I. Жалпы ережелер
1. Шығыс Қазақстан облысының Ұлттық Мектеп лигасын (бұдан әрі – Мектеп лигасы) өткізу туралы ереже 2026-2027 оқу жылында мектеп лигасы жарыстарының түрлері бойынша Республикалық регламентке сәйкес әзірленді.
2. Осы Ереже Мектеп лигасының мәртебесін, мақсаттары мен міндеттерін, оны өткізу және қаржыландыру тәртібін анықтайды.
3. Мектеп лигасының мақсаты - оқушыларды дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту.
Мектеп лигасының міндеттері:
- білім алушылар арасында бұқаралық спорт түрлерін танымал ету және спортта дарынды балаларды анықтау;
- мектеп оқушылары арасында (баскетбол, футбол, волейбол, тоғызқұмалақ, асық ату, бес асық, жеңіл атлетика, шахмат, үстел теннисі, гандбол) спорт түрлері бойынша тұрақты спорттық жарыстар ұйымдастыру және өткізу;
- салауатты өмір салтын қалыптастыру;
- мамандандырылған спорт мектептерін толықтыру үшін талантты және жас спортшыларды анықтау.
ІІ. Мектеп лигасын өткізуге басшылық
4. Мектеп лигасын ұйымдастыру және тікелей өткізу туралы жалпы басшылықты Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы жүзеге асырады. Жарысты тікелей өткізу ШҚО білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы КМҚК бекіткен төрешілер алқасына жүктеледі (бұдан әрі – ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы).
5. Мектеп лигасының мектепішілік және аудандық/қалалық іріктеу кезеңдерін өткізуге жауапкершілік аудандық және қалалық әкімдіктерге (білім бөлімдеріне, спорт бөлімдеріне, білім беру ұйымдары басшыларына) жүктеледі.
6. ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығыжарыстарды өткізу үшін базаларды (спорт залдарын, стадиондарды, спорт алаңдарын, медициналық-дене шынықтыру диспансері қызметкерлерінің арасынан жарыс өткізілетін орындарда медицина қызметкерлерінің кезекшілігін ұйымдастыру және т.б.) жүзеге асырады.
7. Әрбір кезеңді өткізу үшін Ұйымдастыру комитеті құрылады.
Мектеп лигасының Ұйымдастыру комитеті:
- жарыстарға қатысуға алдын ала өтінімдер қабылдайды;
- кестеге сәйкес жарыстардың өткізілетін күндерін анықтайды;
- жарыс өтетін күнді кестеде көрсетілген мерзімнен бір ай бұрын өзгертуге құқығы бар;
- командалар мен қатысушыларды жарыстарға жіберу рәсімдерін жүзеге асыру бойынша комиссия құрады;
- Мектеп лигасының бас төрешілер алқасының, спорт түрлері бойынша төрешілер алқасының құрамын бекітеді;
- жарысқа қатысушылардың құқықтарын сақтауды қамтамасыз етеді;
- Мектеп лигасы жарыстарының кезеңдерін өткізу туралы есеп жасайды.
Мандаттық комиссияны өткізуге және спорт түрлері бойынша жарыстарды ұйымдастыруғаДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы жауапты.
ІІІ. Мектеп лигасын өткізу орны мен мерзімі
8. Мектеп лигасы төрт кезеңде өткізіледі:
1-кезең: мектепішілік іріктеу – сыныптар арасындағы жарыстар.
Мақсаты - мектеп құрама командасын құру, мектеп деңгейінде жеңімпаздарды анықтау (мектеп біріншілігі).
2026 жылы қазан-желтоқсан айында өткізіледі (мектепішілік жарыстарды өткізу туралы кесте және оның жеңімпаздары спорт бұрыштарында, стендтерде орналастырылады).
Білім беру ұйымының басшысы іріктеу кезеңінде сынып-командалар арасында спорттық жарыстарды ұйымдастыруға және өткізуге жетекшілік етеді.
Облыстық дарынды балаларға арналған мектептердің командалары мектепішілік кезеңнен кейін жарыстың облыстық кезеңіне қатысуға бірден жіберіледі.
2-кезең: аудандық/қалалық – аудан/қала мектептерінің арасындағы жарыстар.
2026 жылы қазан-желтоқсан аралығында өткізіледі.
Мақсаты – аудан және қала деңгейінде жеңімпаздарды анықтау (қалалық және аудандық біріншілік).
Жарыстарға қатысуға өтінім берген командалар айналма жүйе бойынша ойнайды. 1 орын алған командалар жарыстың 3-ші кезеңіне жіберіледі.
1-ші және 2-ші кезеңдердің қорытынды есебі (фото, ойын хаттамалары, командалардың өтінімдері, турнирлік жағдай және басқа да тиісті құжаттар) ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығына ұсынылады.
Аудандық және қалалық білім бөлімдерінің басшылары аудандық және қалалық кезеңде мектептер арасындағы спорттық жарыстарды ұйымдастыруға және өткізуге жетекшілік етеді.
Облыстық дарынды балаларға арналған мектептердің командалары аудандық/қалалық іріктеу кезеңінің жарыстарына қатыспайды.
3 кезең: облыстық – аудандық/қалалық кезеңнің жеңімпаздары, сондай-ақ, облыстық дарынды балаларға арналған мектептердің командалары арасында жарыстар өткізіледі.
Мақсаты – облыстық деңгейде жеңімпаздарды анықтау (облыс біріншілігі).
Білім басқармасы облыстық кезеңде аудандық және қалалық командалар арасында спорттық жарыстарды ұйымдастыру мен өткізуды үйлестіреді (облыстық кезеңге қатысушылар ҰҒПДТО сайтында тіркеледі).
4 кезең республикалық – ақтық кезең – үшінші кезең өткізген хаттама бойынша үшінші кезеңнің жеңімпаздары арасында өткізіледі.
9. Мектеп лигасының спорт түрлері:
- «Шұбар доп» волейбол - 5-6, 7-8, 9-11 сынып оқушылары арасында (ұлдар);
- «Шұбар доп» волейбол - 5-6, 7-8, 9-11 сынып оқушылары арасында (қыздар);
- «Алтын доп» баскетбол - 5-6, 7-8, 9-11 сынып оқушылары арасында (ұлдар);
- «Алтын доп» баскетбол - 5-6, 7-8, 9-11 сынып оқушылары арасында (қыздар);
- «Былғары доп»футбол - 5-6, 7-8, 9-11 сынып оқушылары арасында(ұлдар);
- «Былғары доп»футбол - 5-6, 7-8, 9-11 сынып оқушылары арасында(қыздар);
- Тоғызқұмалақ 5-6,7-8,9-11 сынып оқушылары арасында(ұлдар, қыздар);
- Асық ату и бес асық - 5-6,7-8,9-11 сынып оқушылары арасында(ұлдар, қыздар);
- Үстел теннисі - 5-6, 7-8 кл, 9-11 сынып оқушылары арасында (ұлдар, қыздар);
- Жеңіл атлетика - 5-6, 7-8, 9-11 сынып оқушылары арасында (ұлдар, қыздар);
- «Ақбозат» - шахмат - 5-6, 7-8, 9-11 сынып оқушылары арасында (ұлдар, қыздар);
- «Теңбіл доп» футзал - 9-11 сынып оқушылары арасында (ұлдар);
- «Теңбіл доп» футзал - 9-11 сынып оқушылары арасында (қыздар);
- «Ұшқыр доп» гандбол - 5-6,7-8,9-11 сынып оқушылары арасында (ұлдар, қыздар).
Лига бағдарламасында көрсетілген спорт түрлері бойынша жарыстар спорт түрлері бойынша федерациялардың қолданыстағы ережелеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес өткізіледі.
Ескертпе * - әрбір қатысушы өзі оқитын сыныптан/мектептен қатысады (қатысушының өз жасы үшін емес екендігі, басқа мектепте оқитыны туралы фактілер анықталған кезде қатысушы дисквалификацияланады және мектеп лигасының қорытындылары бойынша жалпы есепте командаға автоматты түрде соңғы орын беріледі).
Жарысқа қатысушылар ағымдағы оқу жылының 1 қазанға дейін Bilimclass және Ұлттық білім беру деректер қоры жүйесінде (бұдан әрі - ҰББДҚЖ) тіркелуі тиіс.
Лиганың әр кезеңінде спортшылар, жаттықтырушылар, жаттықтырушы-оқутышылар және спорт төрешілері дене шынықтыру және спорт туралы Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі №228-v, 35-2 тармағына сәйкес спорттық әдептілікті сақтау қажет.
2014 жылғы 3 шілдедегі № 228-V Дене шынықтыру және спорт туралы Қазақстан Республикасының Заңы 38-бап. Спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу қағидалары 13,14,15 тараулары.
Педагог мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 293-VІ ҚРЗ.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 385-бабы «Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу».
Мұндай фактілер анықталған жағдайда хаттама толтырылып қатысушы мен команда 1 жылға дисквалификацияланады және осы спорт түрі бойынша командаға автоматты түрде 20+3 ұпай беріледі.
IV. Мектеп лигасының қатысушылары мен шарттары
10. Жарысқа мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары қатыса алады. Балалар-жасөспірімдердің спорттық мектептерінің білім алушылары Мектеп лигасына өздерінің оқып жүрген жалпы білім беретін мектептерінің атынан қатысуға құқылы, осы Ереженің талаптарын орындаумен.
Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептер (ШҚО ББ облыстық мамандандырылған IT-мектеп-лицейі, ШҚО ББ облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты, ШҚО ББ Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» Шығыс Қазақстан облыстық арнайы лицейі, ШҚО ББ Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты, ШҚО ББ облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі) жарыстарда Шығыс Қазақстан облысының ББ қалалары мен аудандары мектептерінің командаларынан бөлек өнер көрсетеді.
11. Мектеп лигасына қатысуға балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, олимпиадалық резервтегі маманндандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, мамандандырылған сыныптар, спорт интернаттары мен академиялардың командалары жіберілмейді.
12. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы №549 бұйрығының 26-тармағы негізінде мектеп лигасына қатысатын ойыншылар осы жарысқа қатысу және дайындық кезінде жазатайым оқиғадан сақтандырылуы тиіс.
Міндетті сақтандыруға жауапты - білім беру бөлімдерінің басшылары, дене шынықтыру мұғалімдері. Жолда және жарыс кезінде спортшылардың қауіпсіздігі мен денсаулығына команда өкілдері мен дене шынықтыру мұғалімдері, жаттықтырушылар жауапты болады.
13. 1 спортшы жас ерекшелігіне сай бірнеше спорт түріне қатысуға құқылы.
14. Жарысқа қатысатын жалпы білім беретін мектеп командасының өзіндік логотипі және бірыңғай спорттық нысаны болуы тиіс.
15. Спорттық жарыстар кезінде дене тәрбиесі педагогы, команда өкілі және өзге де адамдар жарыс кезінде алаңға шығарылмайды.
16. Лига жарыстарының кезеңдерін ұйымдастыруға және өткізуге жауаптылар мыналарды қамтамасыз етуі тиіс:
- жарыстарды өткізу тәртібі мен қауіпсіздігі;
- қызмет көрсетуші персоналдың болуы (медицина қызметкерлері, төрешілер, техникалық қызметикер);
- жарыстарды өткізу кестесі;
- спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету керек.
17. Әрбір кезеңнің қорытындысы бойынша ұйымдастыру комитеті жоғары тұрған құрылымдық бөлімшелерге жарыстарды өткізу туралы есеп (фотосуреттер, бейнематериалдар, ойын хаттамасы және жарыс кестесі) жібереді.
18. Спорт түрлері бойынша жарыстарды өткізу шарттары 4-қосымшада.
V. Қатысуға өтінімдер
19. Спорт түрлері бойынша мектеп лигасының 1-ші, 2-ші және 3-ші кезеңдеріне қатысуға алдын ала өтінімдер жарыс басталғанға дейін 10 күннен кешіктірілмей беріледі.
Әр кезеңге және спорт түріне өтінім жеке беріледі.
20. Мектеп лигасының (облыстық) 3-ші кезеңіне қатысуға өтінім құжаттары ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығынамына мекенжай бойынша беріледі: Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 21, 1-қабат, 106 каб, e-mail: vk_ocfk@mail.ru.
21. Мандаттық комиссияға келесі құжаттар беріледі (Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаған жағдайда қатысушы жарысқа жіберілмейді):
1) аудандық/қалалық білім бөлімдері басшыларының, облыстық мамандандырылған мектептер директорларының қолы қойылған дәрігер куәландырған стандартты үлгідегі өтінім (қосымша №1 )(2 көшірме болуы керек);
2) қатысушының жеке куәлігі (туу туралы куәлік);
3) оқушының осы оқу орнында оқитынын растайтын фотосуреті бар қатысушының жеке карточкасы (қосымша №2);
4) аудандық/қалалық білім бөлімдерінің команда мен команда өкілінің жолдамасы бойынша, қауіпсіздік техникасын сақтау, катысушылардың өмірі мен денсаулығын сақтау жөніндегі хаты (бұйрығы);
5) сақтандыру полисі.
Анықтама телефоны бойынша: 8(72332)702-674.
VІ. Тәртіптік жазалар және наразылық беру
22. Спортшылар және команда жарыстан келесідей жағдайларда шеттетіледі: Жарыстың бедел-бейнесіне нұқсан келтіру, төрешілермен, ұйымдастырушылармен жанжалдасу, ұйымдастыру алқасы мүшелеріне, төрешілерге және көпшілікке қатысты әдепсіз және өрескел мінез құлық көрсету. Спортшылар немесе команда жетекшілері қарсылас команда ойыншыларына және жарысқа катысушы басқа да ойыншыларға дөрекілік көрсетуге, тіл тигізу, адамның ар намысы мен қадір қасиетіне нұқсан келтіру, төбелесу және алкогольді ішімдік ішу, төреші шығарған шешіміне өрескел қарсылық білдіруге тыйым салынады, төмендегі бұзушылық орын алған жағдайда:
1) Жасалған іс-әрекетке қатысқан ойыншыны немесе ойыншыларды жарыстан шеттету;
2) Жасалған іс-әрекетке қатысты команда жетекшілерін, жаттықтырушыларын жарыстан шеттету;
3) Командалық жарыстан шеттету;
4) Команданы немесе команда ойыншысын белгілі мерзімге дейін жарыстан шеттету;
5) Жетекшінің немесе ойыншылардың әдепсіз іс-әрекеттері туралы командалардың білім беру ұйымдарына жазбаша хабарлама беру;
6) Құқық бұзған спортшыны немесе команданы 1 жылға шеттету және командаға 20+3 ұпайын беру.
Ойын аяқталғаннан кейін командалардан наразылық тек дәлелді түрде 1 сағат ішінде жазбаша түрде тек команда жетекшісі беруге құқылы және наразылық келесі ойынға дейін қарастырылып жазбаша түрде шешімі қабылданады, ол Лига ұйымдастырушыларымен және спорт түрі бойынша бас төрешімен қарастырылады. Ешқандайда дәлелсіз келтірілген наразылықтар қабылданбайды және қарастырылмайды.
Ойындарға төрешіні жарыстың бас төрешісі бекітеді және ол ұйымдастыру алқасымен келісіледі. Командалардың төрешіні ауыстыру жөніндегі арыздары қанағаттандырылмайды. Төрешіні ауыстыру және тағайындау құқығына жарысты ұйымдастырушылар алқасы ғана құқылы. Төрешінің шешімдеріне байланысты арыздар қарастырылмайды.
Әр команда жарыс барысында төрешілермен бекітілген кесте бойынша ойын басталардан 15 минут бұрын келіп тұруы тиіс, кестедегі көрсетілген уақыттан кешіккен команда жарысқа жіберілмейді (15 минуттан аспауы тиіс). Жарыс кезінде команда кестеге сәйкес жарысқа толық қатыспаған жағдайда оларға ұпай берілмейді. Команда ойыншылары тәртіп бұзып, ойынды болдырмауға әкеліп соқтырса, тәртіп бұзған командаға ойын ережесіне сәйкес жеңіліс, керісінше қарсылас командаға жеңіс беріледі.
Ескерту!!!
- Ұйымдастыру комитеті мандаттық комиссия аяқталғаннан кейін спортшыны, команданы немесе команда өкілін сұрақтар туындаған жағдайда толықтай тексеруге құқылы (барлық сұралған құжаттарды көрсету міндеттеледі);
- Мандаттық комиссияға дейін, аяқталғаннан да кейін спортшылар, жаттықтырушылар, өкілдер т.б. қарсылас командадағы баланың құжаттарын ұйымдастырушы комитетінің рұқсатынсыз тексеруге тыйым салынады.
VII. Марапаттау
23. Үшінші облыстық кезеңде І, ІІ және ІІІ орын алған командалар естелік кубоктармен және дипломдармен, тиісті дәрежедегі медальдармен марапатталады.
VIII. Қаржыландыру
24. Мектеп лигасының бірінші (мектепішілік) және екінші (аудандық/қалалық) кезеңдерінің шығыстарын аудандық, қалалық ұйымдастыру комитеттері өтейді.
25. Мектеп лигасының облыстық кезеңін қаржыландыруды бекітілген сметаға сәйкес, ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы жүзеге асырады.
26. Командаларды іссапарға жіберуге (тұру, тамақтану, екі жаққа жол жүру, жолдағы тәуліктік), ойын формасын және доптарды сатып алуға байланысты шығыстарды іссапарға жіберуші ұйым (білім бөлімдері, аудан және қалалардың спорт бөлімдері) төлейді.