+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
"Көптілділік - әлемдік білім кеңістігіне интеграцияланудың негізгі шарты" республикалық семинарының қорытындысы
18 Қаз, 12:10

2013 жылдың 16-17 қазан  күндері «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы және Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы Шәкәрім атындағы облыстық дарынды балаларға арналған үш тілде oқытатын мамандандырылған мектеппен бірлесіп Семей қаласында дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің педагогтары үшін «Көптілділік - әлемдік білім кеңістігіне интеграцияланудың негізгі шарты» тақырыбында республикалық семинар өткізілді.

Семинар Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеттің жанындағы педагогика жоғары мектебімен бірге өткізілді.

Семинардың мақсаты - әлемдік білім  кеңістігіне интеграциялану мақсатымен көптілділік жағдайында оқытудың іс-тәжірибесін алмасу, жастардың үш тілді меңгеруге деген қызығушылықтарын арттыру және жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу. 

Семнарға Астана, Алматы қалалары мен облыстық білім басқармаларының әдіскерлері мен мамандары, Қазақстан Республикасының  барлық облыстарының жалпы білім беретін мектептерінің  директорлары, орынбасарлары, мұғалімдері бар барлығы 70 адам қатысты.

Пленарлық отырыс кезінде Қазақстан мектептеріндегі көп тілді білім беру жағдайы мен келешегін айқындайтын баяндамалар оқылды.

Шәкәрім атындағы университетте қазақ тілі және әдебиеті, орыс филологиясы және шет тілдер филологиясы кафедраларында ұйымдастырылған секциялар кезінде Республика мектептеріндегі көп тілді білім беруді ұйымдастырудың негізгі мәселелері талқыланды (жеке алғанда, "Үш тілде білім беретін мектептердегі қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің негіздері", "Көп тіл білетін тұлға қалыптастыру - әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу", "Көптілділік – көпмәдениетті тұлға қалыптастыру негізі" және т.б.).

Шәкәрім атындағы облыстық мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп мұғалімдері 16 ашық сабақ берді, әдеби бал көрсетілді.

Семинар аясында "Шұғыла" ғылыми-зерттеу орталығының жұмыс тәжірибесі көрсетілді, “Қазақстан жолы” оқу-тәрбие орталығы ашылды, мектеп оқушыларының зерттеу жобалары мен ғылыми-эксперименттік жұмыстарының ІТ-шеруі, сондай-ақ «Мұғалім шеберханасы», «Оқушылардың шығармашылық жұмыстары» әдістемелік көрмесі  ұйымдастырылды.

Оқу-әдістемелік семинар дөңгелек үстел басында көп тілді білім беру келешегін талқылаумен, қарар қабылданумен аяқталды. Барлық қатысушылар республикалық семинарды жоғары бағалады