+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Жыр жауҺары
09 Мау, 08:56

2015 жылғы 8 маусымда ШҚО білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Туады ерлер Ел үшін..» I Республикалық қазақ батырлық эпосы жыршылар байқауының облыстық кезеңін өткізді.

Жыршылар байқауының негізгі мақсаттары:

- мектеп оқушылары арасында қазақ халқының батырлық эпосын насихаттау;

- қазақстандық патриотизмге, халық поэзиясына, қазақ халқының рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу;

- елдік пен ерлік рухын, намысшылдық қайсарлық қасиеттерді сезіндіру, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту;

-.ұлттық дүниетанымдары мен сана-сезімдерін, тарихи танымдарын қалыптастыру болып табылады.

Шараға Семей, Риддер қалаларынан, Тарбағатай, Аягөз, Глубокое, Көкпекті, Абай, Катонқарағай Күршім аудандарынан және Семей қаласындағы облыстық дарынды балаларға арналған Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын мамандандырылған мектептен барлығы 35 оқушы қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша 8 оқушы жүлдегер атанды (1 орын – 2; 2 орын – 3; 3- орын - 3).

І орын алған жүлдегерлер 9-11 қыркүйек күндері Шығыс-Қазақстан облысы, Абай ауданында өтетін I Республикалық қазақ батырлық эпосы жыршылары байқауына қатысуға жолдама алды.

Облыстық кезең жеңімпаздарының тізімі

«Қайратты туған ер еді...»

Орны

Қатысушының аты-жөні

Қала/аудан

Мектеп

Сынып

І

 

Кенжеғазинов Ақжол, Қаирғалиева Айзат

Аягөз

К.Бозтаев ат. ОМ, Ж.Жабаев ат.ОМ

6                 8

ІI

Алтайұлы Арнұр

Күршім

№3 МГ

6

ІІ

 

Мұратов Ермұхамет

Тарбағатай

Өкепеті ОМ

8

ІІІ

 

Қазезова Жадыра

Көкпекті

М.Әуезов ат. ОМ

8

ІІІ

 

Серікбек Алқар

Глубокое

Бобровка ОМ

8

ІІІ

 

Абдырахманов Нурмухамед

Үржар

І. Жансүгіров ат. ОМ

6

«Алатаудай айбатың, Ер екенсің айтулы»

Орны

Қатысушының аты-жөні

Қала/аудан

Мектеп

Сынып

І

 

Құмар Алтынбыек

Абай

Ш.Әбенов ат. ОМ

10

ІІ

 

Берікханова Арайлым

Аягөз

№5 ОМ

6