқушы қатысты.

«Алтын белгі» аттестатын алуға үміткер оқушыларға арналған шара жыл бойында әр айдың 18 күні Д. Серікбаев ат. ШҚМТУ оқу порталында www.do.ektu.kzөткізіледі.

«Алтын белгі» аттестатын алуға үміткер оқушылардың екінші онлайн тестілеуге қатысуының қорытындысы ұсынылады.