І. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже 2-8 сынып оқушыларына арналған «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының конкурсының облыстық кезеңінің (бұдан әрі – Конкурс) ұйымдастырылуын, мақсаты мен міндеттерін, өткізу тәртібі мен қаржыландыруын, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайды.
2. Конкурсты Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы мен дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы (бұдан әрі - «Дарын» ШҚ ДпҚББДҒӘО) ұйымдастырады.
3. Осы Ережелерде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) зерттеу жобасы – оқушының зерттеу сұрағына жауап алуға бағытталған, деректерді жинауды, талдауды және негізделген қорытынды тұжырымдауды қамтитын авторлық жұмысы;
2) инженерлік жоба – белгілі бір мәселені шешуге арналған құрылғыны, модельді, алгоритмді немесе прототипті жобалау, жасау және сынау жөніндегі жұмыс;
3) цифрлық жоба – негізгі нәтижесі оқушы белгілі бір міндетті шешу үшін жасаған немесе едәуір жетілдірген бағдарлама, қолданба, деректер базасы, модель немесе өзге де цифрлық өнім болып табылатын жұмыс;
4) әлеуметтік-гуманитарлық жоба – деректерді талдау, сауалнама немесе өзге де әлеуметтік зерттеу әдісі негізінде нақты әлеуметтік, қоғамдық немесе азаматтық мәселені зерделеуге және шешуге бағытталған жұмыс;
5) шығармашылық-зерттеу жұмысы – тіл, әдебиет, тарих, мәдениет, өнер немесе әлеуметтік практика саласындағы деректерге негізделген авторлық ізденіс;
6) зерттеу күнделігі – идея туындаған сәттен түпкілікті нәтиже алынғанға дейінгі әрекеттер, күндер, деректер, өзгерістер, сәтсіз сынақтар мен рефлексия тіркелетін жұмыс жазбалары;
7) ғылыми жетекші – оқушыға зерттеу әдіснамасы, академиялық адалдық және қауіпсіздік мәселелері бойынша кеңес беретін, бірақ жұмысты оның орнына орындамайтын педагог немесе маман.
4. Конкурстың басты мақсаты оқушылардың ғылымға қызығушылығын арттыру, зерттеу мәдениетін, шығармашылық және инженерлік ойлауын дамыту.
5. Конкурстың басты міндеттері:
- зерттеуге, жобалауға, өнертапқыштыққа және шығармашылық ізденіске қызығушылық танытатын оқушыларды анықтау және қолдау;
- білімді өмірлік жағдайларда қолдану, мәселе қою, деректерді жинау мен талдау, негізделген қорытынды тұжырымдау дағдыларын қалыптастыру;
- бастауыш және негізгі орта білім деңгейлері арасында зерттеу құзыреттерінің сабақтастығын қамтамасыз ету;
- жасанды интеллектіні (бұдан әрі – ЖИ) саналы, қауіпсіз, этикалық және ашық пайдалануға үйрету;
- академиялық адалдықты, жеке жауапкершілікті, зерттеу этикасы мен қауіпсіздік мәдениетін тәрбиелеу;
- инклюзивтілік, тең мүмкіндік және экологиялық жауапкершілік қағидаттарына негізделген, сондай-ақ азаматтық және ұлттық құндылықтарды нығайтуға бағытталған жобаларды ынталандыру;
- оқушылар, педагогтар, жоғары білім беру ұйымдары, ғылыми ұйымдар мен нақты сектор мамандары арасындағы менторлық байланыстарды дамыту.
6. Конкурс заңдылық, ашықтық, транспаренттілік, әділдік және академиялық адалдық қағидаттары негізінде өткізіледі.
2. Конкурсты ұйымдастыру мен өткізу тәртібі
1. Конкурс төрт кезеңнен тұрады:
1) бірінші кезең – мектептік кезең;
2) екінші кезең - аудандық/қалалық (қазанда);
3) үшінші кезең – облыстық (қазан-қараша);
4) төртінші (қорытынды) кезең – республикалық.
2. Конкурсқа 2-8 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары келесі секциялар бойынша қабылданады:
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-МАТЕМАТИКАЛЫҚ БАҒЫТ
|
№ |
Секция |
Сәйкес оқу пәндері мен курстары |
|
1 |
Математика және қолданбалы математика |
Математика (2-6), Алгебра және Геометрия (7 8), қаржылық және математикалық сауаттылық |
|
2 |
Физика, ғарыш және Жер туралы ғылымдар |
Жаратылыстану, Дүниетану, География, Физика, STEM |
|
3 |
Туризм, спорт және өмір қауіпсіздігі |
Дүниетану, География, Дене шынықтыру, Өлкетану, Жеке қауіпсіздік, Жаһандық құзыреттер |
|
4 |
Химия және биология |
Жаратылыстану, Биология, Химия |
|
5 |
Информатика, жасанды интеллект, робототехника және STEM-инженерия |
Цифрлық сауаттылық және ЖИ (2-4), Информатика және ЖИ (5-8), Математика, Робототехника, Көркем еңбек |
|
6 |
Экология, адам денсаулығы және психология |
Жаратылыстану, Биология, География, Дене шынықтыру, Жаһандық құзыреттер |
ҚОҒАМДЫҚ-ГУМАНИТАРЛЫҚ БАҒЫТ
|
№ |
Секция |
Сәйкес оқу пәндері мен курстары |
|
1 |
Қазақ тілі және әдебиеті |
Қазақ тілі, Әдебиеттік оқу, Қазақ әдебиеті |
|
2 |
Орыс тілі және әдебиеті |
Орыс тілі, Әдебиеттік оқу, Орыс әдебиеті |
|
3 |
Шет тілдері және мәдениетаралық коммуникация |
Шет тілі, екінші шет тілі, елтану және коммуникация |
|
4 |
Тарих, өлкетану, құқықтық және азаматтық сауаттылық |
Дүниетану, Қазақстан тарихы, Дүниежүзі тарихы, География, Конституция негіздері, Заң және тәртіп, Жаһандық құзыреттер |
|
5 |
Этномәдениеттану және мәдени мұра |
Дүниетану, Тарих, Әдебиет, География, Музыка, мәдениеттану элементтері |
|
6 |
Технология, өнер, дизайн және креативті индустриялар |
Еңбекке баулу, Бейнелеу өнері, Музыка, Көркем еңбек, дизайн және медиашығармашылық |
3. Конкурс келесі жас санаттары бойынша өткізіледі:
1) «Бастауыш буын» санаты – 2-4 сынып оқушылары;
2) «Орта буын» санаты – 5-8 сынып оқушылары.
4. Конкурсқа қатысу үшін аудандық/қалалық білім бөлімі басшыларының және облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп директорларының қолымен бекітілген өтінім қажет.
5. Облыстық кезеңге әрбір секция бойынша әрбір аудандық/қалалық білім бөлімдерінен және облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерден ІІ кезеңде бірінші орын алған «Бастауыш буын» санатындағы 2 жұмыс және «Орта буын» санатындағы 2 жұмыс ұсынылады.
6. Конкурстың барлық кезеңдерінің бағалау нәтижелері бойынша апелляция беру және оны қарау көзделмейді.
7. Конкурстың III кезеңін қорғау форматы презентация түрінде өткізіледі.
Презентацияны рәсімдеуге қойылатын талаптар:
- титул тақырыбы;
- фон мен мәтіннің түсі бір-біріне қарама – қарсы болуы керек (ақ фон-қара мәтін) 12 слайдтан аспауы керек. Слайдтарды жасау кезінде назар аударыңыз:
- анимациялық эффектілерді теріс пайдаланбаңыз;
- қысқа сөздер мен сөйлемдерді қолданыңыз;
- слайд тақырыптарын бөлектеңіз;
- теру шрифті - Times New Roman, қаріп өлшемі-20, кегль - жол аралығы 1,5 см;
- бір слайдты үлкен ақпаратпен толтырмаңыз.
Жұмыс құрылымы келесі бөлімдерді қамтуы керек:
- мақсат-міндеттер;
- өзектілігі;
- зерттеу сұрақтары (гипотеза);
- әдістер, амалдар, кезеңдер (процедуралар);
- қорытындылар, нәтижелер.
Қорғау барысында конкурстық жұмыстың презентациясына көрнекі материалдар, фотосуреттер, диаграммалар, зерттеу күнделігі, бейне схемалар, суреттер немесе макеттер немесе т.б. қосу қажет.
7. Оқушылардың жұмысы жас ерекшеліктеріне сәйкес болуы керек.
8. Командалық жобада әрбір қатысушы жобаны қорғауға қатысуға, өзі орындаған әрекеттерді түсіндіруге және осы Ережелердің 3-қосымшасына сәйкес авторлық үлес парағында көрсетілген материалдармен өз үлесін растауға міндетті.
Авторлар арасында міндеттердің бөлінуінің толықтығы мен негізділігі 1-қосымшаның 5-критерийі бойынша жобаға ортақ баллмен бағаланады. Әрбір автордың жеке үлесі 1-қосымшаның 8-критерийі бойынша бөлек бағаланады.
Автор өзі орындаған әрекеттерді түсіндіре алмаса немесе оның үлесі ұсынылған материалдармен расталмаса, оған 8-критерий бойынша жеке авторлық үлес үшін балл берілмейді. Бұл ретте сұрақтарға жауап бергені және жұмысты түсінгені үшін 5 баллдан аспайтын балл берілуі мүмкін.
9. Ұйымдастырушы іс-шараның өткізу мерзімдері мен өтетін орнын айқындайды, қазылар алқасының құрамын, Конкурстың бағдарламасын, қатысушылар тізімін бекітеді, ұсынылған конкурстық материалдардың толықтығын тексереді, қорытындылайды және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттайды.
10. Қазылар алқасының құрамына облыстағы жетекші жоғарғы оқу орындарының ғалымдары, профессорлары ғылым кандидаттары, доценттері мен оқытушылары, «Назарбаев зияткерлік мектебі» ДББҰ ұстаздары кіреді.
11. Қазылар алқасы конкурстық жұмыстарды тыңдайды және тексереді, оларды 1-қосымшада белгіленген критерийлер бойынша бағалайды, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайды.
12. Қазылар алқасының мүшесі қатысушының туысы, ғылыми жетекшісі немесе мұғалімі болса, сонымен қатар бағаланатын жұмысты дайындауға үлес қосқан болса, ол бағалау басталғанға дейін бұл жайттар туралы ұйымдастырушыға хабарлауға міндетті.
13. Конкурстың IV кезеңіне қатысу үшін III кезеңнің ұйымдастырушылары конкурстық жұмыстарды, аннотацияларды, ғылыми жетекшілердің пікірлерін, мәтіндік сәйкестікті тексеру (антиплагиат) нәтижелері туралы анықтаманы, ЖИ пайдалану туралы декларацияны, этика және қауіпсіздік жөніндегі бақылау парағын, зерттеу күнделігін, ал командалық жоба үшін – авторлық үлес парағын қоса берген өтінімді ұсынады.
14. Конкурстың республикалық кезеңі ғылыми жобаларды жария қорғау түрінде көрме-жәрмеңке форматында өткізіледі. Әрбір жобаға жеке көрме орны, үстел және тіркеу коды (шифры) беріледі. Қатысушы өз жобасын жиналмалы көрме стендтің алдында, прототип, макет немесе басқа да көрнекі материалдарды пайдалана отырып қорғайды. Қазылар алқасының мүшелері белгіленген тәртіппен көрме стендтерін аралап, жұмыстарды бағалайды. Жоба авторына немесе қосавторларына жұмысты таныстыруға (қорғауға) 5-7 минут және сұрақтарға жауап беруге 3 минут беріледі.
3. Конкурс қатысушылары және ғылыми жетекшілерге қойылатын талаптар
1. Байқауға 2–8 сынып оқушылары арасынан жас зерттеушілер жеке немесе команда құрамында қатыса алады (командалық – 2 қатысушыдан аспауы тиіс). Команда мүшелері бір жас санатына жатуы тиіс.
2. Конкурсқа қатыса отырып, оқушы (ата-анасы, заңды өкілдері) жеке деректерін өңдеуге, сондай-ақ, фото-бейне түсірілімге рұқсат береді.
3. Жұмыс қатысушының жасына, оқу бағдарламасына және оның меңгерген құзыреттеріне сай болуы тиіс. Ересектердің, зертхана қызметкерлерінің немесе ЖИ құралдарының көмегі оқушының өзіндік еңбегін алмастырмауы тиіс.
4. Конкурстық жұмысқа бір ғылыми жетекші тағайындауға немесе пәнаралық жобаның ерекшеліктерін ескере отырып, бір жұмысқа екі ғылыми жетекші тағайындауға жол беріледі.
5. Ғылыми жетекші зерттеу әдіснамасы, академиялық адалдық, деректердің дұрыстығы және қауіпсіздік мәселелері бойынша кеңес береді, бірақ зерттеу сұрағын тұжырымдамайды, негізгі деректерді жинамайды, талдау жүргізбейді, қорытынды тұжырымдамайды және қорғау мәтінін дайындамайды. Әрбір жетекшінің пәндік және әдістемелік үлесі өтінімде көрсетіледі.
4. Конкурстық жұмыстарға қойылатын талаптар
1. Жұмыстар жаратылыстану-математикалық және қоғамдық гуманитарлық бағыттардың секциялары бойынша қабылданады.
2. Жоба зерттеу, инженерлік, цифрлық, әлеуметтік-гуманитарлық немесе шығармашылық-зерттеу сипатында болуы мүмкін және міндетті түрде авторлық сұрақты, әрекетті, деректерді немесе жасалған өнімді, сондай-ақ негізделген қорытындыны қамтуы тиіс.
3. 2-8 сынып оқушыларының жұмыстарының мазмұнына қойылатын талаптар: 1) мәселе, зерттеудің мақсаты, міндеттері және қажет болған жағдайда болжам нақты көрсетіледі; 2) зерттеу әдістері мен жұмыс жоспары ұсынылады; 3) зерттеу барысында кемінде бір сәйкес әдіс қолданылады: бақылау, өлшеу, салыстыру, сауалнама, эксперимент, модельдеу, шығармашылық талдау немесе өзге де әдіс; 4) деректер жиналады, салыстырылады және кесте, диаграмма, сурет түрінде немесе өзге де тәсілмен ұсынылады; 5) алынған нәтижелерге негізделген қорытынды, жұмыстың практикалық маңызы мен шектеулері, одан әрі зерттеу бағыты және «мен не үйрендім, нені жетілдіремін?» рефлексиясы ұсынылады; 6) кемінде үш сенімді дереккөз пайдаланылады және зерттеу күнделігі жүргізіледі.
4. Жұмыс қазақ немесе орыс тілінде ұсынылады. Қорғау тілін қатысушы өзі таңдайды. Шет тілі секциясында жұмыстың негізгі мәтіні қазақ немесе орыс тілінде ұсынылуы мүмкін, ал зерттеу материалы мен қорғаудың тиісті бөлігі – үйреніп жатқан тілде.
5. Жұмысты ресімдеуге қойылатын талаптар:
1) беттің форматы – А4; негізгі қаріп – Times New Roman, 14 кегль; кестелерде – кемінде 10 кегль;
2) жоларалық интервал – 1,5; абзацтық шегініс – 1,25 см;
3) жиектер: сол жағы – 3 см, оң, жоғарғы және төменгі жағы – әрқайсысы 2 см;
4) бет нөмірі төменде ортасында орналастырылады; титул парағында нөмір көрсетілмейді;
5) суреттер, кестелер және диаграммалар нөмірленеді, олардың атаулары мен дереккөздері көрсетіледі;
6) ерекше білім беру қажеттіліктері бар қатысушы үшін оқылымдылықты арттыратын балама шрифт, үлкейтілген кегль және қолжетімді электрондық формат қолдануға жол беріледі.
6. Жұмыстың құрылымы: титул парағы; мазмұны; аннотация; кіріспе; зерттеу/жобалау бөлімі; нәтижелер мен талқылау; қорытынды және рефлексия; пайдаланылған дереккөздер; қосымшалар. Жұмыстың негізгі мәтінінің ұсынылатын көлемі (титул парағын, мазмұнын, қосымшалар мен дереккөздер тізімін есептемегенде) «Бастауыш буын» санаты үшін 15 беттен, «Орта буын» санаты үшін 30 беттен аспауы тиіс.
7. Аннотацияның көлемі «Бастауыш буын» санаты үшін 150 сөзден, «Орта буын» санаты үшін 200 сөзден аспауы тиіс. Аннотацияда мақсат, өзектілік, зерттеу сұрағы/болжамы, әдістер, негізгі нәтиже және қорытынды қамтылады.
8. Титул парағы осы Ережелердің 4-қосымшасына сәйкес ресімделеді.
9. Бұрынғы оқу жылдарында Конкурсқа немесе өзге конкурсқа мазмұны, әдістері немесе нәтижелері елеулі өзгертілместен бұрын ұсынылған жұмыс қабылданбайды. Аталған шектеу ағымдағы оқу жылында бір жұмыстың Конкурстың келесі кезеңдеріне кезең-кезеңімен өтуіне қатысты қолданылмайды.
5. Қорытындысын шығару және жеңімпаздарды марапаттау
1. «Бастауыш буын» және «Орта буын» санаттарындағы жұмыстар 1 қосымшада белгіленген бірыңғай бағалау критерийлеріне сәйкес 100 баллдық жүйе бойынша бағаланады.
2. Әрбір жұмысты кемінде үш қазылар алқасының мүшесі тәуелсіз бағалайды. Қорытынды балл жеке бағалардың орта арифметикалық мәні ретінде есептеледі және жүзден бір бөлікке дейін дөңгеленеді.
3. Бағалау кезінде басым түрде оқушының жасына сай ойлау дербестігі, зерттеу процесі, нақты дәлелдер, әдістің дұрыстығы, нәтиженің маңыздылығы және қорғау кезінде жұмысты түсінуі ескеріледі. Күрделі жабдық немесе қымбат материалдардың өздігінен артықшылығы болмайды.
4. Жеке жобаның қорытынды баллы барлық бағалау критерийлері бойынша баллдарды қосу арқылы есептеледі. Командалық жобада 1-6 критерийлер бойынша жобаға ортақ балл қойылады. 7 және 8 критерийлер бойынша әрбір автор бөлек бағаланады. Авторлардың бірінің жеке үлесі расталмаған жағдайда осы Ережелердің 2.14-тармағында белгіленген шектеу қолданылады. (Формула: команданың қорытынды баллы = 1-6 критерийлер бойынша ортақ балл + (1-автордың 7 және 8-критерийлер бойынша жеке баллы + 2-автордың 7 және 8 критерийлер бойынша жеке баллы) ÷ 2.)
5. Қатысушының рейтингтегі орнына әсер ететін қорытынды баллдар тең болған жағдайда басымдық келесі критерийлер бойынша дәйекті түрде айқындалады:
1) зерттеу әдістерінің сапасы мен деректердің дұрыстығы;
2) авторлық үлес және академиялық адалдықтың сақталуы;
3) қазылар алқасы мүшелерінің сұрақтарына жауаптардың сапасы;
4) жұмыстың практикалық маңызы және қатысушының рефлексиясы.
6. Әрбір секция мен жас санаты бойынша қатысушылардың қорытынды рейтингі жиналған баллдардың кему ретімен қалыптастырылады.
7. Жеңімпаздарды әрбір секция бойынша және жас ерекшеліктеріне қарай бөлінген екі жас категориясы бойынша анықталады:
- 2-4 сынып оқушылары;
- 5-8 сынып оқушылары.
8. Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлері І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және сертификаттармен марапатталады. Жеңімпаздардың саны қатысушылардың жалпы санының секция және жас санаты бойынша 50 пайызын құрайды. Барлық қатысушыларға сертификаттар тапсырылады.
9. Конкурстың қорытындысы бойынша ең жоғары ұпай жинаған, жеңімпаздардың үздік жұмыстары 2-8-сынып оқушыларына арналған «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының конкурсына жіберіледі.
7. Өзге де шарттар
1. Өңірлік команданың жетекшісі немесе қатысушыларды алып жүруге жауапты өзге тұлға жіберуші ұйым басшысының бұйрығымен тағайындалады және қатысушылардың жол жүру барысында және іс-шара өткізілетін кезеңдегі қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Көрсетілген тұлға өз өкілеттігі шегінде және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қатысушылардың өмірі мен денсаулығы үшін жауапты болады.
2. Қатысушылардың дербес деректері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес және ата-анасының немесе заңды өкілдерінің келісімімен өңделеді.
8. Қаржыландыру
1. Іс-шараны қаржыландыру бекітілген сметаға сәйкес жүзеге асырылады.
2. Конкурсқа қатысушылар мен жетекшілердің іссапар шығындары жіберуші жақтың есебінен төленеді.