+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша ХІХ Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңі
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БОЙЫНША БАЛАЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ «ДШЖСБЗ» ОБЛЫСТЫҚ КОНКУРСЫН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ (7-11 сыныптар)
30 Қыр, 09:22

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1. Осы Ереже дене шынықтыру және спорт бойынша балалардың зерттеу жұмыстарының «ДШЖСБЗ» (Дене шынықтыру және спорт бойынша балалардың зерттеулері) облыстық конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) өткізу және қатысу тәртібін, шарттарын реттейді.

Конкурсты өткізу дене шынықтыру және спорт саласындағы ғылыми зерттеулердің тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

1.2. Конкурсты Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы өткізеді.

1.3. Конкурсты ұйымдастыруға және өткізуге жалпы басшылықты ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) жүзеге асырады. Конкурсты ұйымдастыру комитеті Конкурстың барысын жалпы бақылауды жүзеге асырады және қажет болған жағдайда оған түзетулер енгізеді.

1.4. Келіп түскен жұмыстарға сараптама жүргізу және бағалау мақсатында 5 адамнан Сараптамалық кеңес құрылады, құрамы «педагог-шебер», «педагог-зерттеуші» біліктілік санаттары бар педагогтер, ғылыми дәрежелері, атақтары бар оқытушылар, сондай-ақ Конкурстың барлық кезеңдерінде дене шынықтыру және спорт бойынша мамандар мен әдіскерлер қатарынан қалыптастырылады.

2. МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

2.1. Конкурстың мақсаты: білім алушылардың дене шынықтыру саласындағы ғылыми-зерттеу қызметін ынталандыру, салауатты өмір салтын насихаттау, дене тәрбиесі әдістемесін жетілдіру және дарынды білім алушыларды анықтау.

2.2. Қойылған мақсатқа сәйкес міндеттер айқындалды:

- заманауи білімберу жағдайында дене шынықтыру бойынша зерттеулер саласындағы жұмыс тәжірибесін анықтау;

- дене шынықтыру саласындағы зерттеулермен айналысатын оқушылар мен педагогтерге ғылыми-теориялық және әдістемелік көмек көрсету;  

- дене шынықтыру педагогтерінің кәсіби деңгейін арттыру мақсатында үздік педагогикалық тәжірибені өзектендіру;

- дене шынықтыру және спорт саласындағы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын айқындау.

3. КОНКУРСТЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ

1. Дене шынықтыру саласындағы өзекті мәселелер бойынша оқушылардың жобаларын әзірлеу.

2. Дене шынықтыру және спорт саласындағы зерттеулер.

3. Қолданбалы жобалар: әдістемелік/спорттық құралдар, қосымшалар, қолжетімді материалдардан жаттықтырғыштар, бейнематериалдар жасау.

4. КОНКУРСТЫ ӨТКІЗУ МЕРЗІМІ МЕН ТӘРТІБІ

4.1.Конкурс жыл сайын үш кезеңмен өткізіледі:

1. Бірінші кезең (мектепішілік) – 2026 жылғы қыркүйек-қазан;

2. Екінші кезең (аудандық/қалалық) – 2026 жылғы қазан;

3. Үшінші кезең (облыстық) – 2026 жылғы 27 қазан, Өскемен қаласы.

4.2. Конкурстың Сараптамалық кеңесі:

- материалдардың іріктеуін өткізеді;

- үздік жұмыстарды іріктейді;

- рәсімделуі белгіленген критерийлерге сәйкес келмейтін жұмыстар қаралмайды (Ереженің 6, 7-тармақтары).

Конкурсты Ұйымдастыру комитеті облыстық кезеңді өткізу форматын, мерзімдері мен орнын айқындайды, бағдарламаны, қатысушылар тізімін, қорытынды құжатты бекітеді, ұйымдастыру жөніндегі мәселелерді шешеді.

5. БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫЛАР

5.1.Аудандық/қалалық кезеңді аудандық және қалалық білім бөлімдері өткізеді.

5.2. Конкурсқа дене шынықтыру және спорт саласында зерттеу қызметін жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының 7-11 сынып білім алушылары шақырылады.

5.3.Екінші кезеңнің нәтижелері бойынша әр аудан/қаладан үшінші кезеңге қатысу үшін бір жеңімпазды ұсынады.

5.4. Конкурсқа қатысушылар жеке орындалған жұмыстарды ұсынады. Конкурс жетекшісі мен қатысушысын ауыстыруға жол берілмейді.  

5.5. Жетекшілер Конкурсқа қатысушылар үшін Конкурстың облыстық кезеңі өтетін жерге барар жолда, оны өткізу кезінде және тұрғылықты жеріне қайтар жолда толық жауапты болады. Жетекшілер білім беру ұйымы директорының бұйрығымен тағайындалады.

5.6. Конкурстың басым бағыттарына сәйкес қатысушылардың жұмыстары келесі жанрларда ұсынылуы мүмкін:

- баяндамалар;

- жобалар презентациясы.

5.7. Конкурстың облыстық кезеңін өткізу форматы – күндізгі, автордың сөз сөйлеуі PowerPoint форматындағы презентациямен сүйемелденуі тиіс.

5.8. Конкурсқа қатысу үшін Ұйымдастыру комитетінің vk_ocfk@mail.ru электрондық поштасына «ДШЖСБЗ» белгісімен өтінімді (1-қосымша) және бағыттың тақырыбына сәйкес материалдарды 2026 жылғы 20 қазанға дейін жіберу қажет.

5.9. Ұсынылатын жұмысты рәсімдеуге қойылатын талаптар (2-қосымша).

5.10. Өтініш пен жұмыс жеке файлдарда бір папкада жасалуы керек (папка атауында аудан/қала көрсетілуі керек).

5.11. Қатысушылар Сараптамалық кеңес үшін басып шығарылған жұмыстарды қорғау күні ұсынады.  

5.12. 20 қазаннан кейін ұсынылған материалдар қарауға жатпайды.

5.13. Материалдарға авторлық құқығы Конкурс қатысушыларында сақталады. Авторлық құқықтың сақталуына қатысушының өтінімін толтырумен расталатын жұмыс авторлары жауапты болады.

5.14. Ұсынылған Конкурстық жұмыстар рецензияланбайды және қайтарылмайды.

5.15. Апелляция қарастырылмаған.

5.16. «ДШЖСБЗ» облыстық конкурсында аудиторияда қорғау кезінде тек Конкурсқа қатысушылар мен олардың педагогтері, қазылар алқасының мүшелері болады. Аудиторияда педагогтердің, ата-аналардың, туыстарының, мектеп әкімшілігі мен білім бөлімдері өкілдерінің, Конкурсқа қатыспайтын оқушылардың болуына тыйым салынады.

6. КОНКУРСТЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ

6.1. Дене шынықтыру және спорт бойынша оқушылардың «ДШЖСБЗ» балалардың зерттеу жұмыстарының облыстық конкурсын бағалау критерийлері

1. Шығармашылық қабілет:

Автордың зерттеу жүргізу, алынған нәтижелерді талдау және интерпретациялау барысында ғылыми тәсілдерді өз бетінше әрі шығармашылықпен қолдану қабілеті бағаланады:

25-30 балл, егер жұмыс авторы мәселені шешудің жаңа ғылыми тәсілін жасауда шығармашылық қабілеттерін көрсетсе қойылады;

20-25 балл, егер автор деректерді талдаудың немесе жабдықты жаңа қолданудың жаңаша тәсілдерін қолдануда шығармашылықпен айналысса қойылады;

10-20 балл егер деректерді интерпретациялау барысында шығармашылық қабілетін көрсеткен жағдайда тиісті баға қойылады;

10 баллға дейін егер жоба рефераттық сипатта болса қойылады.

2. Ғылыми ойлау: жеке критерийлердің әрқайсысы 3 балл шегінде бағаланады.

Баяндама үшін келесі критерийлер ұсынылады:

1) қарастырылатын мәселенің анық көрсетілуі және оның өзектілігінің негізделуі;   

2) нақты зерттеу міндетінің тұжырымдалу анықтығы;

3) қойылған міндетті шешудің нақты әрі логикалық тұрғыдан құрылған жоспарының болуы;

4) міндетті шешу барысында пайдаланылатын бастапқы деректерді анықтау, ұсыну және белгілеудің анықтығы;

5) алынған нәтижелерді кезең-кезеңімен тексеру қажеттілігінің негізделуі (қажет болған жағдайда) және оны жүргізудің дұрыстығы;     

6) тұжырымдалған қорытындыларды растау үшін ұсынылған деректердің сәйкестігі мен жеткіліктілігі;

7)  қорытындыларды тұжырымдау кезінде автордың алынған нәтижелердің қолданылу шекаралары мен шарттарын түсінуі;

8) қойылған мәселені шешуге бағытталған зерттеудің одан арғы кезеңдеріне қатысты автордың ұсыныстары мен идеяларының болуы;

9) зерттеу тақырыбына сәйкес ғылыми және әдістемелік әдебиеттерді пайдалануы.

3. Зерттеудің қолданылған әдістерінің тиімділігі:

Осы параметр бойынша баға мынадай деңгейлерді ескере отырып қойылады:

10-15 балл,тиісті білім саласында жаңа немесе айтарлықтай нақтылайтын нәтижелер алуға мүмкіндік берген заманауи, тиімді зерттеу әдістерін, мамандандырылған жабдықтарды және/немесе заманауи теориялық тәсілдерді пайдаланса;

5-10 балл,қойылған мақсат пен міндеттерге сәйкес келетін негізді нәтижелерді алуды қамтамасыз еткен стандартты (дәстүрлі) зерттеу әдістерін пайдалаеған кезде;

5 баллға дейін, егержұмыс негізінен реферативті, шолу немесе сипаттамалық сипатта болса және өздік зерттеуді немесе алынған нәтижелерді практикалық апробациялауды қамтымаса.

4. Тақырыпты ашу дәрежесі (мұқияттылық):

Критерийлердің әрқайсысы үшін 3 баллдан аспауы керек. Бұл параметр үшін бағалау жеке критерийлер бойынша бағалаулар негізінде қойылады:

1) жұмыстың дайындық дәрежесі – зерттеудің жоспарланған кезеңдерін орындау және жұмысты көзделген кезеңге (сатыға) дейін жеткізу;

2) зерттелетін мәселенің толық ашылуы – зерттеудің тақырыбы мен мақсатына сәйкес келетін қарастырылатын мәселенің негізгі аспектілерін қамту;

3) қорытындылардың негізділігі – қорытындылардың бір немес бірнеше эксперименттердің, зерттеулердің немесе бақылаулардың нәтижелерімен расталуы;

4) материалды баяндаудың сапасы мен айқындылығы – жоба мазмұнын ұсынудың жүйелілігі, логикалылығы мен толықтығы;

5) альтернативті тәсілдерді білу – қарастырылатын мәселені шешудің қолданыстағы баламалы тәсілдері мен әдістерін автордың түсінуі және ескеруі;

6) жобаның практикалық нәтижелілігі – жобаның практикалық іске асырылғанын растайтын түпкілікті өнімнің болуы (жаттықтырғыш, қосымша, жинақ, электрондық құрал, әдістемелік талдама және т.б.).

5. Шешендік, демонстрациялық материалдың сапасы, айқындығы:

Бұл параметр үшін бағалау жеке критерийлер бойынша бағалауды ескере отырып қойылады:

1) материалды еркін меңгеру, баяндаманың айқындығы мен сенімділігі (3 балл);

2) мультимедиялық презентацияның сапасы мен көрнекілігі, соның ішінде зерттеу немесе эксперимент нәтижелерінің графиктерді, фотоматериалдарды және бейнетіркеуді пайдалану (2 балл);

3) зерттеудің негізгі спорттық-практикалық нәтижелерін бөліп көрсету және оларға назар аудара білу (1 балл);

4) графикалық және статистикалық деректерді ұсынудың көрнекілігі мен ақпараттылығы – 2 баллға дейін (1 балл);

5) қазылар алқасы мүшелерінің сұрақтарына берілген жауаптардың дәлелділігі, дәлдігі мен сауаттылығы (1 балл);

Техникалық жоба үшін:

  1. жұмыстың мақсаты нақты әрі түсінікті тұжырымдалған;
  2. өнертабыстың мақсатты аудиториясы (спортшылар, мектеп оқушылары және т.б.) анықталған;
  3. жоба қазіргі жағдайларды толық іске асырылуы мүмкін. Құрылымы жан-жақты ойластырылған қолданыстағы материалдар мен техгологиялар таңдалған;
  4. құрылғының (немесе макетінің) өзіндік құны есептелген. Автор тренажерді өндірудің қаржылық тұрғыдан тиімді әрі шығыны аз екенін дәлелдеген;
  5. құрылым қауіпсіз, адамға ыңғайлы және анатомиялық ерекшеліктерді ескереді;
  6. жасалған тренажердің мәлімделген мәселені толық шешетіні (мысалы, белгілі бір бұлшықет тобын тиімді жаттықтыруы немесе белгілі бір дағдыны дамытуы) дәлелденген;
  7. қолданыстағы тренажер-аналогтарға толық шолу жасалған. Авторлық шешімнің артықшылықтары (арзандығы, ықшамдылығы, функционалдылығы) нақты көрсетіліп, дәлелденген;
  8. нәтиже шынайы жағдайларда тексерілді ме;
  9. Автордың мәселені шешуге кепілдік беретін зерттеудің келесі кезеңі туралы идеясы бар ма;
  10. Зерттеу тақырыбына сәйкес ғылыми және әдістемелік әдебиеттер пайдаланылған.

Әрбір критерий үшін қоюға болатын максималды баллдар көрсетілген.

Барлық жұмыстар плагиатқа тексеріледі.

ПРЕЗЕНТАЦИЯНЫ БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ

6.2. Жұмыстардың презентациясы жобаларға қойылатын критерийлерге сәйкес бағаланады (6 бөлім).

6.3. Қорғаудың максималды ұзақтығы  - 10 минут.

6.4. Презентация үшін қатысушыларға мультимедиялық жабдықтар жиынтығы (ноутбук, мультимедиялық проектор және т.б.) ұсынылады.

7. ҚОРЫТЫНДЫ ШЫҒАРУ, ҚАТЫСУШЫЛАРДЫ МАРАПАТТАУ

7.1. Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Сараптамалық кеңес мүшелері қойған жиынтық ұпайлардың ең жоғары нәтижесі бойынша анықталады.

7.2. Конкурсқа қатысушылардың барлығына қатысушы сертификаттары беріледі.

7.3. Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ШҚО ББ дипломдармен марапатталады.