Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы а. ж. 16-17 тамызында Сүлейман Демирель университетінде (Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелен қ.) мамандандырылған білім беру ұйымдары педагогтарының «Жаңа білім беру бағдарламалары, инновациялық және құзыреттілік тәсіл - табысты мектепке қадам» атты тамыз педагогикалық кеңесін (бұдан әрі – Тамыз педкеңесі) өткізді.
Шараның мақсаты – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауында және 2011-2020 жылдарға арналған Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында айқындалған міндеттерді іске асыру, дарынды балаларға білім берудің мазмұнын жаңартуға жағдай жасау бойынша басым бағыттарды анықтау.
Тамыз педкеңесінің жұмысына қатысуға мамандандырылған білім беру ұйымдарының директорлары және орынбасарлары, пән мұғалімдері, республиканың педагогикалық ЖОО-ның ғалымдары, облыстық, Астана және Алматы қалалық білім басқармаларының, дарынды балалармен жұмыс бойынша аймақтық ғылыми-практикалық орталықтардың өкілдері шақырылды.
Бағдарламада келесілер қарастырылды: пленарлық отырыс өткізу, панельдік сессиялар (директорлар қауымдастығы, пән мұғалімдері), инновациялық идеялар панорамасы (республика өңірлерінің қабырға материалдарын презентациялауы, үлестірмелі-әдістемелік және иллюстративтік-дидактикалық материалдармен алмасуы), коучинг сессия жұмыстары, Тамыз педкеңесінің материалдар жинағын шығару және т.б. қарастырылды.
Тамыз кеңесінің панельдік сессия жұмыстарының негізгі бағыттары:
- білім мазмұнын жаңартуға бағытталған білім беру жүйесінің негізгі бағыттары;
- жаңа білім беру үлгісіндегі педагог: критерийлер, уәждеме және құзыреттілік;
- Мемлекеттік құрылыстың нақты қадамы ретінде білім беру жүйесінде ағылшын тілін оқытуға сатылай өту;
- сабақтарда функционалдық сауаттылықты дамыту үшін мектептегі оқыту тәсілдерін жаңарту;
- тұлғаны әлеуметтендіру: мектепте жанұялық тәрбиені кіріктіру;
- білім беру саласында дарындылықты дамыту бойынша психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастырудағы жаңа көзқарас.
Тамыз педкеңесі барысында дарынды балаларға арналған психологиялық қолайлы ортаны құрастыруды қамтамасыз ететін бірыңғай ашық білім кеңістігін құру сұрақтары, мүмкіндіктер және өмір бойы сапалы білім, тәрбие беру мен дамытудың қолжетімділігі талқыланды. Соның ішінде, білім мазмұнын жаңарту аясында жобалау технологияларды, денсаулықты қорғау мәдениетін дағдыландыруды, дамытушы шығармашылық ортаны құру,отбасы және балалық шақты сақтауды қамтамасыз ету, жауапты ата-аналық қоғам тәрбиелеу, сапалы кадрлық ресурстарын дамытуды енгізу секілді қызметтердің өзекті аспектілері қарастырылды.
Кеңеске қатысушылар баяндамаларының негізгі түйіні , ағымдағы және болашақтағы міндеттерді кешенді түрде шешуде, алға қойған мақсаттарға жетуде ашық құрылымдық диалог орнату және білім жүйесінің барлық деңгейлерінің, отбасы, қоғам мүмкіндіктерін біріктіру қажеттілігі болды. Әсіресе, білім мазмұнын жаңарту мақсатындағы дарынды балаларға білім беру жүйесін дамытудың негізгі бағыттары 2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасына және сондай-ақ «Мемлекет құрылысының әрі қарай дамуының 100 нақты қадамы» Ұлт жоспарымен сәйкес құрылатыны атап өтілді.
Тамыз педкеңесіне ШҚО-дан 22 білім қызметкері қатысты. Панельді сессия жұмыстарында Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы облыстық дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын мамандандырылған мектеп-гимназия мұғалімдері коучинг-сессиялар ұсынды. Тамыз педкеңесінің қорытындысы бойынша коучинг-сессияларды өткізген мұғалімдер мен модераторларға грамоталар табысталды.
Сонымен қатар, ҚР Білім және ғылым минситрлігінің дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеуде, оларды дамыту мен қолдауда қосқан үлестері үшін Семей қаласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік лицейінің мұғалімдері: Н.Е. Ташев, О.А. Юсупов, Р. Иманбаева, Н.Р. Анваров, республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының құрмет грамотасымен Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған №34 мектеп-лицейдің мұғалімі Е.П. Баранова марапатталды.
Тамыз педкеңесінде республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы ағымдағы жылдың 1-30 маусымы аралығында өткізген «Үздік мамандандырылған білім беру ұйымы» конкурсының қорытындысы шығарылып, үздіктер қатарынан табылған Семей қаласының Шәкәрім атындағы облыстық дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын мамандандырылған мектеп-гимназия мен дарынды балаларға арналған Ш. Уәлиханов атындағы «Жас ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернаты ІІІ дәрежелі дипломдармен, «Сұлулық әлемді құтқарады» номинациясында Семей қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған балет мектебі, «Үздік педагогикалық идеялар, әдістемелер, технологиялар» номинациясында Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған №34 мектеп-лицей марапатталды.
Тамыз педкеңесінде үздік көрме материалдарын ұсынғаны үшін ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы дипломмен марапатталды.