+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Областной интеллектуальный конкурс «Leader»
Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының арасында «Жарқын болашақ» VІІ республикалық KATEV қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңін өткізу
21 Янв, 09:38

1.  Осы ережелер Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының арасында өтетін «Жарқын болашақ» VІІ республикалық KATEV қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңінің (бұдан әрі «Жарқын болашақ» олимпиадасы) мақсаттары мен міндеттерін, ұйымдастыру және өткізу тәртібін белгілейді.

2..Олимпиаданың ұйымдастырушылары: «KATEV» Халықаралық қоғамдық қоры (бұдан әрі – «KATEV» ХҚҚ), Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы (бұдан  әрі – ШҚО ББ), Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы (бұдан әрі – ШҚ ӨҒПО «Дарын»), Өскемен мен Семей қалаларындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ – түрік лицейлері (бұдан әрі – ДБА ШҚО МҚТЛ), «Нұрорда» халықаралық мектебі (бұдан  әрі – «Нұрорда» ХМ).

3. Олимпиада жыл сайын өткізіледі.

II. «Жарқын болашақ» олимпиадасының мақсаттары мен міндеттері:

1. «Жарқын болашақ» олимпиадасының мақсаты:

-    мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту;

-    қазақ халқының мәдени, әдеби және рухани қазыналарын кеңінен насихаттау;

-   оқушылардың шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін, мәдени дүниетанымын дамыту.

2.      «Жарқын болашақ» олимпиадасының негізгі міндеттері:

-   оқушылардың қазақ халқының тіліне, әдебиетіне, салт-дәстүрлеріне, тарихына және мәдениетіне деген қызығушылығын арттыру және оларды үйреніп білуге ынталандыру;

-  тұлғаның өз-өзін дамытуына және өзіндік қабілеттерін жетілдіруіне жағдай жасау;

III. «Жарқын болашақ» олимпиадасын ұйымдастыру және өткізу тәртібі

3. «Жарқын болашақ» олимпиадасына оқыту тіліне қарамастан, мемлекеттік және мемлекеттік емес жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің, гимназиялардың 7–11 сынып оқушылары қатыса алады.

4. «Жарқын болашақ» олимпиадасы 5 конкурсты қамтиды: қазақ тіл білімі мен әдебиеті, ғылыми жоба, жазбаша шығармашылық жұмыс, мәнерлеп оқу, ән айту.(5 конкурстың атауы мен ережелері №3 қосымшада берілген).

5. «Жарқын болашақ» олимпиадасы төрт кезеңнен тұрады:  

1 кезең – қалалық, аудандық кезең. Ол 2014-2015 жылдың қараша –қаңтарайларында (Өскемен қаласы бойынша қалалық кезеңі2015 жылы 30-31 қаңтарда, Семей қаласы бойынша қалалық кезеңі 2014 жылы 21-22 қарашада) өтеді;

2 кезең – облыстық кезең 2015 жылы 27 ақпанда Семей, Өскемен қалаларында болады;

3 кезең – республикалық кезең (финал) 2015 жылы 3-5 сәуірде Астана қаласында өтеді.

6.1. «Жарқын болашақ» олимпиадасының бірінші кезеңінеқатысушылар жайлы тапсырыс (белгіленген мерзімге қарай) ұйымдастырушы орындарға төменде көрсетілген үлгі бойынша өткізіледі:

1.Өскемен қаласы бойынша тапсырысты Өскемен қазақ-түрік лицейі;

2. Семей қаласы бойынша тапсырысты Семей қазақ-түрік лицейі қабылдайды.

3. Аудан мектептері тапсырыстарын жергілікті аудандық білім беру бөліміне немесе аудандық білім беру бөліміндегі ұйымдастыру комитеттеріне өткізеді (сол тапсырыс бойынша қалалық, аудандық кезеңдер өткізіледі);

6.2. «Жарқын болашақ» олимпиадасының бірінші кезеңіне жауапты орындар мен тұлғалар сол кезеңнің қорытындысы бойынша ақпанның 14-іне дейін облыстық ұйымдастыру комитетіне жібереді (қалалық, аудандық жеңімпаздар жайлы мәліметті «Нұрорда» халықаралық мектебінің, Семей қазақ - түрік лицейінің электронды поштасына жіберу қажет);

6.3. Көрсетілген мерзімде екінші кезең өткізіліп, облыстық сайыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері туралы мәліметті Өскемен, Семей қазақ - түрік лицейлерінің ұйымдастыру комитеті наурыздың 15-не дейін республикалық ұйымдастыру комитетіне жібереді (№4 қосымшадағы үлгі бойынша). Республикалық кезеңге облыстық кезеңде бірінші орын алған оқушылар ғана қатыса алады.   

Әрбір ауданнан (қаладан) облысқа, облыстан республикалық кезеңге ұсынылатын оқушы саны төмендегідей:

Конкурс атауы

Тобы

Оқушы саны

Барлығы

«Тілші әдебиетшілер»

қазақ және                өзге ұлт

әр топтан                1 оқушы

2 оқушы

«Жас жазушылар»

қазақ және өзге ұлт

әр топтан           1 оқушы

2 оқушы

«Сөз шеберлері»

қазақ және өзге ұлт

әр топтан          1 оқушы

2 оқушы

«Сөз шеберлері»

қазақ және өзге ұлт

әр топтан 1 оқушы

2 оқушы

«Әнші бұлбұлдар»

қазақ және өзге ұлт

әр топтан 1 оқушы

2 оқушы

7. Бір команда 5 конкурстың барлығына немесе бірнешеуіне қатыса алады. Облыстық және республикалық кезеңге ұсынылатын оқушы саны 10 оқушыдан аспау керек және республикалық кезеңге баратын оқушыларды финал өтетін қалаға апарып әкелуге әр облыстан 1 немесе 2 топ жетекшісі тағайындалады. Іс-сапар шығыны жіберуші білім мекемелерінің есебінен төленеді.

8..«Жарқын болашақ» олимпиадасының «Тілші-әдебиетшілер» конкурсының 1, 2-кезеңдерінің тапсырмаларын жергілікті ұйымдастыру комитеті, ал 4-кезеңнің тапсырмаларын «KATEV» ХҚҚ қазақ тілі бірлестігі дайындайды.

9..Өткен жылдардағы «Жарқын болашақ» олимпиадасының республикалық кезеңінің жеңімпаздары қатыса алмайды.

ІV. Ұйымдастыру комитеті және қазылар алқасы

10. Олимпиаданы өткізу үшін ұйымдастыру комитеті құрылады, оның құрамын ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы, Өскемен және Семей қалаларындағы ШҚО дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ – түрік лицейлері бекітеді.

11. Ұйымдастыру комитетінің қызметі:

       - олимпиаданы ұйымдастырады және өткізуге тікелей басшылық жасайды;

       - қазылар алқасы құрамын бекітеді.

12. Ұйымдастыру комитеттерінің мекен-жайы:

ШҚ ӨҒПО «Дарын», Қабанбай батыр көшесі 74-үй, тел: 8(7232) 700-244; факс 55-20-12, e-mail: vk_darun@mail.ru

Өскемен қаласы, қазақ-түрік лицейі, Лихарев көшесі  5-үй, тел: 8(7232) 251010; факс 25-29-62, e-mail: vko.ktl5@gmail.com

«Нұрорда» халықаралық мектебі, Өтепов көшесі 22/1, телефон-факс:           8-(7232) 60-23-45, е-mail: oskemen@nurorda.kz

Семей қазақ-түрік лицейі, Ш. Уалиханов көшесі, 206-үй, Тел:8 (7222) 77-15-76, e-mail: Semeyktl@gmail.com

V. «Жарқын болашақ» олимпиадасының қазылар алқасы:

12. «Жарқын болашақ» олимпиадасының әрбір конкурсының қазылар алқасы: төраға, 2 мүше және хатшыдан тұрады;

13. Қазылар алқасының міндеттері:

-         қатысушылардың жұмысын тексереді, олардың нәтижесін шығарады;

-   қатысушылардың білімі мен өнерін бағалаудағы даулы мәселелерді талқылайды және қажетті түзетулер енгізеді;

-         жеңімпаздарды анықтайды және жүлделі орындарды бөледі;

-         жеңімпаз оқушылардың мұғалімдерін марапаттау жөнінде ұсыныс енгізеді;

-         Қазылар алқасы тәуелсіз сарапшылардан тұрады;

- ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығына облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша есеп береді.

VI. «Жарқын болашақ» олимпиадасын қорытындылау және қатысушыларды марапаттау

14. «Жарқын болашақ» олимпиадасының ашылуы және қатысушыларды марапаттау рәсімі мерекелік жағдайда өткізіледі.

15. «Жарқын болашақ» олимпиадасының әрбір конкурсы бойынша 6 жүлделі орын: 1 бірінші, 2 екінші, 3 үшінші орын белгіленеді.

16. «Жарқын болашақ» олимпиадасының жеңімпаздары ұйымдастыру комитетінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталады және оларға сыйлықтар табыс етіледі (аудандық, облыстық кезеңнің жеңімпаздары тиісті білім мекемелерінің дипломдарымен, грамоталарымен марапатталады).

17. Жеңімпаздардың мұғалімдеріне грамота беріледі.

18..«Жарқын болашақ» олимпиадасының республикалық кезеңіне қатысқан, «KATEV» ХҚҚ тағайындаған тәуелсіз комиссия мүшесінің назарына ілініп, дауысына ие болған кейбір 11-сынып оқушыларына Сүлейман Демирел атындағы университеттің білім гранты тағайындалады. Грант саны мен олардың иегерлерін Сүлейман Демирел атындағы университет белгілейді. Жеңімпаздардың мұғалімдеріне грамота беріледі.

VIІ. Қаржыландыру

19. «Жарқын болашақ» олимпиадасының 1-3 кезеңдерін жергілікті атқарушы билік қаржыландырады.

20. Оқушының олимпиадаға қатысуға байланысты шығынын жіберіп отырған мекеме көтереді.