+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
ОБРАЗОВАТЕЛЬНО-ОЗДОРОВИТЕЛЬНАЯ ПРОГРАММА «DARYN ACTIVE – 2026» организации летнего отдыха, оздоровления и занятости детей в лагере «Дарын» для детей и подростков в возрасте 9-16 лет
«Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялардың республикалық байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы
06 Мамыр, 17:19

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, 2026 жылғы 30 сәуірде қашықтықтан «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялардың республикалық байқауының облыстық кезеңі өткізілді.

Байқауға облыстың жалпы орта және қосымша білім беру мекемелерінің 10-17 жас аралығындағы оқушылары қатысты.

Байқау 8 номинация бойынша өткізілді:

  1. «Смарт-көлік және электромобилдер» номинациясы;

  2. «Робототехника және автоматтандырылған жүйелер» номинациясы;

  3. «Ауылшаруашылық және агротехнологиялық инновациялар саласындағы техникалық құрастыру» номинациясы;

  4. «Су көлігі және экологиялық технологиялар саласындағы техникалық құрастыру» номинациясы;

  5. «Авиация және дрон-технологиялар саласындағы техникалық құрастыру» номинациясы;

  6. «Космостық және аэрокосмос инновациялары саласындағы техникалық құрастыру» номинациясы;

  7. «Құрылыс және смарт-инфрақұрылымдар саласындағы техникалық құрастыру» номинациясы;

  8. «Үздік инновациялық рационализаторлық ұсыныс» жобасы» номинациясы.

Байқау қорытындысы бойынша 30 қатысушы жүлдегер атанды: І орын – 8, ІІ орын – 10, ІІІ орын – 12.

Жүлдегерлерге дипломдар табысталып, барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.

Облыстық кезеңнің жеңімпаздары байқаудың республикалық кезеңінде Шығыс Қазақстан облысының атынан қатысады.

Дарынды жеңімпаздарымыз бен жүлдегерлерімізді құттықтаймыз!