Жоғарғы сынып оқушыларына мамандық таңдауда көмек көрсету және Семей қ. Мемлекеттік медициналық университетіне (бұдан әрі - ММУ) дарынды балаларды шақыру мақсатында, ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы Семей қ. ММУ бірлесе отырып 2014 жылдың 26 сәуірінде 11 сынып оқушыларына «Биология» пәні бойынша олимпиада өткізеді.
Олимпиада 2 кезеңнен тұрады. Бірінші кезең – шығармашылық сырттай кезең: медицина және биология тақырыбында оқушылардың эссе жазу қабілетін айқындау (кей тақырыптар ұсынылған). Эссені 2014 жылдың 14 сәуіріне дейін тапсыру қажет.
Екінші кезең – жазбаша тестілеу. Тест биология пәні бойынша жалпы білім беретін пәндер бағдарламасының сұрақтарынан тұрады.
Аудандық (қалалық) білім беру бөлімдерінің бастықтарының, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептердің директорларының қолы мен мөрі қойылған тапсырыстар 2014 жылдың 24 сәуіріне дейін sgmu@mail.ru эл мекенжай бойынша және факс 8 (7222) 569755, 8 (7222) 522747 қабылданады (үлгі қосымша ұсынылады).