2015 жылы 26 сәуірде өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетімен бірлесіп облыс мектептерінің оқушыларын«Алтын белгі» аттестатын алуға үміткер оқушыларды он-лайн режимінде тестілеуден өткізді.
Осы акция оқушылардың пән бойынша өз білімдерін тексеруге, БҰТ-ге психологиялық дайындықтарына мүмкіншілік жасайды.
Қалалық (аудандық) білім бөлімдері және дарынды балаларға арналған арнайы мамандандырылған мектептерден «Алтын белгі» аттестатын алуға үміткер оқушылардан облыс бойынша 446 өтінім келіп түсті. Алтыншы тестілеуге 17 оқушы қатысты.
Ең жоғары ұпайды Семей қаласы экономикалық лицейдің оқушысы Шамамбаева Назгуль (121) және Аягөз ауданы №5 ОМ оқушысы Кенжебекова Ажар (120) алды.
«Алтын белгі» аттестатын алуға үміткер оқушыларға арналған 7-ші соңғы тестілеу 26 мамырда өтеді.
Ерекше үлгідегі «Алтын белгі» аттестатын алуға үміткер оқушыларды онлайн тестілеу қорытындысы қосымшада ұсынылады.