+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
ОБРАЗОВАТЕЛЬНО-ОЗДОРОВИТЕЛЬНАЯ ПРОГРАММА «DARYN ACTIVE – 2026» организации летнего отдыха, оздоровления и занятости детей в лагере «Дарын» для детей и подростков в возрасте 9-16 лет
«Қазақстан – жаңа әлемде» атты облыстық сурет және қолданбалы өнер туындылары конкурсының қорытындысы
29 Қар, 05:11

Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы сурет және қолданбалы өнердегі дарынды балаларды анықтау және әрбір оқушының жеке қабілетін дамыту, балалардың жеке шығармашылық және көркемдік қабілеттерін жетілдіру, туған елдің салт-дәстүрі мен мәдениетін құрметтеуге баулу, отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында «Қазақстан – жаңа әлемде» атты облыстық сурет және қолданбалы өнер туындылары конкурсын өткізді.

Байқау оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай (5-6, 7-10, 11-17 жас) және төмендегідей бағыттарда болды:

1) кескіндеме;

2) мүсін өнері;

3) қолданбалы көркем өнер.

Байқауға барлығы 80 жұмыс тіркеліп, қазылар алқасының шешімімен 34 жұмысқа жүлделі орындар берілді.

Барлық қатысушыларға сертификаттар, жеңімпаздарға грамоталар табысталады.