+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
ОБРАЗОВАТЕЛЬНО-ОЗДОРОВИТЕЛЬНАЯ ПРОГРАММА «DARYN ACTIVE – 2026» организации летнего отдыха, оздоровления и занятости детей в лагере «Дарын» для детей и подростков в возрасте 9-16 лет
9-10 сынып оқушыларына арналған жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» республикалық интеллектуалдық конкурсының облыстық кезеңін өткізу туралы
23 Қыр, 10:05

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы (бұдан әрі – «Дарын» ШҚ ДпҚББДҒӘ) 9-10  сынып оқушыларына арналған жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» республикалық интеллектуалдық  конкурсының облыстық кезеңі (бұдан әрі – Конкурс) өтетінін хабарлайды.

Конкурстың мақсаты – оқушылардың туған өлке мен Қазақстан тарихын зерделеуге қызығушылығын арттыру, зерттеу жүргізу және тарихи дереккөздерді талдау дағдыларын қалыптастыру, отансүйгіштікке және елдің тарихи-мәдени мұрасын құрметтеуге тәрбиелеу.

Назарларыңызға, Конкурстың өткізу Ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін хабарлаймыз. Іріктеу кезеңдері басталғанға дейін Конкурсты өткізуге жауапты тұлғалардың, педагогтер мен қатысушылардың Ереженің өзекті редакциясымен танысуын қамтамасыз етулеріңізді сұраймыз.

Конкурс үш кезеңнен тұрады:

Бірінші кезең – аудандық (қалалық) кезең ағымдағы жылдың 15 қазанында, Астана уақытымен бір мезгілде сағат 10:00-де өткізіледі;

Екінші кезең – облыстық кезең ағымдағы жылдың 22 қазанында;

Үшінші кезең– республикалық кезең ағымдағы жылдың 31 қазаны мен  2 қараша аралығында өткізіледі.

Аудандық (қалалық) кезеңге қатысу үшін оқушылар smart.daryn.kz платформасында 2026 жылғы 12 қазанда сағат 09.00-де бастап, 13 қазан сағат 18:00-де дейін тіркелу қажет.

Конкурс екі айналымда өтеді:

І айналым – Қазақстан тарихы сұрақтары бойынша тестілеу;

ІІ айналым – 4 номинация бойынша:

- «Өлкемнің цифрлік шежіресі» (жеке жоба 1қатысушы, 9 сынып);

- «Бір жәдігер – бір тарих» (жеке немесе командалық жоба (2 оқушыдан артық емес), 9 сынып);

- «Тұлға және дәуір: цифрлық тарихи портрет»  (жеке жоба 1 қатысушы, 10 сынып);

- «Ақылды өлке: болашаққа арналған шешім» (жеке немесе командалық жоба (2 оқушыдан артық емес), 10 сынып).

Аудандық/қалалық білім бөлімдерінің және дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептердің үйлестірушілері 2026 жылдың 5 қазанына дейін жауапты үйлестіруші туралы ақпарат қосымша берілген №2 кестесе сәйкес жіберу керек.

Білім бөлімінің басшылары, мамандандырылған мектеп директорларымен бекітілген Конкурсқа қатысу (Конкурс Ережесінде көрсетілген) туралы сұранысты, 1-2 айналымының жұмыстарын, жасанды интеллект құралдары қолданылған жағдайда ЖИ пайдалану туралы декларацияны, заңды өкілдің дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімін, жұмысты толық немесе ішінара жариялау жоспарланған жағдайда жұмысты пайдалануға жеке жазбаша келісімді  2026 жылдың 16 қазанға дейін vk_daryn@mail.ru мекен-жайына жіберу керек.