+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша ХІХ Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңі
Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті қаламгер Қабдеш Жұмаділовтің туғанына 90 жыл толуына орай жалпы білім беретін ұйымдардың 8-10 сынып оқушылары арасында өткізілетін «Сұлу сөз, көркем ойдың кемеңгері» атты аймақтық байқауының ҚОРЫТЫНДЫСЫ
02 Қаз, 09:39

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес, дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті қаламгер Қабдеш Жұмаділовтің туғанына 90 жыл толуына орай жалпы білім беретін ұйымдардың 8-10 сынып оқушылары арасында «Сұлу сөз, көркем ойдың кемеңгері» атты аймақтық байқауын өткізді.

Бұл байқау жазушының өмірі мен шығармашылығын, әдебиет әлеміне қосқан мол рухани мұрасын зерттеу, ел арасынан әдебиетке бейім дарынды жастарды анықтап, оларға қолдау көрсету және көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру мақсатында ұйымдастырылды.

Талантты оқушыларға Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қор демеушілік жасап, қолдау көрсетті.

Байқауға Абай және Шығыс Қазақстан облыстарының барлық аудандары мен қалаларынан қатысуға қызығушылық танытқан дарынды оқушылар қатысты.

Байқау екі кезеңнен тұрды: бірінші кезең аудан, қалаларда онлайн форматта «Тағдыр оқу айлығы» бағыты бойынша өткізіліп, оған екі облыстың жалпы білім беретін 123 мектебінен 174 оқушы қатысты, аймақтық кезеңге қатысуға 68 оқушыға тапсырыс беріліп, ал солардың ішінен іріктеліп алынған 50 мектептің 51 оқушысы екінші кезеңге - офлайн форматтағы «Менің көзімдегі «Тағдыр» бағытына қатысып сынға түсті.

Өскемен қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің акт залында байқаудың салтанатты жабылу рәсімі өтті.

Байқау қорытындысы бойынша I дәрежелі дипломмен - 5, II дәрежелі дипломмен - 7, III дәрежелі дипломмен - 12 оқушы марапатталды, сондай-ақ I орын иегерлерін байқауға дайындаған мұғалімдері де ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Сонымен қатар, «Үздік әдеби ойды жеткізу» номинациясының арнайы жүлдесімен Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, №35 жалпы білім беретін орта мектебінің 10 сынып оқушысы Демьянов Назар, «Үздік кітап оқуды насихаттаушы» номинациясының арнайы жүлдесімен Абай облысы, Ақсуат ауданы, Би Боранбай атындағы орта мектебінің 8 сынып оқушысы Қалиатқар Бақытнұр марапатталып, ақшалай сыйлықтар алды.

Ал «Үздік кітап оқитын мектеп» номинациясының арнайы жүлдесін Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің Абай атындағы орта мектебі жеңіп алып, оларға көпфункционалды принтер табыс етілді.

Шара соңында жүлдегерлерге дипломдар, ақшалай сертификаттар мен медальдар, ал барлық қатысушыларға байқауға қатысқаны үшін сертификаттар табысталды.

Барлық қатысушыларға сәттілік, жаңа табыс тілейміз!