2015 жылдың 26 қаңтарында кезекті жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестатына үміткерлер оқушыларға арналған үшінші онлайн тестілеу өтті.
Қалалық, аудандық білім бөлімдері және дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің өтінімдеріне сай «Алтын белгі» аттестатына үміткерлер саны 371 оқушыны құрады.
Үшінші онлайн-тестілеуде 102 оқушы (салыстыру: біріншіде - 190 оқушы, екіншіде – 128 оқушы) қатысты.
Онлайн тестілеуге Абай, Бородулиха, Үржар аудандарының, сонымен қатар Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік лицейі, Семей қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік лицейі, дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық арнайы мектеп-гимназия-интернатының оқушылары қатысқан жоқ.
Жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестатына үміткер облыс оқушыларының онлайн тестілеуге қатысуына салыстырмалы сараптама ұсынылады.