2015 жылдың 15 мамырында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес Абай Құнанбаевтың 170 жылдық мерейтойына орай өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы облыстың жалпы білім беретін оқу орындары оқушылары арасында республикалық Абай оқуларының облыстық кезеңін өткізді.
Байқаудың негізгі мақсаттары мен міндеттері:
- мектеп оқушылары арасында Абай және Шәкәрім шығармаларын насихаттау;
- жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының шығармашылық қабілеттіліктерін, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту;
- оқушыларды Абай поэзиясына, ұлы ойшылдың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу;
- тарихи танымдарын, ізгілікке, демократияға және азаматтыққа бағдарланған дүниетанымдары мен сана-сезімдерін, өмірлік айқындамаларын қалыптастыру.
Облыстық Абай оқулары үш бөлім бойынша өткізілді:
- «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы»- Абай мен Шәкәрім шығармаларын жатқа оқу конкурсы;
- «Көңілім әнді ұғады» - Абай мен Шәкәрімнің әндері мен күйлерін орындау конкурсы;
- «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» - жас дарындар конкурсы (өз шығармаларын орындау: өлеңдер, әндер, күйлер).
Байқауға Өскемен, Семей, Риддер қалаларынан, Тарбағатай, Жарма, Ұлан, Аягөз, Глубокое, Бесқарағай, Зырян, Зайсан, Бородулиха, Көкпекті, Күршім, Үржар және Шемонаиха аудандарынан, Семей қаласындағы дарынды балаларға арналған Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын облыстық мамандандырылған мектебі, Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық Жамбыл атындағы мектеп-гимназия-интернаты мен дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған «Восток» дамыта оқыту ғылыми-зерттеу мектеп-кешен-орталығынан барлығы 53 оқушы қатысты.
20 оқушы жүлделі орындарға ие болды. І дәрежелі дипломмен 3, ІІ дәрежелі – 6, ІІІ дәрежелі – 11 қатысушы марапатталды. Жүлдегерлер тізімі қоса беріледі.
Байқау қорытындысы бойынша жүлдегерлер ағымдағы жылдың 10-11 қыркүйегінде Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында өтетін ХVIреспубликалық Абай оқуларына қатысады.
Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!