I. Жалпы ережелер
1) Конкурс психологтардың кәсіби деңгейін арттыруға және шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруға, білім берудегі психологияның тәжірибелік қызметін дамытуға, психологиялық білімді отандық білім беру ісіндегі гуманистік бағыттылықты, тиімділікті, бәсекеге қабілеттілікті арттыруға ықпал ететін міндетті сала ретінде насихаттауға бағытталған.
2) Конкурстың басты шарты Шығыс Қазақстан облысы білім беру ұйымдары психологтарының психологиялық-педагогикалық идеялармен, тәжірибелермен, жобалармен, шығармашылық қызмет нәтижелерімен алмасуы болып табылады.
3) Осы Ереже Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңына», Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес әзірленді.
II. Кокурстың мақсаттары мен міндеттері
Конкурстың басты мақсаты талантты, шығармашылықпен жұмыс істейтін, өз кәсіптік біліктілігін көрсете алатын психологтарды анықтау, қолдау және мадақтау (ынталандыру) болып табылады.
Конкурстың міндеттері:
1. Психологтардың инновациялық тәжірибесі жайлы банкті жинақтау.
2. Шығыс Қазақстан облысындағы үздік тәжірибелі психологтарды анықтау және жаңа буын әдістемелік материалдар коллекциясын қалыптастыру.
3. Қатысушылардың кәсіптік шеберлігінің өсуіне ықпал ету, кәсіптік психологиялық білімнің маңыздылығын арттыру және психология ғылымының мәртебесін көтеру.
4. Психологтардың шығармашылық белсенділігін, креативтік көзқарасын, тиімді әдістерін анықтау және ынталандыру.
ІІІ. Конкурсты ұйымдастыру
Конкурсты дайындау және өткізу барысындағы ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу үшін облыстық ұйымдастыру комитеті құрылады.
Ұйымдастыру комитеті Конкурстың облыстық кезеңін дайындау мен өткізуін басшылыққа ала отырып, қазылар алқасының құрамын тағайындайды, Конкурстың облыстық кезеңінің өткізу бағдарламасын дайындайды, Конкурстың қорытындысын шығарып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттайды.
ІV. Конкурс кезеңдері
Конкурс бірнеше кезеңде өткізіледі:
I кезең – аудандық/қалалық – Шығыс Қазақстан облысының аудандық/қалалық білім бөлімдері 2015 жылдың 27 қыркүйегіне дейін өткізеді.
II кезең – облыстық – Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 2015 жылдың 9 қазанына дейін өткізеді.
III кезең – республикалық – республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығыөткізеді.
Конкурсқа тек тәжірибеде апробациядан өткен және тәжірибеде қолданудағы нәтижелері бар жұмыстар ғана қабылданады.
V. Конкурстың құрылымы мен мазмұны
Облыстық кезең 3 айналым бойынша өткізіледі.
3 жылға дейін еңбек өтілі бар психологтар үшін:
1 айналым. Берілген тақырыптардың біреуіне эссе жазу: «Мен және менің мамандығым», «Психолог – болашақтың мамандығы», «Психолог және Мен», «Менің кәсіби ұстанымым».
Бағалау талаптары:
- ғылыми бағыттылығы және өзектілігі;
- ерекшелігі, тұтастылығы, мазмұны;
- тіл мәдениетінің көркемдігі;
- қол жетімділігі, креативтілігі, қажеттілігі.
Эссенің жалпы көлемі 1,5-2 бет, WORD, 14 қаріп, Times New Roman.
2 айналым. «Өзін-өзін таныстыру» Қатысушылар өздерінің көшбасшылық қабілетін, креативтілігін, пайдалана отырып, өздерін түрлі формада таныстырады (видеоролик, уақыты – 3-5 минут).
Бағалау талаптары:
- психологияның мазмұнын, әдістемелерін игеруі,
- сахналық шеберлігі;
- креативтілігі;
- кәсіби шеберлігі.
3 айналым. Өзі таңдап алған авторлық бағдарламаны презентациялау. (жол арасының интервалы жалаң, МS Word Times New Roman мәтіндік редакторда әріптер мөлшері – 14, жиектері – 25 мм).
Бағалау талаптары:
- тақырыптың өзектілігі;
- таңдап алынған тақырыптың мазмұндылығы;
- кәсіби жан-жақтылығы;
- шығармашылық қабілеті, креативтілігі.
3 жылдан 7 жылға дейін еңбек өтілі бар психологтар үшін:
1 айналым. Берілген тақырыптардың біреуіне эссе жазу: «Мен және менің мамандығым», «Психолог – болашақтың мамандығы», «Психолог және Мен», «Менің кәсіби ұстанымым».
Бағалау талаптары:
- ғылыми бағыттылығы және өзектілігі;
- ерекшелігі, тұтастылығы, мазмұны;
- тіл мәдениетінің көркемдігі;
- қол жетімділігі, креативтілігі, қажеттілігі.
Эссенің жалпы көлемі 1,5-2 бет, WORD, 14 қаріп, Times New Roman.
2 айналым. «Өзін-өзін таныстыру». Қатысушылар өздерінің көшбасшылық қабілетін, креативтілігін, пайдалана отырып, өздерін түрлі формада таныстырады (видеоролик, уақыты – 3-5 минут).
Бағалау талаптары:
- психологияның мазмұнын, әдістемелерін игеруі,
- сахналық шеберлігі;
- креативтілігі;
- кәсіптік шеберлігі.
3 айналым. Психологиядан элективті курс бағдарламасы немесе түзету - дамыту авторлық бағдарламасын презентациялау (презентация, видеоролик, 10-12 минут).
Бағалау талаптары:
- бағдарламаның өзектілігі;
- тапсырмалардың бағдарлама мақсатына сәйкестігі;
- жаттығулар мен тапсырмалар кешенін таңдауда ғылыми негізі;
- бағдарламаның тиімділігі.
7 жылдан астам еңбек өтілі бар психологтар үшін:
1 айналым. Берілген тақырыптардың біреуіне эссе жазу: «Мен және менің мамандығым», «Психолог – болашақтың мамандығы», «Психолог және Мен», «Менің кәсіби ұстанымым».
Бағалау талаптары:
- ғылыми бағыттылығы және өзектілігі;
- ерекшелігі, тұтастылығы, мазмұны;
- тіл мәдениетінің көркемдігі;
- қол жетімділігі, креативтілігі, қажеттілігі.
Эссенің жалпы көлемі 1,5-2 бет, WORD, 14 қаріп, Times New Roman.
2 айналым. Психолог портфолиосы. Портфолиода 3 жұмыстан артық болмау керек.
Бағалау талаптары:
- ұсынылып отырған оқу-әдістемелік материалдың өзектілігі;
- материал мазмұнының іске асыру деңгейі;
- заманауи ақпараттық-кәсіптік технологияларды пайдалану деңгейі;
- ұсынылған материалдардың нәтижелері мониторингі.
3 айналым. Тәжірибелік іс-шара (дамыту-түзету тапсырмалары, шебер-класс, психологиялық тренинг) білім алу процесінің кез-келген қатысушыларымен (оқушылар, педагогтар, өз мектебінің 5-7 өкілдерімен) өткізеді (видеоролик, 10-12 минут).
Бағалау талаптары:
- педагогтың жалпы мәдениеті;
- тиімді психологиялық жағдай туғызу;
- психологтың пәндік-кәсіптік құзыреттілігі.
VІ. Конкурсты қорытындылау
Конкурстың қорытындысы бойынша қазылар алқасы категориялар бойынша конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтайды.
Жүлдегерлер конкурстың қорытынды кезеңіне жолдама алады.
VIІ. Конкурсты қаржыландыру
Ісшараны қаржыландыру бекітілген сметаға сәйкес жүзеге асырылады.
Қатысушылардың іссапар шығындары (жол ақысы, тамақтану, жатын орны), ұйымдастыру жарнасы жіберуші білім мекемелерінің есебінен төленеді.